4.2. Мәтінмен жұмыс
Мәтіндік құжатты құру және редакциялау.Жаңа құжатты құру үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:
Стандартты саймандар панелінен Құру (Создать) батырмасын басу;
Немесе Файл менюінен Құру (Создать) пунктін таңдау;
Не Құру (Создать) командасын орындайтын батырмаға сәйкес келетін Ctrl+N пернелер комбинациясын басу.
Құжатқа мәтін енгізу немесе сурет,кесте т.б. кірістіру(вставка) үшін,керек жолға алдын-ала курсорды орналастырып,пернетақтаны қолданып мәтінді жинақтау немесе Word-тың сурет,кесте т.б кірістіру командасын пайдалануға болады.Мәтінді теру кезінде,беттің оң жақ шетіне жеткенде, Word автоматты түрде жаңа жолға өтеді. <Enter> пернесін жаңа абзацты бастау керек болған жағдайда,не бос жол қалдыру үшін ғана басады.
Егер,стандартты саймандар панелінен ¶- Баспаға шығарылмйтын белгілер(напечатаемые знаки) батырмасын шертсе,онда экранда абзац соңының арнайы символдары пайда болады.Бұл символдар құжаттағы абзацтың дәл қай жерде басталатынын және аяқталатынын көрсетеді.Осы батырмаға қайта шерту,абзац соңының символдарын жасырады.Екі абзацты біріктіру үшін,абзац соңының символдарын өшіру керек.
Қателерді түзету үшін мына пернелерді пайдалану керек:
<Backspace> - курсордың сол жағындағы символдарды өшіру үшін;
<Delete> - курсордың оң жағындағы символдарды өшіру үшін;
Құжат бойынша курсорды жылжыту үшін,бағыттауыш сызығы бар пернелерді,не айналдыу жолақтарын пайдалануға болады,не қажетті орынға тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы,сонымен қатар келесі пернелерді қолдануға болады:
<Home> не <End> пернелерін – курсорды жолдың басына не соңына әкелу үшін;
<Ctrl + Home> не <Ctrl + End> пернелерін – курсорды құжаттың басына не соңына әкелу үшін;
<Ctrl +→> не <Ctrl +←> пернелерін – курсорды бір сөз оңға не солға жылжыту үшін;
<Page Up> не <Page Down> пернелерін –курсорды экран бойынша бір бет жоғары не төмен жылжыту үшін;
<Ctrl + Page Up> не <Ctrl + Page Down> пернелерін –курсорды бет бойынша жоғарғы не төмен жылжыту үшін;
<Shift + F5> пернелерін –курсорды соңғы түзету орнына әкелу үшін, бір не бірнеше рет басу керек.
Мәтінді ерекшелеу.Жұмыс кезінде мәтінді ерекшелеу жиі кездеседі.Тышқанның көмегімен мәтінді ерекшелеу:
Сөзді – тышқанның сол жақ батырмасымен сөзді екі рет шерту арқылы;
Бірнеше жолдарды немесе толық мәтінді- тышқанның көрсеткішін мәтіннің басына қойып,тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып,мәтін бойынша жылжыту;
Сөйлемді- <Ctrl> пернесін басып тұрып,сөйлемнің кез-келген жерінен шерту;
Жолды – жолдың сол жағындағы ерекшелеу жолағында тышқанның сол жақ батырмасымен шерту;
Абзацты-абзацтың сол жағындағы ерекшелеу жолағында тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту немесе абзацтың өзін үш рет шерту керек;
Мәтінді толығымен-<Ctrl> пернесін басып тұрып,мәтіннің сол жағындағы ерекшелеу жолағында тышқанның сол жақ батырмасымен шерту;
Пернетақтаның көмегімен мәтінді ерекшелеу:
Мәтінді-курсорды,ерекшелейтін бөліктің басына қойып,<Shift> пернесін басып тұрып,курсорды жылжыту пернелерінің көмегімен мәтінді ерекшелеу;
Құжатты толығымен - <Ctrl + 5> (қосымша цифрлық блокта).
