Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ме.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

Ойлау психологиясының негізгі мәселелері және тарихы.

Психологияда ойлауға байланысты өзекті мәселелерді өмір тәжірибесінде қаншалықты маңызды екендігі бұл лекцияның негізгі мақсаты болуға тиіс. Біздер әр уақьпта бірінші орынға ойлаудың тарихи дамуын қойьш, бұл мәселені ассоциация психологиясының тәжрибе жүзіндегі зерттеулері арқылы қай бағытта және оларды қалайша шешкендіктерін сіздерге мүмкіндігінше толық баяндап беруді басты міндетім деп санаймын. Ассоциация психологиясы осы орайда зор қиындықтарға душар болды: бұл психология тұрғысынан ойлаудың мақсаты мен бағдарының дамуын ғылым тұрғыдан алып баяндап беру оп-оңай мәселе емес-ті. Ассоциациялық байланыстардың мәні бойынша белгілі бір түсінік өзге жағдайларды тудырады. Сондай-ақ мұндай түсініктердің туындауы араластық немесе мезгілдік жағдаяттарға барып ұшырасады. Солай болғанымен де ойлау бағыт-тылығы нендей түсініктердеі пайда болады? дейтін сауал біздерді ойландыра түседі. Ассоциациялық байланыстардың түсініктерінен туындайтын ой жүйесін ойлаудың даму жолын қалай түсіндіре аламыз? Адамның ойлауы бойынша алға қойған міндеттерді қалай шешеміз? Ассоциациялық байланыстардың тізбегі арқылы және адамның қарапайым ойлау әрекеттері нәтижесінде қажетті мәселелер түйінін дұрыс шеше аламыз ба? Мұндай сұрақтарға ассоциация психологиясы қосымша ұғым-түсініктерді пайдаланғанымен тәжірибе жүзінде айқын жауап бере алмады.

Дегенмен ассоциацня психологиясының өкілдері ойлаудың негізгі мақсаты мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда түсіндіріп беруді қолға алып, өздерінше тырмысып бақты. Олар ғылымға қажырлылык (латын -тілінде – персеверация – қажырлылық, табандылық) деген ұғымды ендірді. Соның көмегімен ойлау әрекеттерін ассоциация (принциптеріне сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәні мұнадай: ассоциация психологгарының айтуынша біздің санамызда ассоциациялық бағытпен бірге, оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында ірге теуіп бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын болса, онда олардың өзара байланысты нәтижесінде қажырлылық пен табандылық көрсететін бағдар пайда болады. Ассоциация принциптеріне орай ол бұрынғы өз орнына барып жайғасады деген дәйек келтіреді.

Тәжірибе жү ргізген бірсыпыра авторлар біздерге қажетті болған түсініктерді, атап айтқанда, осындай қажырлы бағытты иісті орнында қолданып, ойымыз бен іс-әрекеітерімізді онан әрі арай өрістетіп отыруға мәжбүрміз дейді.

Сол кездегі психолог мамандар ойлауды дамытуда ассоциация бағыты және қажырлылык бағдар өзара бірігіп қолда-нылатындырын өздерінше түсіндірді. Сол кездегі мұндай пікірді қызу қолдаған ғалым Г.Эббингауз еді. Оя ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады. Дегенмен, Эббингауз өзінің көзқарасын қорғау ниетімеі бірнеше мысалдар келтіреді. Онын мұндай мысалдары бір жағынан қарағанда қарапайым болып көрінеді де, ал екінш жағынан алғанда жігі жабыса қоймайтын дерекіліктері бірден көзге түседі. Эббингауз былай деп жазды: Сіз өртенеп жатқан үйдің жабык бөлмесінде қалып қойған адамды көз алдыңызға елестетіңіз және ондай қатерлі жағдайдан құтылу жолын қарастырыңыз. Сол адам осындай хауіпті жағдайда өзін қалай ұстай алар еді, ол қандай күйде болады? Ондай адамның ойы бір жағынан өкпесі алқынып, өз ойымен өзі әуреленіп далбалақта; жүгіріп келе жатқан ауру адамның кейпін еске түсіреді емес пе. Ол есігі жабық қалған бөлмеде өрттен кұтылу айласын іздес тіріп, терезе мен есік арасында ары-бері жүгіріп алақтайды, әлде бір сырттан көмек бола ма екен деп үміттенеді, оған шыдамы жетпесе, онда ол терезеден, қандай хауіпті болса да, сыртқа секіріп түсуге мәжбүр болады.

Осындай қауіпті жағдайда оның ойы дегбірсізденіп жай тап-пай бір нәрседен екінші нәрсеге секірмелі күйге түседі. А екінші жағынан алғанда, оның құқындағы мұндай қауіпті жағдайға қарсы тұратын қажыры мен табандылығы санасына саңлак түсіріп, денесін қыздырып бара жатқан оттан аман-есе құтылудың айла-шарқын іздейді. Ойлау әрекеті адамда сабырлы сезім тудырып, қауіпті жаұдайға қарсы тұрса, онда бұл табандылық пен қажырлылық көрінісі. Біздің сөз етіп отырған мәселемізге қатысты ойлау қасиеті. Мұның бәрі ассоциациялық байланыстардын жемісі, ол өзіне-өзі қарама-қарсы ассоциация тудырадьі.

Осы айтылған ойлаудағы екі түрлі бағыттың шашырап жайлауы салдарынан туындайтын адам ойлауының ерекшеліктерін Эббингауз ауру адамның тек жабысқақ ой және ол адам идеясынын шабысы сииатыңда болады деп түсіндіреді.

Адам ойлауынлағы мұнда екі түрді ерекшеліктің екеуі де саналы әрекет болып саналғанымен, олардың шашыраңқы жағдайында адамнын бойын ашу-ыза кернеп, есалаңдатып жібереді дейді. Баланың даму процесінде мұндай көрініс оның белгілі бір затқа, іске шүйіліп, оларды қызықтау әрекеттерімен байланысты, сөйтіп оның табандылығы мен қажырлылығы аркасында әрбір іске деген құлшынысы сәблік кезеңнен басталады. Алайда баланың ойлауындағы мұндай әрекеттер, ересек адамдардың істерінен айырмашылығы, олардың өзара байланысы жоқ жүйесіз сипата болады.

Сонмен ассоциация психологиясы балалар ойлауының амуындары басты бағыт ассоциациялық және қажырлылық принциптері негізіңде өзара тығыз ұштасып, бірімен-бірі біте айнасып жататым қасиеттері деп санады.

Алайда мүңдай тұжырымның дәрменсіз екендігін бүдан ылайғы кездерде жүргізілген тәжірибелер аркылы аныктап, ой-ау туралы ассоциация психологияеынын негізгі жүйесін сақтап алу ниетімен соңғы рет теориялық көзқарастың іргесі қаланды. Бұл көзқарасты тұжырымдаран немістің психологі Н.Ах болды.

Ахтың ойлауға арналған алғашкы зерттеулерінде ассоциация мен қажырлылық бағыттары тұрғысынан бұл процеске берген түсініктерді жеткіліксіз деп тапқаны мәлім. Өйткені бүл а бағыт та ойлаудың ақылмен байланысты болатындығын жете түсіндіре алмады және ассоциациялық байланыстардың өздері де жан-жақты болатындығы ескерілмеді. Соның салдарынан мұндай көзқарастар сәтсіздікке ұшырап, балалардың ойлауын зерттсу мынадай үш түрлі арнаға бөлініп кетті.