- •Түркістан 2013
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның тарихи даму кезеңдері.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологияның дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
- •3. Педалогияға сын.
- •4. А.С.Макаренко және педагогикалық психология.
- •5. Л.С.Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясы.
- •6. Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары.
- •1. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні.
- •2. Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясының зерттеу әдістері.
- •Жас ерекшелігі және педагогикалық психологиясы пәні, оның міндеттері мен зерттеу әдістері.
- •Іі бөлім. Психикалық даму және оқыту.
- •Балалар психикасы дамуының жалпы мәселелері.
- •Психикалық даму туралы ұғым.
- •2. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына тигізетін әсері.
- •3. Психикалық даму және оқыту.
- •4. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.
- •5. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.
- •2. Нәресте жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •5 Лекция. Мектеп жасына дейінгі бала дамуының психикалық ерекшеліктері.
- •Мектепке дейінгі баланың жалпы сипаттамасы.
- •Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері.
- •Мектепке дейінгі балалық шақтағы сенсорлық даму.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы.
- •5. Мектепке дейінгінің жеке басының қалыптасуы және үлкендермен қарым-қатынасы.
- •6 Лекция. Баланы мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепте оқытуға психологиялық даярлықты қалыптастыру.
- •Мектепке кіруге дайындық.
- •Мектеп жасындағы кезең.
- •7 Лекция Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Кіші оқушының психологиялық сипаты.
- •Кіші оқушының анатомия-физиологиялық дамуы.
- •3. Кіші оқушының оқу және ойын әрекеттері.
- •Кіші оқушының таным процестері.
- •6. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін қиыншылықтардың негізгі түрлері.
- •8 Лекция. Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
- •Жеткіншек психикасының дамуының өзіндік сипаты.
- •Жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы.
- •Жеткіншектің «Мен« деген қасиетінің және үлкендермен байланысы.
- •Жеткіншектің құрбыларымен қатынасы.
- •5. Жеткіншектің оқуы және таным процестерінің дамуы.
- •9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
- •1. Ересек жасының жалпы сипаты.
- •2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
- •3. Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
- •4. Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
- •5. Ересектің мамандықты таңдауы.
9 Лекция. Ересек жастағылардың психикалық дамуы.
Ересек жасының жалпы сипаты.
Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
Ұлдар мен қыздардың өзара қатынасы.
Ересектің оқу үстіндегі ақыл-ойы мен рефлексивтік процестерінің қалыптасуы.
Ересектің мамандықты таңдауы.
1. Ересек жасының жалпы сипаты.
Біз 16-18 жастың арасын “ересек” деп атасақ та осылар қазіргі кезде үлкендермен салыстырғанда, түгелдей тең келеді деуге болмайды. Себебі ересек деп отырғанымыз жеткіншектен едәуір басым келгенімен, әлі де бала мен үлкендердің екі арасында. Тіпті студент жасындағылардың көбі қазір де ата-анасының мойнында. Сондықтан, біз тек материалдық жағын айтып отырған жоқпыз. Есею жөнінде әңгіме етіп отырмыз. Есею деген түсінікке тек дене күші не ақыл-ой байлығы ғана жатпайды, бұған жасөспірімнің өзгелермен қатынасының тиісті мөлшерде болуы, қиын жағдайда өздігінен шешімге келе алуы, қиыншылықтардан бас тартпауы т.б. жатады. Бұл қасиеттер әлеумет ортасының жемісі.
Егер жеткіншек кезінде жолдас-жораларымен ойнап, берілген тапсырманы ұмытып кеткені кездессе, ересек кезінде оқуға салмақты қарап, келешекте қандай мамандыққа ие болғысы келетіні туралы ойлана бастайды. Осының нәтижесінде оқуға ықыласы бұрынғысынан көп өзгереді. Жақсы оқымаса, кейін қалаған оқу орындарына түсе алмайтынын сезіп, осының салдарынан сабақтың көпшілігінен тапсырманы ойдағыдай орындауға тырысады. Сонымен қатар ересектің ақыл-ой қабілеті едәуір дамып, өзінің пікірін дәлелдеу, не өзінің ісіне талдау жасау қабілеті (рефлексиясы) қалыптаса бастайды.
Ересек жасындағылардың негізгі әрекеті оқу мен еңбек, бұлар еңбектің неше түрлерімен, соның ішінде мектептің жұмысымен айналысады.
Ересектердің басым көпшілігі 10 жылдық мектепте оқыса, олардың кейбіреулері техникумдер мен колледждерде оқиды. Жоғары оқу орнында оқитын ересектің есеюі орта мектептегілерге қарағанда шамалы алда келеді. Себебі мұнда оқитындардың мақсаты негізінде тиісті мамандыққа ие болу. Үнемі осы жөнінде ойланып, өз бетімен туған-туысқандардың көмегінсіз өмір сүріп, құрбыларының алдында тиісті орын алғысы келеді.
Ересек оқушының жеткіншек жастағыларға қарағанда жауапкершілігі үлғаяды.
Ересектердің денесінің дамуына келсек, жеткіншек жасындағыдай бойының тез өсуі тоқтала бастайды. Әсіресе бойының өсуі тоқталады, бірақ кеудесі, қолы мен аяғының бұлшық еттері, шеміршектері, мойны т.б. азды-көпті әлі өсетін болады. Қыздардың бойы 17 жасқа, ұлдар 18 жасқа дейін өседі.
Ересектердің физиологиялық даму жағынан пісуін алсақ, ол тиісті органдарда әртүрлі. Ересек жасына орай психиканың дамуында кездесетін ерекшеліктер (не болса соған ашулану, күйіп-пісу т.б.) баланың жыныс процесінің пісуімен байланыстыратынын біз ілгеріде ескерттік.