Құжат фрагменттерін көшіру,жылжыту және өшіру.Мәтін,объект,сурет және т.б. құжат фрагменттері бола алады.
Фрагментті өшіру үшін,алдымен оны ерекшелеп,<Delete> пернесін басу керек.
Фрагментті көшіру үшін,оны ерекшелеу керек және одан кейін:
1.Меню жолынан Түзету(Правка)→Көшіру(Копировать)(бұл жағдайда ерекшеленген объект операциялық жүйенің алмасу буферінде сақталады)командасын таңдап алу, немесе <Ctrl>+<Insert>( не <Ctrl + C>) пернелер комбинациясын басу керек;
2.Курсорды фрагментті көшіретін жерге орнату;
3.Меню жолынан Түзету(Правка)→Кірістіру(Вставить) (объектіні бірнеше рет кірістіруге болады) командасын таңдап алу,немесе ,<Shift>>+<Insert>(не <Ctrl + V>) пернелер комбинациясын басу керек.
Фрагменттің орнын ауыстыру үшін,оны ерекшелеу керек және одан кейін:
1.Меню жолынан Түзету(Правка)→Қиып алу(Вырезать)(бұл жағдайда ерекшеленген объект операциялық жүйенің алмасу буферінде сақталады және экраннан жойылады)командасын таңдап алу,немесе <Ctrl>+<Insert>( не <Ctrl + C>) пернелер комбинациясын басу керек;
2.Курсорды фрагментті жылжытатын жерге орнату;
3.Меню жолынан Түзету(Правка)→Кірістіру(Вставить) командасын таңдап алу,немесе <Shift>>+<Insert>(не <Ctrl + V>) пернелер комбинациясын басу керек.
Сонымен қатар фрагментті көшіру немесе орнын ауыстыру үшін,стандартты саймандар панеліндегі батырмаларды да пайдалануға болады.
Тағы бір тәсілі – ерекшеленген фрагментке тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде,пайда болатын контекстік менюді пайдалану.
Дұрыс емес(жаңылыс басқан) командаларды түзету.Егер орындалған команда дұрыс таңдалмаған болса(мысалы,керек фрагментті өшіріп алу т.с.с)онда әрқашанда соңғы әрекеттерді кері қайтаруға болады.Ол үшін:
Меню жолынан Түзету(Правка)→Болдырмау(Отменить) командасын таңдау;
Немесе стандартты саймандар панеліндегі Болдырмау(Отменить) батырмасын басу.
Құжатты сақтау. Word-та құжат құру кезінде,үнсіз келісім бойынша ол компьютер жадында <<Құжат №>>(<<Документ №>>) деген атпен уақытша сақталады,мұндағы №-құжаттың 1-ден басталатын құжатқа тиісті ат беріп сақтау.Құжатты сақтау үшін:
Меню жолынан Файл → Қалай сақтау...(Сохранить как...) командасын таңдау керек;
Пайда болған диалогтық терезесінде, 4.3-суретте көрсетілген әрекеттер орындалады;
Әрекеттер орындалмаған соң,файл сіз көрсеткен дискіде не бумада сақталынады.
4.3.—құжат сақтау
Егер сіздің құжатыңыз бұрын сақталынған болса,онда өзгерістер енгізгеннен кейін,оны қайта бұрынғы атымен сақтау үшін:
Меню жолынан Файл → Сақтау(Сохранить) командасын таңдау арқылы;
Немесе стандартты саймандар панеліндегі дискет
бейнесі бар
Сақтау(Сохранить) батырмасын
басу керек;Не <Shift +F12> пернелер комбинациясын басу қажет;
Программадан шығу.Программадан шығу үшін келесі әрекеттердің кез келгенін орындауға болады:
Меню жолынан Файл→Шығу(Выход) командасын таңдау арқылы;
Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы
- Жабу(Закрыть)
батырмасын басу арқылы;<Alt> + <F4> пернелер комбинациясын басу керек;
Жүйелік меню батырмасын екі рет шерту арқылы;
Құжатты автоматты түрде сақтайтын уақыт аралығын өзгерту және құжатты қорғауды орнату.Ол үшін:
Сақтау (Сохранение) ішкі бетінен Әрбір ...минут сайын автоматты сақтау(автосохранение каждые: ... минут) жалаушасын белгілеп қойып,уақытын көрсету керек;
Қауіпсіздік(Безопасность) ішкі бетінен Файлды ашу үшін пароль(пароль для открытия файла) деген ұяшыққа пароль енгізіледі;
Жұмыс соңында Файл →Сақтау(Сохранить) командасын орындау қажет.
