- •1.2 Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
- •1.3 Тұтынушыларға қызмет көрсету аясының экономикалық өсуге ықпалы
- •Қонақүй-туристік кешеннің (қтк) ұйымдастыру тиімділігі
- •2.1 Қонақ үй туристік кешенінің басқару құрылымы мен сипаттама
- •2.2 Қонақ үй туристік кешенінің әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары
- •2.3 Қонақ үй туристік кешенінің жүйелілігі мен негізгі қозғаушы факторлары
- •3 Қазақстан Республикасының туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- •3.1 Қазақстандағы халықаралық туризмдi дамытуға бағытталған мемлекеттiк саясат
- •3.3 Туризм инфрақұрылымын дамытудың болашақтағы бағыттары
- •3.3 Қонақ үй индустриясындағы басты түсініктер мен анықтамалар
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Альпийская роза
- •Амбассадор
- •Тұйық – Су қақпасы
- •Хаятт Ридженси
- •Шымбұлақ
1.3 Тұтынушыларға қызмет көрсету аясының экономикалық өсуге ықпалы
Қызмет аясының өсу қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалық базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нәтижелерін жетілдіруге әсер ететін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Мұның барлығы қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ және жан-жақты қанағаттандырудың алғы шарты. Қызмет аясының бағдары табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы тұлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс процесінде адамдардың қарым-қатынастарына әсер етуінен байқалады.
Қызметтер аясы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының қалыптасуына әсер етеді. Ол еліміздің материалды, еңбек және қаражат ресурстарын үнемдеуге, жұмыскерлердің бос уақытын ұлғайтуға, олардың еңбегінің шығармашылық мазмұнын толықтыруға, әйелдер мен еркектердің шынайы әлеуметтік теңестігіне қол жеткізуге, қоғам мүшелерінің саяхаттау мен араласу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді және де қоғам мүшелерінің әл-ауқатын көтеруде қомақты маңыздылық алады. Сонымен қатар, рыноктық шаруашылықтану жүйесінде жаңа өндірістік қатынастардың қалыптасуына септігін тигізетіндігін де атап кетеміз. Рухани өсу мен үйлесімді даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтіп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде көрінеді. Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің жиынтығын, даму деңгейін, өндірілетін өнім мен қызметтердің көлемі мен сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін анықтайды.
Экономикалық әдебиеттер мен басылымдарда, халықтың тұрмыс деңгейін анықтайтын екі келіс кездеседі. Солардың біріншісіне сәйкес, тұрмыс деңгейі адамның барлық немесе басым көпшілік қажеттіліктерімен сипатталады, яғни бұл оны кеңейте түсіндіруі. Екінші қадам аталмыш категорияның жинақталған тар анықтамасына сүйендіреді, онда назарға аса маңызды қажеттіліктердің тек шектелген шеңбері ғана алынады, ал тұрмыс деңгейі адамның өмірлік қызметінің барлық жақтарын бейнелейтін әл-ауқатының маңызды құрамасы ретінде сипатталады. Біздің ойымызша, тұрмыс деңгейін кеңейте түсіндіретін тұжырым, оның неғұрлым мәнді жактарын айқындауға кедергі жасайды, сондықтан тұрмыс деңгейін өзіндік, аяқталған категория ретінде қарастыру орынды. Сонымен бірге, қамту
кеңдігімен қатар тұрмыс деңгейін анықтаудағы келістердің ымырашылсыздығы динамикалық аспектіде байқалады. Осыған орай, мақсатты зерттеулер шеңберінде қажеттіліктердің даму деңгейі мен оларды қанағаттандыру дәрежесін анықтау маңыздылығы негізделген болуы мүмкін.
Ал біз өз кезегімізбен, тұрмыс деңгейін адамға қоғамның іскерлі мүшесі болуға мүмкіндік беретін, белгілі бір қажеттіліктер жиынтығының даму деңгейі мен белгілі бір игіліктер арқылы қанағаттандырылу дәрежесі ретінде анықтаймыз.