Баланың психикалық дамуы оның тек жасына сай келмейді. Әр қоғам дамуының оған қоятын талабына да байланысты.
2. Ересектің азаматтылығы және “Мен” дейтін қасиеті. Үнсіз айтыс.
“Азамат” деген терминнің психология ғылымындағы өзіндік сипаты ерекше мағынада айтылады. Мысалы, психикасы жағынан мүгедектерді не өз беттілігі жоқ жағмпаз адамды психологтар “личность” деген ұғымға жатқызбайды, сондықтан осы ұғымның баламасын біз “азамат” деп алып, осы мағынаға өзбеттілігі бар, біреудің нұсқауынсыз өздігінен шешімге келетін адамды жатқызамыз.
Азамат дегеніміз қоғам қатынасының жемісі. Осылай деп анықтама беру азамат қасиеттері (мақсат қуалаушылық, ардың болуы, өзгелердің мүдесімен санасу, қиыншылықтан бас тартпау, берген уәдесінде тұру т.б.) баланың есею өміріндегі әлеуметтік қатынастың жемісі.
“Азамат” деген ұғымды көбіне жекелік не сол адамның екінші рет қайталанбайтынымен де байланыстырады. Шынында, әр адамның, соның ішінде ересектің де өз басына тән ерекшелігі, жеке, өзіне тән қасиеттері бар. Жекелік деп отырғанымыз оның өзіне тән мінезі мен ерік-жігері, атқаратын істері т.б.
Азаматтақ қасиетке ересектің тек өзі жөнінде ойланып қоймай, өзгелердің, ұжымның мүддесі мен қамын ойлай білуі де жатады. Егер тәрбие жұмысының нашарлығынан жеткіншек тек өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қоятын болса, мұндай оқушыны азамат қатарына жатқызуға болмайды.
Азаматтық қасиеттің тағы бір белгісі - ересектердің мінез-құлқының, ісінің моральдық мөлшерге дәл келуі. Мораль деген сөздің тікелей мәнісі, “ұят” не “ар” деген мағынаны білдіреді. Егер бала жастайынан арлы болып, өзінің жеке басын көпшілік алдында көрсетіп, ойы мен пікірінің дұрыс екенін дәлелдей алса, осының өзі азамат дәрежесіне жеткенінің белгісі.
Азаматтық қасиеттің ең бір көзге түсетін түрі - ересектің өзбеттілік қасиеті. Бұл қасиетке ұмтылу жеткіншек жасында кеңінен өріс алып, ересек жасында онан әрі қалыптасады. Өзбеттілік бала өзінің ісін бағалап, кім екенін ажырату үстінде өріс алады.
Қиыншылықтан бас тартпау қасиеті ересекте күшті дамиды. Себебі кім еңбектен не оқу қиыншылығынан қорықпай, осыларға ұмтыла білсе, сол оқушылар көптің көзінше азамат деп есептеледі. Сонымен қатар осы қасиет ұлдардың өзгелер алдында өзін көрсеткісі келіп, әсіресе қыздардың алдында тиісті объектіге барлық күшін салып ұмтылады.
Сонымен біз азаматтық қасиетке және оны ересек арасында қалайша түсінетініне тоқтадық. Енді ересектің “Мен” деген сапасына келейік.
“Мен” деген мағынаны кейбір психологтар адам өзіне-өзі тең екенін білу деген анықтама береді. Мысалы, ересек адамның бетінде өзінің ажарын көріп, “мынау мен бе?” деген сияқты ойда болып толғанады. Бұл әркімнің өзіне баға беруінің қарапайым түрі.
Мұнымен қатар ересек өзінің “Мен” деген қасиетін өзінің ісін, қылығын бағалаумен байланыстырады.
Ересектерде өзін-өзі бағалаудың мынандай екі тәсілі бар: біріншісі, олар өзі туралы алдын ала көздеген мақсатын қаншалықты жүзеге асырғанымен, салыстырып теңдестіреді. Егер өзінің бұл туралы ойлағынымен өзгелердің оған қойған бағасы дәл келсе, осы жетістікке жеткеннің белгісі деп санайды.
Ересектің өзін-өзі бағалаудың екінші түрі - өзгелердің өзі жөніндегі пікір жинап, оларды өзара салыстыру арқылы кеміс жақтарын білу.
Ескерте кететін мәселе, әркімде “мен” деген біреу-ақ болғанымен, оның тиісті жағдайларға орай неше түрі кездеседі. Айталық, 1) “Мен шынында кіммін? (шындықты көздейтін “мен”), 2) “Мен” өзімді өзгелер қалай бағаласын деп ойлар едім (эмпатикалық “мен”), 3) “Мен” - тілегім бойынша қандай болғым келеді (тілек, яғни, фантастикалық “мен”). 4) “Мен” келешекте кім болғым келеді? (болашақ “мен”).
“Мен” деген қасиет әр адамға тән болғанымен оны тек өзгелердің бағасына қарап білуге болады, сондықтан ересектің “мен” деген сапасын тек әлеумет ортасымен қатынас жасай отырып дамытуға болады.
Үнсіз айтыс дегеніміз ойланудың бір түрі (мұны дискурсивтік ой) деп атайды. Үнсіз айтыс арқылы біз өзіміздің “мен” деген қасиетіміздің осал не күшті жағын біліп, сөйтіп, екінші “меннің” жәрдемі арқылы оны алға қарай дамыта аламыз. Міне, ересектің өзін-өзі алға қарай дамытуда үнсіз айтысқа ие бола алудың ұтымды жағы осында.