4.4-сурет.Құжатты ашу
Құжатты ашу.Word көмегімен Word – та немесе басқа да мәтіндік редакторда құрылған кез келген құжатты аша аласыз.
Ол үшін:
Меню жолынан Файл → Ашу (Открыть) командасын таңдау,немесе стандартты саймандар панеліндегі
- Ашу
(Открыть)
батырмасын басу қажет,не
<Ctrl + O> пернелер комбинациясын басу керек;
Пайда болған диалогтық терезесінде, 4.4- суретте көрсетілген әрекеттерді орындау керек;
Анықтамаларды шақыру. Көмек алудың бірнеше түрі бар.
Көмекші- жұмыс барысында кеңес беруші.Көмекшіні шақыру үшін, стандартты саймандар панеліндегі Анықтама:Microsoft Word(Справка:Microsoft Word) батырмасын басу керек,немесе пернетақтадан <F1> пернесін басса да болады.
Сондай-ақ,меню жолындағы Анықтама (Справка) пункті арқылы да,көмекке жетуге болады.
Қаріпті өзгерту. Қаріп(Шрифт;font) – белгілі өлшемде және дизайынды әріптер,цифрлар және символдар жиынтығы.Қаріптер растрлық(нүктелік) түрде де,векторлық түрде де кескінделе береді.
Word-та құжаттарда пайдалануға болатын қаріптердің алуан түрлері бар.Әрбір қаріп оның символдарының түрлерімен анықталады.Стандартты қаріптер тобы бар:Courier,Arial,Times New Roman және т.б. Қаріптің типін өзгертуден басқа, пунктпен
(1 пункт = 1/72 дюйм, 1 дюйм ≈ 2,55 см) көрсетілген өлшемін де өзгертуге болады.Сондай-ақ,сызылымын(начертание),боялу түсін және басқа да көптеген параметрлерін өзгертуге болады.
Қаріпті өзгерту үшін,алдымен мәтін фрагментін(сөз,жол,абзац және т.б.)ерекшелеу қажет.Егер мәтін әлі терілмеген болса,курсорды қажетті жерге орналастырып,келесі әрекеттерді ордау керек:
Формат→Қаріп(Шрифт) командасын таңдау;
Пайда болған диалогтық терезесінде қажетті параметрлерді орнату.
Қаріптің типін,сызылымын,өлшемін және стилін тез өзгерту үшін,форматтау саймандар панелін пайдалануға болады.Сонымен қатар,контекстік меню арқылы да <Қаріп> диалогтық терезесі ашылады.
Саймандар панелін баптау. Саймандар панеліне қосымша батырмаларды қосып және оларға тиісті команда орнату үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
Меню жолынан Түр(Вид) →Саймандар панелі(Панели инструментов)→Баптау...(Настройка...) командасын таңдау;
Баптау диалогтық терезесінде Командалар(Команды)ішкі бетіне ауысып,Категориялар: (Категории: ) тізімінен қажеттісін таңдау,мысалы Формат:
Осы ішкі бетінде,Командалар: (Команды: ) тізімінен керек команданы белгілеп,тышқанның сол жақ батырмасын командаға басулы күйінде,курсорды саймандар панелінің керек жеріне жылжытып әкеліп босату.Батырма көрсетілген жерде орнатылады.
