- •1 Бөлім. Әлеуметтік психологияның әдіснамалық негіздері.
- •1 Тақырып. Әлеуметтік психологияның пәні, оның адам және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.
- •Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістер
- •3. Әлеуметтік психологияның ғылым ретінде қызметтері Әлеуметтік психология пәні
- •Әлеуметгік психологияның салалары
- •2 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы. Жоспары:
- •3 Тақырып. Қазіргі әлеуметтік психологияның негізгі теориялық бағыттары. Жоспары:
- •4 Тақырып. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Жоспары:
- •5 Тақырып. Тұлға - әлеуметтік психологиялық зерттеудің пәні ретінде.
- •2 Бөлім. Тұлғаның әлеуметтік психологиясы.
- •6 Тақырып. Әлеуметтанудың әлеуметтік – психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •К.Юнг бойынша тұлга тұжырымдамасы.
- •Гумаиистік психология тұрғысында тұлғаны тану к.Роджерстің феноменологиялық геориясы.
- •А.Маслоу бойынша тұлға теориясы
- •Нежати Демир. Фелсафи дүниясы, 2004-2, саны-40, бет-77-93
- •7 Тақырып. Тұлғаның әлеуметтік мінез – құлқын реттеудің психологиялық механизмдері. Жоспары:
- •Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
- •3 Бөлім. Қарым – қатынастың әлеуметтік психологиясы.
- •8 Тақырып. Қарым – қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ретінде. Жоспары:
- •Адамдар қарым-қатынасының жалпы сипаты, психологиялық заңдылықтары.
- •Қарым-қатынас қызметтері (функциялары):
- •4. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері.
- •Манипуляторлар мен актуализаторлар тұлғасының белгілері
- •Актуализаторлар түрлері:
- •Қарым – қатынас процесіндегі этномәдениеттік өзгешеліктер.
- •Тұлғааралық қарым – қатынас
- •2.Қарым – қатынастың синтоникалық моделі.
- •Репрезентативті жүйенің түрлері:
- •Жоспары:
- •Коммуникативті кедергі туралы ұғым.
- •3. Коммуникативті үрдістегі әсерлер (ықпалдау)
- •Жоспары:
- •Қатынас үрдісіндегі хабар алмасудың деңгейлері.
- •Жоспары:
- •Қарым -қатынас барысында өзара түсінісу механизмдері.
- •12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
- •3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
- •4.Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы
- •13 Тақырып. Жеке адам аралық кикілжің және оны шешудің тәсілдері. Жоспары:
- •4 Бөлім. Шағын топтың әлеуметтік психологиясы.
- •14 Тақырып. Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Жоспары:
- •15 Тақырып. Тұлға және топ. Жоспары:
- •Тұлғаның асоциализациялануы, десоциализациялануы және ресоциализациялануы
- •16 Тақырып. Шағын топтың генезисі мен дамуы. Жоспары:
- •17 Тақырып. Шағын топта қалыптасқан өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Жоспары:
- •18 Тақырып. Топаралық қатынас психологиясы. Жоспары:
- •19 Тақырып. Үлкен әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттамалары. Жоспары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
12 Тақырып. Қарым – қатынастың интерактивті жағы: тұлғааарлық өзара әрекеттестік. Жоспары:
Тұлғааралық өзаара әрекеттестік (интеракция) әлеуметтік – психологиялық зерттеу пәні ретінде.
«Диадалық өзара әрекеттестік» теориясы. Тұлғаралық өзара әрекеттестіктің түрлері ретінде.
3. Бірлескен іс-әрекет құрылымындағы өара әрекеттестік. Жалпы мақсат топаралық өзара әрекеттестік факторы ретінде.
4. Өзара әрекеттестікті зерттеудегі теориялық ойындық үлгілерінің мүмкіндіктері мен шектеулері.
5. Өзара әрекеттестікті зерттеудің аппараттық әдістері.
Қарым - қатынасдың интеракциялық жағы - бұл адамдардың қарым-қатынасының белсенді жағын білдіретін шартты ұғым.
Қарым - қатынас барысында адамдар ақпарат алмасып қана, өзара түсінісіп қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, қимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын анықтайды. Бұл әрекетке бір сәтте көп адамдардың қатынасуы әркім өзінің үлесін қосуын талап етеді. Бірлескен әрекетте білім және идеялармен алмасу жеткіліксіз, жалпы әрекетті ұйымдастыру, оны жоспарлау да аса маңызды. Ұйымдастыру мен жоспарлауда жеке адам басында пісіп жетілген ойлардың басқаларды әрекетке жұмылдырудағы ролі зор.