Жалпы алғанда, қажеттіліктер қоғамның, әлеуметтік топтардың, адам тұлғасының өмірлік қызметін қолдауды және оның табиғи дамуына объективті қажетті мұқтаждықты, бір нәрсенің жетіспеуін білдіреді және де ол белсенділіктің ішкі оятқышы болып келеді. Қажеттіліктердің барлық түрлерінің материалды негізі болады, яғни материалды шығындарды қажет етеді, ал оларды жабу көзі табыс болып табылады. Тұрмыс деңгейіне қатысты табысты, қажеттілік ретінде және қажеттіліктерді қанағаттандыру көзі ретінде де қарастыруға болады. Қоғам қажеттіліктері, ең алдымен қоғамдық өндірістің негізі ретінде көрінетін экономикалық қажеттіліктер, объективті болып келеді. Қоғам және индивидтермен мойындалған қажеттіліктер олардың мүдделері ретінде көрінеді.
Қоғам қажеттілігінің бір бөлігі болып келетін және қанағаттандырылуы үшін қоғамдық ұдайы өндірісті қажет ететін экономикалық қажеттіліктердің пайда болу шарты мен дамуы өндіріспен қалыптасады. Ол өз кезегімен, ұдайы өндіріс қызметінің бағдары ретінде сезілетін экономикалық қажеттіліктердің әсері астында қалады. Экономикалық қажеттіліктердің әлеуметтік байқалу формасы мен қанағаттандырылуы экономикалық жүйе түрімен анықталады.
Тар мағынадағы тұрмыс деңгейін қарастырғанда сөз, әдетте, материалды және маңызды рухани қажеттіліктер жайлы болады. Материалды қажеттіліктерге үйреншікті тамақ, киім, баспана, тұрмыс заттары, денсаулық және де басқаларын жатқызады. Екінші текті қажеттіліктерді анықтау біршама қиындықтар туғызады, олардың қатарына, әдетте, рухани-мәдени дамуды енгізеді. Бірақ та, кейбір қажеттіліктерді қандай да бір нақты разрядқа жатқызуда келеңсіз жағдайлар пайда болып, өз адресіне түсініктеме жасауды қажет етеді. Осылайша, адамның өмірлік қызметінің табиғи да, рухани да негізін құрайтын рекреацияға деген қажеттіліктің өзінің ерекшелігіне қарай, бір жақты руханиға не болмаса материалдыға жатқызылуы орынды болмайды, сондықтан олардың басым табиғи тегін ескеру қажет деп білеміз.
Қажеттіліктер серпінді, өзгермелі, қанағаттандырылғаннын орнына жаңалары, одан да жоғарысы пайда болады, ол әрине тұлғаның түрліше атқарылатын қызметтер аясы мен формаларына жұмылдырылуымен байланысты. Өзінің табиғаты бойынша адамның жеке қажеттіліктері, қоғамдық қажеттіліктер жүйесінде басты орын алады. Ол өз тарапынан белсенді немесе пассивті өмірлік қызметке белгілі әсерін тигізеді. Осыған байланысты, белсенді қызмет әрекеттеріне қатысы жоқ пассивті тұтыну
жолымен индивидумдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруы, олардың жеке қажеттіліктерінің құнсыздануына әкелетіндігін атай кетелік. Керісінше, жеке қажеттіліктер құндылығы белсенді тұрмыс салтын жүргізетін адамдар үшін жоғары болады. Адамдардың жеке қажеттіліктері ұжымның қажеттіліктерімен тығыз байланыста болады.
Игіліктердің бірінші ретті, екінші ретті, үшінші ретті және т.с.с. бөліну иерархиясы, маржинализм теориясында, адамның қоршаған ортасындағы және оның өзін, заттарды, заттар мен өзінің тіршілік ету мақсаттары арасындағы байланысты игеру жағдайларын бейнелейтін, адам қажеттіліктерінің бір деңгейден екіншісіне трансформациялануымен байланыстырылады.