Саймандар панелінен батырмаларды алып тастау үшін:
Сәйкес панельде ( немесе алынуға тиісті батырмада) тышқанның оң жақ батырмасымен шерту:
Контекстік менюден Баптау...(Найстройка...) пунктін таңдау;
Алып тастау керек батырманы тышқанның сол жақ батырмасымен іліп алып саймандар панелінен тысқары жерге жылжытып әкеліп босату.
Жиектеу(обрамление). Ерекшеленген мәтінді не кез келген басқа объектіні (мысалы,сурет,кестелер және т.б.) тез жиектеу үшін, форматтау саймандар панелінен Сыртқы шекаралар( Внешние границы) батырмасын тауып алып және ұсынылған тізімді ашып (4.5-сурет),жиектеу типін таңдаңыз.
4.5-Мәтін фрагментін жиектеу
Жиектеуді алып тастау үшін,қажетті фрагментті ерекшелеп сәйкес батырманы басу керек.
Шекаралар және ішін бояу(Границы и заливки).Word-тың бұл мүмкіндігі,жақтауларды(рамки) сапалы түрде баптау және ерекшеленген фрагменттердің ішін бояу үшін пайдаланылады.Фрагментті алдын-ала ерекшелеп,сонан кейін:
Меню жолынан Формат → Шекаралар және ішін бояу(Границы и заливка) командасын таңдап, Шекаралар (Границы) ішкі бетін шертіп ашу керек;
Тип тізімінен Жақтау(Рамка) типін,сызық стилін Түс(Цвет) тізімінен – қажетті түсті және Ені(Ширина) тізімінен керек сызықтің қалыңдығын таңдап және қолдау аймағын орнатыңыз.
Бет(Страница) ішкі беті жақтауды тұтас бетке орнатуға арналған.Сондай-ақ,сызықтың орнына Сурет(Рисунок) тізімінен сурет таңдауға болады.
Мәтін фрагментінің Ішін бояу (Заливка) үшін,оны алдын-ала ерекшелеу керек,сонан соң:
Меню жолынан Формат → Шекаралар және ішін бояу(Границы и заливка) командасын таңдап, Ішін бояу (Заливка) ішкі бетін шертіп ашу;
Алдымен өрнек типін,сонан кейін рең (фон) түсін таңдау керек.
Бояуды алып тастауда,осы диалогтық терезесі қолданылады.
Абзацты форматтау.Шегіністер және мәтінді туралау.Мәтінді теру кезінде,беттің оң жақ шетіне жеткенде,Word автоматты түрде жаңа жолға өтеді.Мәтін бұл жағдайда бос орын не дефис тұрған жерден сөз бойынша бөлінеді.Бұл бөлінуді болдырмас үшін,кәдімгі бос орын мен дефис орнына, бөлінбейтін бос орын не бөлінбейтін дефис қою керек.Бөлінбейтін дефис қоф үшін, <Ctrl + Shift + -(дефис)> пернелер комбинациясын, бөлінбейтін бос орын - <Ctrl + Shift +пробел> басу керек.
Азат жол(Абзац)-мәтіннің тиянақты бір ойды білдіретін бөлігі.Әдетте,жаңа жолдан(Азат жолдан) басталады.Жаңа абзацты бастау қажет болған жағдайда,<Enter> пернесін басамыз.
Шегініс,азат жол өрісі(Отступ,абзацный отступ) – жолдың сол жақ шекарасынан оңға ығыстырыла орналасқан символға дейінгі кеңестік,яғни азат жол алдындағы өріс.Мұндай шегініс солдан да,оңнан да қойылады.Шегіністі тез орнату үшін,горизонтальді сызғыш пайдалану ыңғайлы(4.6-сурет).3
4.6-сурет.Абзацты горизантальді сызғыш бойынша форматтау
Шегіністі бір ғана абзацқа орнату қажет болса,курсорды оның кез келген жеріне орналастырыңыз.Егер шегіністі бірнеше абзацқа орнату қажет болса,оларды ерекшелеп:
Сызғыштағы шегіністердің таңбаларын қажетті позицияға жылжыту керек
(4.6-сурет).