Ендеше, сөз болатын жайт қарым - қатынас серіктерінің ішкі мақсаттары, қарым - қатынасга қай мотивпен қатысатыны, әрекеттің түрлерін таңдағанда қандай мотивті қолданатыны.
3. Жеке адамдар әрекеттестіктері стратегиясының сипаттамасы
Өзара әрекет жасағанда адамдар әртүрлі мотивтерді мақсат тұтады. Солардың ішіндегі маныздылары:
кооперация, жалпы ұтысты көбейту,
индивидуализм, өз ұтысын көбейту,
конкуренция, салыстырмалы ұтысты көбейту,
альтруизм, өзгенің ұтысын көбейту,
афессия, өзгенің ұтысын азайту,
тепетеңдік, ұтыстардың айырмашылықтарын азайту.
Осы кестеге әлеуметтік өзара ерекетке түрткі болатын мотивтің барлыған енгізе
аламыз. Қарым - қатынасдың құралдары, нәтижелері, адамдардың қатынастары қатысушылардың мотивтерінің сипатына тәуелді.
Мақсатына қарай тиімді және тиімсіз қарым - қатынасды ажыратуға болады. Адамдардың мақсаттары сәйкес келген жағдайда қарым - қатынас нәтижелі болмақ (кооперация). Ең ұтымсыз мотивтер индивидуализм және агрессия, қарым - қатынас серігінің қызығушылығы мүлдем назарға алынбағандықтан оның да қорғану стратегиялары қоздырылады.
Қарым - қатынасға қатысушылардың бастапқы әлеуметтік мотивтеріне қарай олардың өзара әрекеттесу барысындағы бес негізгі стратегиясын белгілеуге болады.
Қарсыласу стратегиясы, өз ұтысын көбейту мотивінс сәйкес. Адам тек қана өзінің мақсатына бағытталып, өзгенің мақсатын есепке алмайды. "Саған емес, маған".
Қашу стратегиясы, өзгенің ұтысын азайту мотивіне сәйкес. Шынайы өзара әрекеттен қашу, байланыстан бой тарту, өзгенің ұтысын азайту үшін өзінің де мақсатына жетпеу. "Саған де емес, маған да емес".
Жол беру стратегиясы, өзгенің ұтысын көбейту мотивіне сәйкес. Қарым - қатынас серігі мақсатына жетуі үшін өз мақсатын кұрбандыққа салу. "Саған, маған емес".
Компромисс стратегиясы, ұтыстардың айырмашылықтарын азайту мотивін жүзеге асырады. Шартты теңдік үшін қарым - қатынас серіктері өз мақсаттарына толық жетгпейді. "Саған қанша болса, маған да сонша".
Ынтамақтастық стратегиясы, кооперация мен бәсекелестік мотивтерін жүзеге асырады. Бірлескен әрекетке қатысушылардың әлеуметтік қажеттіліктерін толыққанды өтеу. "Барлығы саған да, маған да".
Соңғы аталған стратегия өзара әрекеттің тиімділігі, қатысушылардың көңіл-күйі мен өзара қатынастары жағынан ең нәтижелі болып келеді. Сонымен қатар, бұл стратегия орындалуы жағынан ең қиыны. Ол қатысушылардан психологиялық біліктілікті, ұнамды психологиялық жағдайды, өзара түсінушілікті, өзгенің ниеттеріне құрметті талап етеді. Адамдарды ынтымақтастық тәртіпке үйретудің ең тиімді жолы - әлеуметтік-психологиялық машықтар (тренингтер).
Ынтымақтастық педагоггық ықпал етудің де тиімді стратегиясы. Бұл жағдайда мұғалім баланы білім алуда өз мақсаты бар адам ретінде қарастырады. Өз мақсатынан бас тартпай тұрып мұғалім баланың тұлғасын зорламай, бағындырмай, өз мақсатына баулап алғаны жөн. Ынтымақтастық стратегиясы ұстаздың сөзінен де, іс-әрекетінен де, ым-ишарасынан да көрініп тұруы керек. Шәкіртке сұрақ қойғанда, жауап алғанда, өз сезімдерін білдіргенде мұғалімнің ішкі ұстанымы - шәкірттің көзқарастарын, тілектерін құрметпен қабылдауы айдан анық болуы шарт.