Қажеттіліктердің түрлі деңгейлерінің болуы және оларға қандай-да бір заттар игілігінің сәйкес келуінің орын алуы секілді, қызметтерді де жоғарғы және төменгі тәртіптегі иерархия ретінде қарастыру маңызды болар деп ойлаймыз. Маржинализмнің негізін салушылар, адамның қажеттіліктерін тікелей емес, аралық өте, яғни трансформация (физикалық, уақыт және кеңістікте) арқылы қанағаттандыратын игіліктерді жоғарғы тәртіптегі игіліктер қатарына жатқызған. Дегенмен де, игіліктің субстанционалды иерархиясының өзгеру бағыттылығы индивидтің субъективті бағасы және оның қалауларының жүйесімен анықталатындығын атай кеткеніміз жөн. Сондықтан, игіліктердің бірінші ретті, екінші ретті және үшінші реттілігі жайлы көзқарас бір жақты емес, адамның қоршаған ортадағы жағдайы, оның өзін бағалауы мен даму деңгейіне қарай әрбір субъектілерде әртүрлі болады. Қажеттіліктер динамикасы түрлі факторларды қамтиды, олар игілікті тұтынудың сапасы, санының, түрлілік дәрежесінің анықсыздығының ұлғаюы жағына қарай өзгеруіне әсер етеді.
Қалай да болса, кез-келген қоғамдағы қажеттіліктердің қанағаттандыры-луы ресурстардың шектелуі (сиректігі) мен қажеттіліктердің шексіз болу қарама-қайшылығының шешілуімен байланысты. Экономикалық шектелген өндірістік мүмкіндіктер мен адамдардың шексіз қажеттіліктерін келістіру міндеті кез-келген экономиканың алдында тұрады. Бірақ олар түрлі экономикалық жүйелермен түрліше шешіледі. Жопарлы-орталықтандырылған экономикада ресурстардың шектеулі болуы тотальді тапшылықта байқалады, ал бұл мәселе тікелей мемлекеттік реттеу, тіптен қисынсыз рациондауға дейін баратын жолмен шешіледі. Рынокты экономикада ресурстардың шектеулі болуы өндірушілер мен тұтынушылар қаражатының шектелуінде байқалады да, мұндағы мүмкіндіктер мен қажеттіліктердің келісуі, төлем қабілетті сұраным мен ұсынымның теңдігін қамтамасыз ететін, баға механизмімен жүзеге асырылады.
Өндіргіш күштер дамуының қазіргі кезеңгі заңдылықтарының бірі -өндірістік процестегі жеке тұтыну рөлінің белсенділігі. Түпкі сұранымның негізгі құрамасы бола, халықтың шығындары көбіне экономикалық өсудің динамикасы мен құрылымды параметрлерін анықтайды. Осымен бірге, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық факторларының күрделі кешенінің әсерімен, халықтың
тапсырыстары мен қажеттіліктерінің үздіксіз кеңеюі және жаңартылуы орын алуда және де ол тұтыну шығындарының өзгермелі құрылымында өз бейнесін алады.
Әртүрлі қызметтер мен затты игіліктерге деген сұраным динамикасы әрбір елдің өзіндік ерекшеліктерімен анықталады. Мұнымен қатар, экономистердің еңбектерінде жеке тұтыну қорын сипаттайтын және жалпы даму үстіндегі әлемге тән жалпылама мезеттер сөз етілген. Солардың ішіндегі негізгісі тұтыну қорының сандық және сапалық толықтырылуының жергілікті өндірісті-техникалық база мүмкіндіктерінен алға кетуі нәтижесінде индустриалды дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, оның халық шаруашылық пропорцияларына белсенді әсер етуі.
Ал, түрлі меншік формаларының дамуы базасында еңбекпен толық қамтамасыздығы, еңбектің қауіпсіздігі мен интенсивтілігі тұрғысынан қарағанда еңбек ету үшін жағдайлардың жасалуы, бос уақыттың ұлғайтылуы, қамтамасыз етілген кәрілік, әлеуметтік бағдарланған демократиялық қоғамдағы бірдей еңбек үшін төленетін төлемдегі ерлер мен әйелдердің теңдігі секілді әлеуметтік-экономикалық игіліктер «халық тұтынуы» түсінігімен қамтыла алмайды. Дегенмен де, барлық материалды, рухани және экономикалық, әлеуметтік игіліктер, біздің ойымызша, «тұрмыс деңгейі» түсінігімен біріктірілуі қажет.
