- •1. Гендік терапия
- •1.3. Гендік терапияның принциптері
- •1.4. Онкологиялық аурулардың гендік терапиясы
- •1.5. Тұқымқуалаған аурулардың диагностикасы мен гендік терапиясы
- •1.6. Тұқым қуаламаған аурулардың гендік терапиясы
- •1.7. «Адам геномы» бағдарламасы
- •2. Клеткалық терапия
- •2.1. Клеткалық терапияның тарихы
- •Алмастыратын ағазатерапияның белгілі хирургиялық тәсілдердің бірі ағзалар, тіндер, клеткалар, клеткаішілік құрылымдар және олардың компартменттердің трансплантациясы (сур. 8).
- •2.2. Дін клеткалары, алу технологиялары және қолдануы
- •3. Биосенсорлар мен биочиптер
- •3.1. Биосенсорлар, құрылысы және қолдануы
- •3.2. Гельді биочиптер
- •3.3. Днқ биочиптері
- •4. Наномедицина
- •4.1. Нанобөлшектер
- •4.2. Медициналық диагностикадағы нанобөлшектер
- •4.3. Дәрілерді қажетті орнына жеткізу
- •4.4. Нанодәрілер
- •4.5. Жаңа нанобиотехнологиялар
- •5. Адамның рекомбинантты
- •5.1. Рекомбинантты нәруыздар
- •5.2. Инсулин, бөліп алу технологиясы
- •5.3. Адамның өсу гормоны, бөліп алу технологиясы
- •5.4. Интерферондар
- •5.5. Интерлейкиндер. Эритропоэтин
- •5.6. Өсімдіктерде экспрессияланатын рекомбинантты нәруыздар
- •5.7. Сүтқоректілер клеткаларында экспрессиялайтын рекомбинантты ақуыздары
- •6. Диагностика және терапиядағы моноклонды антиденелер
- •6.1. Антиденелердің сипаттамасы
- •6.2. Антиденелерді бөліп алу технологиялары
- •6.3. Терапиялық антиденелер
- •6.4. Диагностикалық антиденелер
- •7. Ферменттер
- •7.1. Ферменттердің сипаттамасы
- •7.2. Ферменттерді алу технологиясы
- •7.3. Медицинада ферменттердің қолданылуы
- •8. Антибиотиктер
- •8.1. Антибиотиктер сипаттамасы
- •8.2. Микроорганизмдер түзетін антибиотиктер биосинтезінің метаболизм жолдары
- •8.3. Микроорганизмдер - антибиотиктердің өндірушілері
- •8.4. Антибиотиктер өндірушілердің селекциясы
- •8.5. Антибиотиктердің микробиологиялық синтезі
- •8.6. Пенициллиндер
- •8.9. Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер
- •9. Вакциналар
- •9.1. Вакциналардың сипаттамасы
- •9.2. Вакциналар алу технологиясы
Алмастыратын ағазатерапияның белгілі хирургиялық тәсілдердің бірі ағзалар, тіндер, клеткалар, клеткаішілік құрылымдар және олардың компартменттердің трансплантациясы (сур. 8).
Трансплантация |
|||
ағзалар алмастыру |
тіндер алмастыру |
клеткаларды алмастыру |
клетка компонеттерін алмастыру |
жүрек |
Тері |
Сүйек кемігі |
Ядро құрылымы |
Жүрек-өкпе комплексі |
Тері қосалқылары |
Сүйек тіні |
Цитоплазма |
өкпе |
Көзбұршақ |
Гипофиз |
Клетка мембрана фрагменттері |
өкпе бөліктері |
Сүйек тіндері |
Гипоталамус |
Митохондрий |
Бауыр |
Бұлшықет тіндері |
Ұйқыбезі |
Рибосмомалар |
Бауыр бөліктері |
Сүйек кемігі |
Айырша безі |
Трансмембраналық құрылымдар |
Бүйрек |
Қалқанша без |
Көкбауыр |
Гендер және олардың фрагменттері |
гипофиз |
Қалқанша маны безі |
Бауыр |
Эндоплазматикалық тор |
Гонадалар |
Сүр қабаты |
Репродукция ағзалары |
Информациялық РНҚ |
Ұйқыбезі |
Бүйрекүсті безі |
Бұлшықет тіні |
|
Ішек |
Репродукция ағзалары |
Нерв тіні |
|
Ішек фрагменттері |
Гипофиз |
Қан |
|
өнеш |
Гипоталамус |
Тері |
|
өнеш фрагменттері |
қантамырлар |
Бластула |
|
Гипоталамус-гипофиздік комплекс |
|
Дін клеткалары |
|
Сурет 8. Трансплантация әдістерінің жіктелуі (Лубяко А.А., 2004)
Тіндік терапияға плацента сорғысы, тіндік клеткалар суспензия, өсімдіктер экстрактілер және т.б. қолданған атақты ғалым-офтальмолог Филатов В.П. нұсқаулары:
1. Биогенді стимуляторлар (модуляторлар) қолайсыз жағдайда (төменгі температура, қараңғылау, сәулену және т.б.) организмнің тірі тіндерінде бөлініп жинақталады, яғни қолайсыз жағдайда осы тіндерді тіршілігін жалғастыруға белсендіреді.
