- •Инвеститциялық жобалардың тиімділігі
- •1. Инвеститциялық жобалаудың негізі
- •1.1. Инвеститциялық жобалардың түрлері
- •1.2. Инвеститциялық жобаның циклдері
- •1.3. Инвеститциялық жобалардың критерийлері
- •2. Инвестициялық жобалардың тиімділігі
- •2.1. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау қағидалары және талдау
- •2.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.1. Инвеститциялық жобалардың түрлері
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:
Қондырғыларды ауыстыру. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жал-ғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жоба-лар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуі-нің басымдылығын дәлелдей керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
Шығындарды азайту. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондыр-ғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйт-кені техникалық мағынада неғұрлым тиімді бола бермейді.
Қызмет көрсету нарығын кеңейту. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқарма-сының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жоба-ның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
Кәсіпорынды кеңейту. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате кәсіпорын-ды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн.
Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Эколо-гиялық жүгі бар жобалар өздерінің байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
Маңыздылығы аса жоғары емес жобалар. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
1.2. Инвеститциялық жобаның циклдері
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
Жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоға-ры құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіп-орынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі биз-нес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндет-терін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты ербір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.
Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткен-нен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыт-тарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институ-ционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпарат-тарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өң-деу алуға және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сарап-тамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде бе-делді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралда-рының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдай-ларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жоба-ның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткі-ліктігін тексеру және инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтары-лымдарын қамтамасыздандыру.
Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