Рынок жағдайларында үдей түсетін түбегейлі жанданулар орын алған жағдайларда халықтың тұрмыс деңгейі, әл-ауқаты мәселелері қоғамның назарында. Тұрмыс деңгейі қоғамда тіршілік ететін адамның қажеттіліктерінің дамуы мен қанағаттандырылуы дәрежесін білдіреді және де ол көбіне қызметтер аясының даму деңгейінен байланысты. Дамыған елдердегі қызметтер аясының материалды өндіріс саласына қарағанда үдемелі қарқынмен дамуы осыған дәлел.
Қазірде орын алып отырған, халықтың басым бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендеуін, соған орай оның табыс деңгейі бойынша топтасуының айқын саралануын, рынок жағдайларындағы қажеттіліктердің іске асуының ерекшеліктері ретінде бағалауға болады. Яғни, Қазақстан экономикасының рыноктық трансформациясы жағдайларындағы қажеттіліктердің қалыптасуы мен іске асуының ерекшеліктері табыс деңгейі мен құрылымының өзгеруінде байқалады: бір табыс көзінен (еңбегі бойынша) бірнешеуіне өтуі (еңбек, меншік, трансферттер, кәсіпкерліктен түсетін табыстар). Халықтың табыстары түпкі тұтыну аясындағы тұтыну тауарлары мен қызметтерге деген сұранымды, ал сол арқылы өндіріс масштабтарын, оның құрылымы, пайда мөлшерін анықтайды, оның өзі экономиканың өсуі мен табыстардың ұлғаюындағы қозғаушы фактор болып келеді.
Бүгінгі күні адам қажеттілігінің қалыптасуы мен қанағаттандырылуында еңбекпен қамтылудың әлеуметтік-экономикалық жүйесімен тікелей байланысты еңбекке деген қажеттілік ерекшеленеді. Аталмыш жүйеге қоғамдық өнімді жасау (экономикалық функция); еңбек табысын алуды қамтамасыз ету (табысты функция); еңбекке, мамандарға және қоғамдық ұмтылыстарға деген қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру (қоғамдық
функция) секілді үш функция тән. Бұл функциялар өзара байланысты және өзара тәуелді болғандықтан, оларды қатар жүзеге асыру қажет.
Қазақстандағы қажеттіліктер жүйесіндегі медициналық қызмет, тұрғын үй, білім алу, бос уақытты дұрыс өткізу және т.б. секілді аса маңызды қажеттіліктердің іске асуындағы жағдайлардың нашарлауы ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұнда қала және ауыл халықтарының тұтынуындағы күрделі айырмашылықтардың тұрақтануына көңіл бөлу қажет. Елдегі урбанизация деңгейі төмен болған сайын, оның аграрлы құрылымдары соғұрлым дәстүрлі сипат алады, тіршілікке қажетті игіліктердің, әсіресе қызмет игілігінің салыстырмалы бір қалыпты, кедей және тұрақты таңдауымен ерекшеленетін ауылдық тұтынудың аз диверсификацияланған сипаты айқынырақ көрінеді. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік құрылымының өзгеруі, шаруашылықтанудың рыноктық әдістері, ауыл тұрғындарының қажеттіліктерінің өсуі, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің масштабы мен сапасына жоғарғы талаптарды қояды. Қызмет аясының ауылдағы объектілерінің ұсынатын қызметтерінің деңгейі мен сапаларын қызмет көрсетудің қалалық жүйесімен салыстырсақ, онда әлсіз материалды-техникалық база, жұмыскерлердің біліктілігінің төмендігімен, қызметтердің кедей ассортиментімен шартталған күрделі
айырмашылықтарды көруге болады. Бұл айырмашылықтар ауыл халқының басым бөлігінің ауыл өмірімен қанағаттанбауының негізін құрайды. Сондықтан, қызмет аясын ауылда дамытуды қолға алудың маңыздылығы жоғары.