Не форматтау саймандар панелінен
- Шегіністі
артыру(Увеличить отступ)
батырмасын шерту қажет,бұл жағдайда
шегініс ½ дюймға артады,
- Шегіністі
кемі(Увеличить отступ)
батырмасы – ½ дюймға шегіністі кемітеді.Немесе пернетақтадан <Tab> пернесін басуға да болады;
Дәлме-дәл баптау үшін,меню жолынан Формат → Абзац командасын таңдап,ашылған диалогтық терезесінен(4.7-сурет) абзацты форматтаудың қажетті барлық параметрлерін бірден енгізіп алуға болады;
Абзац... командасы контекстік меню арқылы да ашылады.
Мәтінді туралау(выравнивание).Мәтінді туралаудың төрт түрі бар: сол жақ, оң жақ шеттері бойынша, ортасы бойынша және ені бойынша туралау.
Ені бойынша тураланғанда,Word сөздер арасында қосымша бос орындарды қойып,абзацтың жолдарын бір мезгілде оң жақ және сол жақ шеттері бойынша туралайды.Мәтінді курсорды абзацтың ішіне орналастырып немесе ерекшелеп және келесі әрекеттер орындалады:
Форматтау саймандар панелінен мына батырмаларды басу керек: Сол жақ шетке (По левому краю),Ортаға(по центру),Оң жақ шетке (по правому краю) және Ені бойынша (по ширине).
Жолдың және т.б. автоматты тасымалдауын болдырмау
Бірінші жол үшін шегініс
Үлгі
Белгіленген абзац ішінде жоларалық интервал орнату
Абзацтың алдына не соңына интервал қою
Шегінстер орнату
Туралауды орнату
Мәтін фрагменттерін іздеу және алмастыру.Құжаттан қандай да бір мәтін фрагментін (сөз,символдар жинағы,символ және т.б.)толық құжат бойынша немесе ерекшеленген фрагменттерден іздеу қажет болса,Word-тың автоматты түрде іздейтін командасын іске қосу керек;
Меню жолынан Түзету(Правка) →Тауып алу(Найти) командасын таңдау.Тауып алу және алмастыру(Найти и заменить) терезесінің Тауып алу ұяшығына ізделінетін сөзді енгізу;
Егер диалогтық терезесі қысқартылған түрде болса,Үлкенірек(Больше) батырмасын басу керек;
Қосымша іздеу параметрін форматын таңдауға болады.
Құжатта қандай да бір мәтін фрагментін тауып және алмастыру қажет болса,меню жолынан Түзету(Правка) → Алмастыру(Заменить) командасын таңдау керек.
Орфографияны тексеру.Word-тың құжаттағы сөздердің дұрыс жазылуын тексеруге және түзетуге болатын мүмкіндігі бар.Word құжаттағы сөзді сөздікпен тексереді де,егер таныс емес сөз кесдессе, не сөз қате жазылған болса, ол оның астын сызып белгілейді.Сонан кейін,бұл сөзді сол қалпындан қалдыруға,не түзетуге,не сөздікке енгізуге болады.
Мәтін курсор тұрған позициядан бастап тексеріледі.Толық құжаттың не ерекшеленген бөліктің орфографиясын тексеру үшін,келесі әректтердің бірі орындалады:
Меню жолынан Сервис → Дұрыс жазылу(Правописание) командасын таңдау;
Немесе <F7> пернесін басу;
Немесе стандартты саймандар панелінен Дұрыс жазылу(Правописание) батырмасын шерту керек;
Тезаурусты пайдалану.Тезаурус(Синонимдер сөздігі)-берілген тіл элементтері арасындағы семантикалық байланыстарды бейнелейтін сөздік: мағынасы жақын,бір ұғымды білдіретін синонимдер сөздігі.Word мәтіндік процессорында электрондық тезаурус бар.
