- •Мазмұны
- •Бурабайдың физикалық-географикалық сипаттама
- •1.1 Географиялық орны
- •1.2 Геологиялық құрылымы және жер бедері
- •1.3 Бурабайдың гидрологиясы және климаты
- •1.4 Өсімдіктер мен жануарлар әлемі
- •Бурабайдың рекреациялық ресурстары
- •«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- •2.1 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- •2.2 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жағдайы
- •Қорытынды
- •Қолданлыған әдебиеттер тізімі
Бурабайдың физикалық-географикалық сипаттама
1.1 Географиялық орны
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық тұрғыдан бұл бұрыш Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны «Қазақстандық Швейцария» деп атайды. Бір ескі аңызда былай делінген: «Алла тағаламыз әлемді жарату кезінде – бір халыққа бай орман, нулы өріс пен кең өзендер, өзгелеріне әдемі таулар мен көгілдір көлдер берілді. Қазаққа тек кең дала тиді. Қазақ бұған өкпелеп, Жаратушыдан табиғат әсемдігінен де бір бөлшегін беруді сұрайды. Сонда Алла тағала өзінің қоржынынан қалғанын алып шығып шетсіз-шексіз далаға әдемі таулардың, шатқалдар мен жалтылдаған таза көгілдір сулы көлдердің қалдықтарын шашып тастады, оған қоса гүлге оранған жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да берілді. Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төсеп, оның ішіне аң-құстар, көлдерге – балық, жасыл шөпке – жан жақта кездесе бермейтін жәндіктер мен көбелектерді жібереді. Осылайша Бурабай дүниеге келеді. Орынның ең жоғары нүктесі – Көкшетау тауы. Одан оңтүстікке қарай Бурабай (690 м) – айрықша панорамалық нүкте орналасқан. Бурабай – бұл түйе. Одан оңтүстікке қарай Шортан төбешіктері орналасқан, оның ішінде ең үлкені Жеке батыр деп аталады (826 м). Бурабай көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес. Олардың саны көп. Ормандардың жасыл бетінде Шортанды, Бурабай, Үлкен және кіші Шабақты, Қатаркөл жарқырап жатыр. Көкшетау қырынан тағы да кіші көлдер: Ашық, Табан, Таулы, Аққулы көлдері көрінеді. Бурабайдың ең көрнекі орны Бурабай атаулы көгілдір шығанақ. Шығанақ суынан сфинксті елестетіп тікелей Жұмбақтас көтеріледі, орманды қыраттар алдынан Оқжетпес көтеріледі, оның шыңы пілге ұқсайды. Осы жерде әр таумен байланысты өзінің аңызы бар. Сфинкс, мысалы оған әр жақтан қарасаңыз шашы желге желбіреген қыс келбетін, одан кейін әйел және кейіннен кемпір суретін көруге болады. Бурабай қай ертегіден де қызықты. Таулар, қылқан жапырақты ормандар мен көлдер жер бедерінің қайталанбас сұлулығын тудырып қана қоймай ерекше емдік климат береді. Бұл жерде көптеген шипажайлар, туристік базалар мен мейрамхана, барлар, дүкендер мен дискотекалары бар пансиондар таба аласыз. [1, б. 112].
1.2 Геологиялық құрылымы және жер бедері
Бурабай геологиясын зерттеу оның рельефін зерттеумен тығыз байланысты. Бурабай жерінің геологиялық құрылысын зерттеумен айналысқан ғалымдар: Краснопольский А., Высоцкий Н. К.,Шлыгин Е. Д., Драверт В. Л., Шлыгиннің Көкшетау аумағының, соның ішінде Бурабайдың геологиясы жөніндегі монографиясы ерекше маңызға ие.
Бурабай аумағы өзінің қазіргі геоморфологиялық бейнесін ұзақ уақыт бойы қалыптасып дамыған рельефтен, геологиялық тарихынан алады. Герциндік тау түзілу дәуірінен кейін (шамамен 200 млн жыл бұрын) ұзақ мерзім аралығында әлсіз тектоникалық қозғалыстарымен болған континенталдық денудация үрдісі жүрді. Нәтижесінде болған тау негізне дейін толық үгіліп, рельеф пенепленге айналды. Неоген дәуірінде (шамамен 25 млн жыл бұрын) аудан тектоникалық көтерілімге ұшырады. Біраздан соң, төрттік дәуірде (шамамен 1 млн жыл бұрын) қайта тектоникалық көтерілім болып, бөлінімдер пайда болды. Олардан бөлек блоктар көтеріле бастады. Аңғарларды қалыптастырған Қылшақты, Сарыбұлақ және Қарабұлақ өзендері пайда болды. Нәтижесінде блоктар Көкшетау тауларына айналды. Таулардың көтерілуі бөлек жерлердің төмендеуімен қатар жүріп, төмендеген жердің орындарында Шортандыкөл, Айнакөл, Үлкен Шабақты, Әулиекөл (Бурабай) көлдері қалыптасты.