Тұрмыс деңгейі категориясының көп қырлылығы экономистердің сәйкесінше көрсеткіштер жүйесін зерттеуді қажет етеді. Экономикалық әдебиеттер мен қазіргі статистикада түрлі авторлармен ұсынылған, аталмыш әлеуметтік категорияның жеке аспектілерін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесін талдай отырып, диссертант, мемлекеттің жүргізетін әлеуметтік саясатының тиімділігін анықтаудағы оның жетілдірілген түрінің әлі де келтірілмегендігін қорытындылайды [51]. Халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын сипаттауда пайдаланылатын халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ керсеткіші, өмір сүру ұзақтылығы, табыстарды бөлудегі теңсіздік, үй шаруашылықтарының демалу мен ойын-сауыққа пайдаланатын уақыт және т.с.с. маңызды факторларды бейнелемейді. Талап етілетін жүйе икемді және серпінді, көрсеткіштері бірін-бірі толықтырып, мақсатты бағыттылыққа ие болып, экономикалық процестердің түрлі қырларын жан-жақты бейнелеуі қажет. Біз өз кезегімізбен, халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері жүйесін ұсынамыз(суреті). Негізінен ағымдағы тұтыну халықтың тұрмыс деңгейін сипаттай қоймайды. Қазіргі тұрмыс деңгейінің кез-келген көрсеткіштері халық жағдайының әлі бір қалыпқа келмегендігін білдіреді. Осыған орай, қоғамдық қанағаттандырылатын жеке қажеттіліктерді мемлекет тарапынан реттеу, рынок экономикасының әлеуметті бағдарын басқару қажеттілігі туады. Себебі тап осы мемлекет рөлінің осы процесте өзгеруі тұтыну құрылымының іске асу ерекшеліктерін анықтайды.
Тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
Интегралды
Халықтың жан басына шаққандағы Ж¥Ө (ЖІӨ) және т.б.
Адам әлуетінің даму индексі, тұрмыс деңгейінің индексі
Табыстар, олардың құрылымы мен бөлінуі
- Тамақтану және оның құрылымы
- Баспанамен қамтамасыздық
- Денсаулық
- Білім мен мамандығы
- Бос уақытты өткізу
Сурет 1- Тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі
Тұрмыс деңгейі талдауының кешенді сипаты оның барлық негізгі компоненттерін қарастыру кезінде қамтамасыз етіледі. Тұрмыс деңгейі жалпы үш тұрғыдан қарастырылады:
- өткен жылдар және кезеңдермен салыстыру;
- тұрмыс деңгейінің ғылыми нормаларымен салыстыру;
- басқа мемлекеттермен салыстыру.
Мұнда тұрмыс деңгейінің мәнді компонентерін ерекше бөлу және дамыған елдердегі динамикасымен салыстыру маңызды.
Адамдардың материалды және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттанды-рылуының сапасын (бос уақыттың құрылымы, тамақтану сапасы, қызмет етудің, қоршаған ортаның сапасы және т.б.) көрсететін тұрмыс сапасы тұрмыс деңгейінің толықтай бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл екі көрсеткіш, яғни халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасы -мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижелігінің негізгі көрсеткіштері. Тұрмыс деңгейі негізінен жан басына шаққандағы нақты табыс көрсеткіші арқылы, яғни адам өзінің номиналды табысына сатып ала алатын материалды игіліктер мен қызметтер көлемімен анықталады.. Нақты табыстың өсуі, әдетте, тұрмыс сапасының жақсаруымен жалғасады, ал ол өз кезегімен, әрбір адамның сапалық сипатына оңды.әсер етеді.
Халықтың тұрмыс сапасының зерттеуі шет елдерінде экономикалық саясат пен қоғамдық өмірде пайдаланылады. Айталық, Еуропалық Одақ деңгейінде халықтың тұрмыс сапасын көтерудің үйлестірілген саясаты жүргізіледі. Мысалы, Франциядағы құрылған Тұрмыс сапасы Министрлігінің
атқаратын қызметіне қоршаған орта, қаланы көріктендіру, туризм, спорт және бос уақытты өткізу мәселелерін шешу кіреді.
Адамзат «тұтыну қоғамы» топтарынынан алшақтап, өзіндік арнауын (рөлін) тереңдей сезінуде. Соған байланысты, қамтамасыздандырылған халықтың басым бөлігінің түсінігінде мәдени-адамгершілікті, рухани құндылықтар жүйесі алға қойылатын, тұрмыс жағдайының анықтамасына деген тар материалды келістер артта қалуда. Дж. Хиршляйфердің айтуынша, табиғат, адам, ішінара әлеуметтік әрекеттер жайлы ойлар тіптен шектеулі екендігін экономистер сезінуі қажет, түбінде, жақсы экономика жақсы энтропология, социология, политология және психология болуы шарт.