Тезаурусты қолану үшін мына әрекеттерді орындау керек:
Құжаттағы қажетті сөзге курсорды орнату;
Меню жолынан Сервис → Тіл(Язык) → Тезаурус командасын таңдау,не <Shift +F7>
Пернелер комбинациясын басу;
Не контекстік менюден Синонимдер(Синонимы) → Тезаурус... командасын таңдау керек;
Ашылған диалогтық терезесінде (4.8-сурет) ұсынылған әрекеттер тізбегі орындалады.
Автомәтін (Автотекст) және автоалмастыру (Автозамена) элементтерімен жұмыс.Автоалмастыру – мәтінді теру барысында,кездескен қателерді автоматты түрде тауып және оларды түзететін құрал.Word- та Автоалмастырудың үнсіз келісім бойынша қолданылатын көптеген элементтері бар,бірақ бұл тізімді басқа да элементтерді қосып толықтыруға болады.Автоалмастырудың мәтіні,қарапайым мәтін абзацы сияқты форматталатын,не өз форматын сақтайтын мәтін болуы мүмкін.
Автоалмастырудың элементін құру үшін:
Меню жолынан Сервис → Автоалмастыру параметрлері(Параметры автозамены...) командасын таңдап және ашылған диалогтық терезесінде қажетті жалаушаларды орнатыңыз,мысалы:
Сөздің басында екі бас әріп енгізілген жағдайда,екіншісін кіші әріпке алмастыру;
Сөйлемнің бірінші әріпін бас әріп жасау;
Кестенін ұясындағы бірінші әріпін бас әріп жасау;
<Caps Lock> пернесінің кездейсоқ басылуын алып тастау;
Енгізу кезінде алмастыру және т.б.
Автомәтін-жиі қолданылатын мәтіндік блокты немесе графикалық объектіні белгілі атымен еске сақтауға болатын және оларды құжатқа керек кезінде не автоматты түрде қоятын құрал.
Автомәтін элементін құру үшін келесі әрекеттер орындалады:
Автомәтін элементі болатын объектіні (мәтін немесе сурет)ерекшелеу қажет;
Меню жолынан Кірістіру(Вставка) → Автомәтін(Автотекст) → Құру(Создать) командасын таңдау;
Ашылған диалогтық терезесінде автомәтіннің сақталу атын енгізу.Ол енді осы атпен сақталады.
Автомәтінді құжатқа кірістіру үшін:
Курсорды құжаттың Автомәтін кірістіретін жеріне орналастыру;
Меню жолынан Кірістіру(Вставка) → Автомәтін → Автомәтін командасын таңдау;
Тізімінен ізделінді Автомәтіннің атын тауып, Қою( Вставить) батырмасын басу.
Символдарды кірістіру. Құжатқа символды кірістіру үшінҒ
Меню жолынан Кірістіру (Вставка) → Символ командасын таңдау;
Қаріп(Шрифт) ашылатын тізімінен қажетті символдар тобын таңдау: Symbol (Грек алфавить,бағыттауыш сызықтар,математикалық символдар),Wingdings
( ,,,,, және т.б.),Times New Roman (&,¾,©,®,¥, және т.б.),Webdings
(,,,,,, және т.б.) және т.б.
Қажет символды таңдап,Қою (Вставить) батырмасын басу керек.Қажет символдарды кірістіргеннен кейін терезесін жабуға болады.
Арнайы таңбаларды енгізу үшін, Арнайы таңбалар(Специальные знаки) ішкі парағын ашу керек.Мұнда таңдаған символды қоюға болады,немесе ол символды қоюға арналған пернелер комбинациясын қарауға,не өзгертуге болады.
Бетті нөмерлеу,жоғарғы жіне төменгі колонтитулдар.Құжаттың әр бетінің басында не соңында орналасқан бір не бірнеше жолдарды колонтитул деп атайды.Олар көбінесе бет нөмірінен,тараудың және параграфтың атауларынан,фирманың аты мен адресінен және т.б. тұрады.Колонтитулдар жұп және тақ беттер үшін,бірінші бет және келесі беттер үшін деп ажыратылады.