Бурабайдағы көптеген шоқылар жартастар шеттері жұмырланған үлкен литалардың бір – біріне жабысып, жастық, матрацтарға ұқсайды. Геологияда оларды гранитті массивтер деп атайды. Граниттердің желмен үгілуі, тәуліктік және жылдық температуралардың күрт ауытқуы, судың химиялық және физикалық әсері тауларда жарықтардың пайда болуына әкелді. Осының нәтижсінде таулар қызық, фантастикалық формаға ие болды. Бурабай граниттерінде алюминий, темір, мгний, хром, марганец, никель, ванадий, жез, вольфрам және радиоактивті элементтері кездесетін минералдар бар.
Келесі жыныстар тобы, территорияның көп бөлігін алып жатыр. Олар палеозой дәуіріне жатады (шамамен 1350 млн жыл бұрын). Бұл топқа кремнийлі жыныстар кешені, құмдақтар лорфириттер және әктастар кіреді. Ең жас кайназой дәуірінен кең таралған төрттік шөгінділер: тасты жыныстардың сынықтары, қиыршықтас, құм, көлдік және өзендік қалдықтар, саздар. Шоқыаралық төмендеулерде шұңқырларды жас борпылдақ қалдықтардың қаталдығы 20-40 м. Өзен мен көлдер жағалауларындағы қалдықтар құмадар болып келеді.
Бурабай – маңытаулы орманды өлкесі мен геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген табиғи аймақ. Жер бедері негізгі үш түрмен сипатталады: аласа-таулы, ұсақ шоқылы және жазықтық. Аудандардың негізгі жер бедерін таулар құрайды. Олар қайыңды, қарағашты ормандар мен көмкерілген. Жан-жағын адыр төбелер мен көлдер қоршап тұр. Бұның кейбір заңдылықтары кейбір ғылыми басылымдарда көрсетілген. Биік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және қорым тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Ұсақ шоқының палезойдың орта тұсынан бастап осы уақытқа дейін жалғанып келген континенттік даму процесінің, яғни докембрилік палезойлық және неғұрлым денудациялануы есебінен қалыптасты. Көкше тауы батысқа қарай отыз бес шақырымды алып жатқан таулы жүйені құрайды. Оң жағында Шортанды қаласы болса, солтүстігінде Үлкен Шабақты көлі мен Бөлектау тауымен шектеледі. Таулы жүйе оңтүстік және солтүстік жоталарымен Ақылбай асуына дейінгі аралықты алып жатыр. Тауды өзен аңғарларымен, шатқалдармен, тау арасындағы қазаншұңқырлармен, адыр тәрізді су айрықтармен айқын бөлінген тасты жоталар қоршаған. Жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері айқын байқалады.
Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды көлді тау. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге доғаша иіле созылып жатыр, ені 5 км-дей. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі: солтүстігінде Көкше, Бура, Жекебатыр, оңтүстігінде Айыртөбе (Седловатка), Шортан шоқылары бар. Тау девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімделген. Соның салдарынан гранит ашылымдары сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады. Тау беткейлерінің шымды күлгін топырағында қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.