Жалпы алғанда қоғамды жетілдіру және әрбір жеке тұлғаның жағымды сапасын күшейту, қоғамдағы барлық басты бағыттарды адам мүддесіне қарай шешуді білдіреді. Бұл экономикалық өсудің тежелуіне әкелуі мүмкін, дегенмен де адам сапасын көтеру арқылы жүзеге асырылатын прогресс идеясынан бас тартуды білдірмейді. Осы жағдай экономикалық ғылымның дәстүрлі бағыттарының маңызын төмендетуді білдірмейді, бірақ экономика мен адам туралы ғылымдар синтезіне негізделген адам сапасының өсуінің «үнемді» рухани-материалды қамтамасыздығы жайлы ғылымның, адам экономикасының, яғни жаңа экономикалық ғылымның пайда болуын шарттайды. Адам факторының сапасының - интеллектуалды әлуетінің жақсаруы, әлемдік қоғамдастықтағы еліміздің бәсекелік артықшылығын қамтамасыз етумен байланысты маңызды стратегиялық міндеттер қатарына жатады.
Тұрмыс деңгейі адамның өмірлік қызметінің барлық аспектілерін бейнелейтін әл-ауқатының маңызды құрамасы бола тұра, ауқымды «тұрмыс салты» түсінігінің негізінде орын алады. «Тұрмыс салтының» ғылыми түсінігі осыдан алдын К. Маркс және Ф. Энгельспен өндіріс тәсілдері мен адамдар қызметтерінің сипаты араларындағы өзара байланысты талдау процесінде жан-жақты өңделген. Олар өндіріс тәсілдері тек тұрмысқа қажетті құралдарды өндіру, индивидтердің физикалық тіршілік етуін ғана білдірмейді, сонымен бірге «бұл көбіне - индивидтердің әрекет етуінің белгілі тәсілдері, олардың өмірлік әрекеттерінің белгілі бір түрі , олардың белгілі бір тұрмыс салты. Индивидтердің өмірлік әрекеттері қандай болса, олардың өзі сондай».
Сөйтіп, адамның тұрмыс салты өндіріс тәсілінің табиғатымен анықталады, сондай-ақ, оған өндіріс тәсілі салдарынан пайда болатын қондырма да әсер етеді. Сонымен, адамдардың тұрмыс салты белгілі қоғамдық-экономикалық формацияның өнімі болып табылады. Осыған байланысты, тұрмыс салтының саяси-экономикалық аспектілерін атап өту қажеттілігі туындайды деп білеміз. Олар: өндіріс тәсілімен шартталған адамдардың өмірлік қызметтерінің тәсілі, яғни, қоғамның базисін құрайтын және адамдардың тұрмыс салтын қалыптастыратын экономикалық жағдайлар; барлық қоғам мен жеке тұлғалардың өмірлік қызметтеріндегі түрткіш мотивтер ретіндегі мақсат; адамдардың экономикалық мүдделері, меншікке, еңбекке, бос уақытты пайдалану әдістеріне деген қатынасы.
Тұрмыс салтының экономикалық негізі - бұл .үстем ететін өндірістік қатынастар жүйесі және ең алдымен - меншік қатынастары.
Сөйтіп, «тұрмыс салты» мен «тұрмыс деңгейі» - өзара байланысты, бірақ аралас категориялар емес. «Тұрмыс деңгейі» категориясы тұрмыс салтының экономикалық сипаттамасы негізінде жатыр.
Қоғамдық құрылыс және онымен туындайтын тұрмыс салты, халықтың тұрмыстық игіліктерді тұтыну динамикасы мен әлеуметтік шекарасын, жұмыс және бос уақыт көлемін, еңбек және оған төлем жағдайлары және де басқаларын анықтайды. Бір жағынан, тұрмыс деңгейінің тұрмыс салтына кері ықпал етуі де байқалады, себебі, экономикалық жағы анықтаушы болып табылады.
Тұрмыс салтының қалыптасуындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың (әсіресе, өндіріс әдістерінің) әсері мен олардың маңызын айта келе, қандай-да бір елдегі нақты тұрмыс салтының қалыптасуы аумақты географиялық, табиғи-климаттық факторлармен, сондай-ақ, тарихи жағдайлар мен халықтың тұрмысындағы экономикалық-психологиялық ерекшеліктерімен шартталатындығын ескереміз.