2. Егер өсімдіктер мен жануарлардың қартайған тіндерінен биологиялық активті заттарды бөліп алып адам организміне енгізген кейін олар тіршілік процестерін белсендіреді. Организмде зат алмасуын күшейтіп олар организмнің физиологиялық қызметтерін белсендіреді. Осылай олар патогенез факторларына қарсы түруды және регенеративті қасиеттерін күшейтеді, нәтижесінде адам сауығады.
3. Биогенді стимуляторларға (модуляторлар) нәруыздар, гормондар немесе ферменттер жатпайды; 120 градусқа дейін қыздырғанда белсенділігін сақтайды, суда ериді, судың буында айыруға болады.
4. Әсері универсальды. Биогенді стимуляторлар (модуляторлар) бүкіл организмге әсер ету диапазоны кең, сондықтан барлық ауруда қолдануға болады. Табиғаты инфекциялық (бактериялық және вирустық) және инфекциялық емес қабыну процестерде, дегенеративті процестерде, эндокринді бұзылыстарды, өсу процестерінде, регенерацияда және т.б. тіндік терапия тиімді.
5. Тіндік терапия барлық дәрілік препараттармен үйлеседі (диабеттегі инсулинмен, гормонмен, антибиотиктермен, кортизонмен, пенициллинмен және т.б.) және соңғылардың әсерін жоғарлатады.
Клеткалық терапияның мақсаты: қызметін атқармайтын немесе дефектті тіндерді немесе клеткалар популяциясын ауыстыру; организмнің өзінің прогениторлық клеткаларын белсендіру және репаративті регенерацияны күшейту; дәрілерді, гендік конструкцияларды және биомолекулаларды қажетті мекен орнына жеткізу.
Клеткалық терапия келесі кезеңдерден құралған:
- организмнің тіндерінен клеткаларды бөліп алу;
- ex vivo-да тазарту, фракциялау, дақылдану, ген-модификация және т.б.;
- организмге клеткаларды трансплантациялау.
Клетканың табиғаты және шығу тегі бойынша клеткалық терапияны ажыратады:
- аутогенді (пациенттің өзінің клеткасын трансплантациялау);
- аллогенді (донор клеткаларын басқа адамдарға трансплантациялау);
- ксеногенді (жануарлар клеткаларын трансплантациялау).
Ауыстырып отырғызу тіннің аздаған кесіндісі немесе клеткалық суспензия немесе клетка дақылдары түрінде жүргізіледі. Бірінші жағдайда (аутогенді трансплантация) ауыстырылған құрылымдардың еніп кетуі аса жоғары деңгейде өтеді, дегенмен, иесі тіндері арасында дәнекер-тіндік тосқауыл пайда болғандықтан оған интеграциялануы қиынға соғады. Екінші жағдайда, ауыстырылған клеткалар еніп кетуі біріншіге қарағанда төмен, бірақ, иесі тіндеріне максималды интеграция жүреді, себебі клеткалық трансплантат-реципиент тіні шекарасындағы дәнекер тіні жоқ деп айтуға болады. Үшінші жағдайда қалыптасқан клетка аралық байланыстар бұзылады, нәтижесінде көптеген клеткалар бұзылып жойылады.
Гендік-клеткалық терапия (гендік терапия) клеткаға экспрессия жасау қабілеті бар және организмге қажетті нәруызды өндіруге бағытталған функциональды генді пациенттің тініне немесе клеткасына енгізуді қарастырады. Гендік-клеткалық терапия технологиясы бойынша (терапиялық генді тасымалдайтын гендік конструкция ендіру) ex vivo клетка дақылына және in vivo организмнің өзіне енгізуге болады.
Гендік-клеткалық технология ex vivo-да: алдымен трансплантацияға қажетті клетка дақылын бөліп алады, кейін нақты қажетті функциялық генді тасымалдайтын вектор көмегімен осы дақылды трансфекциялайды және қорытынды кезеңде пациент организміне модификацияланған клетканың трансплантациясын жасайды. Мысалы, нерв жүйесі патологиясында енгізген гендердің негізгі екі тобы қолданылады. Нейродегенеративті аурулар емдеуіне нейромедиаторлар синтезіне әсер ететін фермент гені немесе өсу факторы генің тасымалдайтын гендік конструкциялар ендіріледі. Ал дофамин синтезі жетіспеуін компенсациялау үшін тирозингидроксилаза гені ендіріледі.
Гендік-клеткалық терапия in vivo-да: терапиялық генді тасымалдайтын гендік конструкцияларды тікелей организмге енгізуді эксперименттік ізденістерде қарастырылып, сынақтар жүргізуде іске асырылады.
Клеткалық терапия негізінде полипотентті және жоғары пролиферативті белсенді қасиетке ие ұрықтың дін клеткалары (ҰДК), гемопоэтикалық дін клеткалары (ГДК) қолдануы жатады.
Гендік модификацияланған ГДК трансплантация туралы сынақтары 1990 жылдар басында басталған болатын, клиникалық сынаққа бүкіл әлемнен 1000 астам өз еркімен адамдар қатысты. Айта кету керек, 2000 жылы Францияда сынаққа қатысқандар ішінен үшеуі лейкемиямен ауырды. Қазіргі уақытта модификацияланған ГДК көмегімен емдеу тек аутологиялық клеткаларымен жүргізіледі, яғни пациенттің өзінен алынған дін клеткалары қолданылады.