Көкше шыңы – Көкшетаудың ең биік жері. Көкшетау қыратының солтүстігінде орналасқан. Батысында оны Кіші Шабақты, солтүстігінде Үлкен Шабақты, шығысында Бурабай көлдері қоршап жатыр. Абсолют биіктігі 947 м, төңірегіндегі жазықтан салыстырмалы биіктігі 600 – 700 м. Гранитті интрузивті жыныстардан түзілген. Жақпарлы беткейлері тектоникa және эрозиялық-денудациялық әрекеттерге көп ұшыраған. Солардың салдарынан ғажайып пішінді сан алуан тас мүсіндер, үңгірлер пайда болған. Беткейлерінде қарағай, қайың, түрлі бұталы орман, етегінде әр түрлі шалғынды шөп өседі. Туристерге тау басына шығып, төңірегіндегі көркем табиғатты тамашалауға өте қолайлы биіктігі Оңтүстіктен етегінде «Оқжетпес» санаторийі орналасқан. Тауларды ормандар алып жатқандықтан, ауданға қолайлы микроклимат жасап отыр, яғни атмосфералық жауын-шашыннан, далалық желдерден қорғайды. Сонымен қатар сипатталған ауданда көтеріңкі жер бөліктері және жазықтық ашық территориялар кездеседі. Жазықтар тегіс жер бедерімен ерекшеленеді. Бедердің ұсақ формалары, тау жұрнағы, төбелер, жыралар кездеседі. Берілген жер бедері шегінде Үлкен және Кіші Шабақты көлі, ал аралықтарында көптеген ұсақ көлдер мен ойпаңдар мен сорлар жатыр. Үгілу процесі бірдей жүрмегендіктен түрлі пішіндегі шоқылар, жартастарадамдар мен жануарларды сипаттайды. Аудан территориясы каледон және герцин құрылымдарын қамтиды. Бұл жерде жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері айқын көрінеді. Ежелгі (палезой) эрада бұдан 250-300 милион жыл бұрын-таулардың орнында алып теңіз болған, оның түбіне кейін құмдаққа, әктасқа, кристалл тақтатасқа айналған қатты заттар жинақталды. Бірте-бірте су тартылды. Неоген-төрттік кезеңдері-небәрі бізден 1,5 млн жыл бұрын ежелгі палезой қалқанын гранит ығыстырып шығарды. Тау түзілген учаскелердің блокты көтерілуі, оның үстіне бір неше фаза герциндік тектономагматикалық цикл болып өтті. Алқап салыстыра алғанда жас: мұны шұғыл бұрылысты қал жартастар, жіңішке тау шатқалдары, айқын дамыған қазіргі морфологиялық эрозия және шөгінді процестері көрсетеді. Көптеген шыңдар, жартастар мен құздар алып плиталардан құрастырылған пирамида тәрізді. Желдің мүжілуімен, судың химиялық және механикалық әсерінен, ауа температурасының өзгеруінен тау баурайлары кереметтей түрге енген. Үңгірлер және тас аспалары терең емес қуыстар және тасты тесіп өткен саңыраулар, тісті мұнаралар дара тұрған тұрған баға тәріздес фигуралар кездеседі. Тастар түсі жағынанда айқын: граниттер және оларды тесіп өтетін легматиттік жер жарықтары-қына өскен қара жер және ұсақ тау жыныстары ашық сұрда қызғылт түсті. Жартастар тау жыныстары мейлінше біртекті болғанына қарамастан көрікті. Дала сипатында сары немесе қызыл фонында ақ кварциттың және жарқыраған синеданың ұнтақтары бей-берекет шашылған. кейбір гранит кесектерде дала сипаты, мүйізді күкіртті қоспа және кварц жарықтары бар қара слюда басым. Үлкен Шортанды көлі аймағында граниттер балшыққа ұқсас кварциттермен және тақтатастармен жабылған.
Көкшетау қыраты – Сарыарқаның солтүстігіндегі аласа таулы белесті жүйе. Ол солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, шығысында Сілеті жазығымен, оңтүстігінде Атбасар жазығымен және Есіл өзенінің ааңғарымен, батысында Торғай үстіртімен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 400-450 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200-250 шақырымға созылған. Қырат көптеген аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады. Олардың бастылары: Көкше тауы, Жақсы Жалғызтау (729 м), Зеренді (653 м), Имантау (626 м), Сандықтау (626 м), Жақсытүкті (559 м), Айыртау (555 м).
Қырат архей мен протерезойдың көне жыныстарынан (гнейс, кварцит, филлит, кристалды тақтатастар)түзілген. Шығыс жағы төменгі полезойдың эффузифті шөгінді қатпарлы қабаттарымен көмкерілген. Көкшетау қыраты аумағында кварцтық-желілік алтын, темір, таскөмір және қоңыр көмір кен орындары бар. Бұл девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімденген. Соның салдарынан сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады.
Жалпы Бурабай аймағы құрылыс материалдарына бай өлке болып табылады. [2, б. 150].