Ендігіде экономистер арасында «тұрмыс жағдайлары» мен «тұрмыс деңгейі» атаулы экономикалық ғылым категорияларыньщ мазмұны жайлы бірдей пікір жоқ.
«Тұрмыс жағдайлары» ұғымына әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, тарихи, демографиялық, мәдени-тұрмыстық, табиғи-климаттық сипаттағы көптеген факторлар енеді. Материалистік көзқарастарға сәйкес, аталмыш факторлар адамның тұрмыс жағдайларын, оның тіршілік ететін ортасын анықтап, қоғам дамуына ықпал етеді. Және де шешуші рөлді, ең алдымен, өндіріс тәсілі, өндіргіш күштердің даму деңгейі және еңбек сипатын қамтитын әлеуметтік-экономикалық факторлар атқарады.
Сонымен, тұрмыс жағдайлары - бұл ең алдымен, осы өндіріс тәсілі мен өндіргіш күштердің даму деңгейі кезінде құрылған, әлеуметтік-экономикалық орта, онда адам, әлеуметтік топтар, халықтардың тіршілік ету процестері пайда болып, дамиды және олардың тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салты қалыптасады. Адамдардың тұрмыс жағдайлары, өндіріс құралдарын меншіктену қатынастары мен сәйкес өндіріс тәсілдері жағдайларында әрекет ететін экономикалық заңдармен де анықталады.
Халықтың тұрмыс жағдайларын зерттеу олардың аймақтық ерекшеліктерін есепке алуды топшылайды. Жағдайлары бойынша түрленген Қазақстан Республикасында, бұл міндеттің маңыздылығы ерекше.
Халықтың тұрмыс жағдайларындағы аймақтық ерекшеліктер, экономикалық әрі бейэкономикалық, оның ішінде табиғй орта, факторлармен шарттасылған. Халықтың тұрмыс жағдайлары, көбінесе, аймақтардағы қоғамдық өндірістің орналасу сипаты, даму және мамандану деңгейінен байланысты, себебі аталмыш көрсеткіштер бірдей болуы мүмкін емес. Бұл еңбекті жұмсау жағдайлары, еңбек сипатына, демек, халықтың тұрмыстық жағдайларына ықпал етеді.
Бүгінгі күні табиғи-климаттық орта өндіріске ғана емес, сонымен қатар, тұтынуға да әсер ететіндігін дәлелдеу қажеттік туғызбайды. Және де жеке елдер, облыстар және тіптен тұрғылықты жерлер арасында орын алатын тұрмыстық жағдайлардағы теңсіздікті мейлінше төмендету мақсатымен шараларды қолданғанымен, оларды толықтай жою мүмкін емес екендігін ескеру қажет. Халықтың тұрмыстық жағдайларындағы аймактық ерекшеліктер сипатын айқындау, осы ерекшеліктерді қандай жолдармен қысқартуға болады және солайша, шаруашылықтанудың рыноктық реформаларын қүру жағдайларында осы маңызды мәселені шешу жолдарын қалайша белгілеу қажет екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
Қызметтер аясы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір мүшелері үшін жағымды жағдайлар жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап ететін аясы болып қала бермек. Халық өзінің бос уақытын өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық мекемелерді аралауға, балаларды күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды. Қызметтер аясының тұрмыс салтын қалыптастыру тұрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер аясының өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға, оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына әсер етуімен толықтырыла түседі. Қызметтер аясындағы жұмыскердің өндірістік өмірлік қызметі, оның кәсіби дайындық дәрежесімен, қоғамдық-саяси даму деңгейімен, біліктілікті үнемі жоғарылату мен өндірісті жетілдіру жайлы пәруай таныту секілділермен снпатталуы қажет. Жоғары білікті мамандардың, қызметті тұтынушылардың жеке тілектерін ескере, тапсырысты дұрыс қабылдау, еңбек пен қызмет көрсетуді ғылыми түрде ұйымдастыру және т.с.с. әрекеттерді қамтитын жоғары мәдени деңгейлі қылықты танытулары бүгінгі күн талабы. Мұнда, рынокты экономикамен қалыптасатын тұрмыс салты, айқын байқалатын еңбек сипатына ие, яғни бұл қоғамның әрбір еңбекке қабілетті мүшесі үшін міндетті тұрмыстың еңбекті кейпі деп тұжырым жасай аламыз.