Беттерді нөмірлеу үшін,меню жолынан Кірістіру(Вставка) →Бет нөмірлері(Номера страниц) командасын таңдап, нөмірлеудің қажетті форматын орнату керек.
Колонтитул құру үшін,меню жолынан Түр (Вид) → Колонтитулдар командасын таңдап, 4.9-суреттегі сипаттама бойынша жасау.
Колонтитулды тек тақ не жұп беттерге орнату қажет болса,меню жолынан Файл→ Бет параметрлері (Параметры страницы) командасын таңдап, Қағаздар көзі (Источник бумаги) ішкі бетінен Жұп және тақ беттердің колонтитулдарын ажырату(Различать колонтитулы четных и нечетных страниц) белгісіне жалауша орнату керек.Сонан кейін керек беттің (тақ/жұп) нөмеріне курсорды орналастырып,колонтитул құрылады.Ол автоматты түрде тек көрсетілген (тақ немесе жұп) беттерге орналасады.
Стильдерді құру және пайдалану. Стиль- бұл өз аты бар, форматтау параметрлерінің жиынтығы.Мысалы,қаріп Arial өлшемі- 12 пункт, 1 дюймге тең шегініс, жоларалығы (межстрочный) бір аралықты (одинарный) интервал және ені бойынша туралау тәрізді параметрлер стильге енуі мүмкін. Стильді анықтап, оны құжаттың кез келген мәтініне тез қолдануға болады.
Word – та бірнеше анықталған стильдер бар,бірақ өзіміздің сұранысымызға қажетті стильдерді құруға болады.Стильдердің үш типін ажыратады: абзац,символ және кесте
с
тилі.
Абзац стилін орнату үшін,курсорды оның ішіне орнату қажет.Егер абзацтар бірнеше болса оларды ерекшелеп,форматтау саймандар панеліндегі стильдер тізімінен,қажеттісін қолдануға болады.
Меню жолынан Формат → Стильдер және форматтау (Стили и форматирование) командасын таңдау қажет;
Стиль құру (Создать стиль) батырмасын, не Қолдануға форматтауды таңдаңыз (Выберите форматирование для применения) тізімінен сәйкесін таңдап,оның тұсындағы ашылатын тізімінен Стильді өзгерту не Өшіру командасын таңдау керек;
4.10 –сурет бойынша қажетті параметрлерді енгізу.
Құжатта бағаналарды(колонки) құру. Word – та газет мақалаларында пайдаланатындай,мәтінді бағаналарға орналастыратын мүмкіндігі бар.Толық құжатты,ағымдағы бөлімді, не ерекшеленген мәтінді бағаналарға бөлуге болады. Құжаттың белгілі бір бөлігін ғана бағаналарға бөлу қажет болған жағдайда,оны алдымен ерекшелеу керек. Сонан кейін:
Формат → Бағаналар (Колонки) командасын таңдау;
Тип терезесінен форматын, бағаналар санын таңдау;
Қолдану (Применить) жолында, құжаттың қай бөлігіне (толық құжатқа, ағымдағы бөлімге, ерекшеленген бөлімге, құжаттың соңына дейін) бағаналарға бөлуді қолдану қажеттілігін көрсету;
Егер бағаналар арасын тік сызықпен бөлу қажет болса,терезенің Бөлгіш(Разделить) жалаушасын белгілеу;
Сонымен қатар әрбір бағана үшін енін және олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін (егер бағаналар бірнеше болса)беруге болады.Ендерін бірдей жасағымыз келсе, Бірдей енді бағаналар (Колонки одинаковой ширины) жалаушасын белгілеу;
Ең соңында <OK> батырмасын шерту керек.
Мәтінді бағаналарға тез бөлу үшін,Форматтау саймандар панелін қолдануға болады. Бағаналарға бөлуді алып тастау үшін,оларды ерекшелеп, бір бағана құрамыз.