Үй шаруасын жүргізудегі уақыт шығынын қысқарта, адамды тартымсыз және еңбек сыйымды жұмысты орындаудан босата, қызметтер аясы адамдардың бос уақытының шегін кеңейте отырып, олардың рухани және табиғи дамуына септігін тигізеді. Әсіресе әйелдердің, үй жұмысынан қолы босауы есебінен балаларға көп көңіл бөліп, тәрбиесі мен мәдени дамуында өз орнын алуынан, бос уақытының ұлғаюының әлеуметтік маңызын көреміз. Сөйтіп, қызметтер аясы уақыттың үнемделуі мен оның рационалды пайдалануына атсалысады.
Бос уақыттың әсерін бір жағынан экономикалық өсу факторы ретінде қарастыруға болса, екінші жағынан - бұл бос уақыт пен жұмыс уақытының тығыз ара-қатынасында байқалатын уақытты үнемдеу заңының әрекет ету механизмінің көрінуі. Саяси экономикалық аспектіде аталмыш ара-қатынас жұмыс уақытының азаюы, бос уақыттың ұлғаюына негіз құрайтынында көрінеді. Бос уақыттың ұлғаюы жұмыскер біліктілігін жоғарылатуға
жағымды жағдайлар орнатса, олардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы еңбек ауысуының экономикалық заңының толық жүзеге асуының бірде-бір себебі болады, ал оның негізінде қоғамдық уақыттың барлық құрама бөліктерін тиімді пайдалануға әбден болады.
Қазіргі тәжірибе, экономикалық талдау және социологиялық зерттеулер көз жеткізіп отырғандай, бос уақыттың байқалу түрлерінің енжарлығы көптеген субъективті және объективті себептермен түсіндіріледі.
Бос уақыт бүгінде әлі де болса толықтай адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ете алмай отырғандығы, оның ұзақтылығының артуына әкеледі. Бос уақыт ұзақтылығының артуын, қазіргі уақытта байқалатын адам тапсырыстарының түрлілігі мен кеңеюі, индустриалды әлемнің даму қарқыны талап етіп отыр. Бос уақыт адамның қабілеттерінің, шығармашылығының, өзін көрсете білуінің дамуындағы мықты құралына айналу үшін, оның құрамында әрекеттердің күрделі және белсенді формаларының (өзінің білімін өз бетінше жетілдіру, шығармашылықпен, спортпен айналысу және т.с.с.) үлес салмағы күрт артуы қажет.
Бос уақытты пайдалану тиімділігі, қызметтер аясы салаларының жұмысын жақсарту есебінен жоғарылайды және де ол күрделі формаларымен қанығып, басқа қызметтер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет, жолаушылар көлігі секілді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының үлғаюына септігін тигізсе, онда туристік қызмет секілді түрлері оны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді және белсенді демалыс жанұядағы міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен бірге, некелік-жанұя қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос уақытын мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше тиімдірек пайдалануға үйрету, қызметтер аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Адамның білім және мәдениет деңгейі, денсаулығының жағдайы тікелей оның алатын табысына әсер етуі тағы да бар. Оған қоса, денсаулығы, білімі, кәсіби дайындығы стандарттарынан жұмысшы күшінің сапасы тікелей және де сәйкесінше, жинақталған өндіріс қорларын пайдалану интенсивтілігі мен тиімділігі, экономикалық өсудің қарқыны, өндірістің материалды-техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір дәрежеде байланыстылықта болады.
Қызметтер аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды көзі болып табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет. Шын мәнісінде, қондырма базисінің кез-келген маңызды элементі, қандай-да бір өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар механизмі арқылы қызметтер аясымен белсенді әрекеттеседі.
Сөйтіп, қызмет және оның түрлілігі сан жағынан, сапа жағынан көпшілік халықтың әл-ауқатына әсер ете отырып, адам факторының белсендеуінің қуатты тұтқасы бола, экономикалық өсу процесіне жан-жақты әсер етеді.
