Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obrazets_UMKD_Personaldy_baskaru2012_Vosstanovl...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Аттестацияны жүргізу тәртібі.

Әрекет етудің тізбегі мен аттестация жүргізудің негізгі жайттары:

  1. Аттестацияны жүргізу кадрлар қызметінің жетекшілер ұйымдастырылатын дайындық жұмыстары орындалуы тиіс. Олар:

  • лауазымның категориялары бойынша бағалаудың критерийлерімен көрсеткіштері жасалады;

  • жұмыскердің іс - әрекеті бағалау баяндама қағазының қажетті саны дайындалады;

  • аттестациялаушыларды көбіне бағалау баяндама қағазын толтыру жөнінде нұсқаумен таныстырады:

  • аттестация жүргізу кестесін бекітеді;

  • аттестациялаушыларға қажетті деректерді дайындайды;

  • қызметкерлерге аттестациялауды жүргізетін бөлімшелерге ұйымдастырушылық - әдістемелік көмек көрсетеді.

  1. Бөлімшелердегі аттестацияларды ұйымдастыру олардың жетекшілеріне жүктеледі.

  2. Акционерлік қоғам жетекшілерін аттестациялауды ұйымдастыру оның басқармасына жүктеледі.

  3. Аттестацияға түсетін әрбір адамға кадрлар бөлімі қажетті құжаттарды тағайындайды.

  4. Аттестацияның негізгі құжаты жұмыскердің аттестация жөнінде барлық мәліметтер енгізілген оның іс - әрекетінің баяндама бағасы болып табылады.

  5. Аттестацияға түскен жетекші өз бетінше бағалау баяндама қазының керекті бөлігін толтырады, аттестациялаушы мерзімдегі істелген негізгі жұмыстарды баяндайды: біліктілігін жоғарылату, алдыңғы аттестациядағы ұсыныстар мен ескертулерге орындалу дәрежесі және т.б.

  6. Жұмыскердің іс - әрекетін бағалау тікелей жетекшінің қатысуымен аттестация мерзімінде істелген жұмыстарды баяндау, біліктілігін жоғарылату туралы құжаттарды және алдыңғы аттестациялауды ұсыныстармен ескертулерді орындалу дәрежесі жайлы құжаттарды баяндау негізінде орындалады.

  7. Кадрлар бөлімімен дайындалған жұмыскерлерді аттестациялаушының да және оның тікелей жетекшісінің де құжаттарын жоғарғы басшыларын қарайды. Ұсынылған құжаттарды ол тікелей жетекшілермен, ал қажет болған жағдайда аттестациялаушының өзімен де бірге отырып талқылайды.

  8. Жоғарғы басшы әділ қағидаларды сақтауға және бағалаушы көрсеткіштерді пайдаланғанда біркелкі болуға жауап береді.

Аттестация нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер:

1. Аттестация бойынша соңғы шешімді комиссия жетекшісі сол бөлімнің жетекшісінің қатысуымен қабылдайды. Аталған қызметтік лауазымдармен аттестацияланушы жетекшілермен толтырылған жұмыскердің іс - әрекетінің бағалау баяндама қағазы аттестациялаушының өзінің қол қойылған қағазының көшірмесі беріледі.

2. Компания жетекшісі аттестацияның бағасымен ұсыныстарын ескере отырып жетекшілердің, мамандардың келешектегі кәсіби дамуы, жұмыскерлердің олардың жеткен жетістіктері үшін материалдық және моральдық марапаттау жайлы, сәйкес қызметі бойынша еңбек ақысы көлемінің өзгергені туралы, қызметтік ақыларға үстемелердің алынып тасталғандығы немесе бекітілгендігі өзгергендігі, қызмет бойынша жоғарылағаны туралы шешім қабылдайды.

3. Аттестация нәтижесі аттестацияланған қызметтердің жұмыс орнына лайықты емес деп және мамандығын өсіруге оқуға жіберуге немесе оның келісімімен басқа жұмысқа ауыстырылуға шешім қабылдауға негіз болады.

4. Аттестация құжаттарының шешімдерімен аттестациялаушы жазба түрінде келісім бермесе, онда ол жайында сарапшы комиссиясы қарайды.

5. Аттестация материалдары тек жазбаша түсініктерден кейін, ақтық шешім қабылданған соң кадр бөлімі аттестацияланғанын жеке іс қағаздарына тіркейді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. «Персоналды басқару» Б.А.Рахметов оқу құралы Алматы – 2005ж.

2.«Управление персоналом» П.Э.Шлендера Москва – 2005г.

3.«Как управлять персоналом» Э.А.Старобинский Москва – 2002г.

4.«Конститутция РК» 30.08.1995г.

5.«Закон о труде РК» Алматы – 2000г.

6.«Казахстан - 2030» Н.А.Назарбаев послание президента страны народу Казахстана Алматы-1999г.

7.«Управление персоналом в Японии» В.А.Пронников. И.Д.Ладонов Москва – 1989г.

10 – тақырып. «Жұмысшыларға бағдар»

Дәріс мақсаты: Кәсіпорында тренингті ұйымдастыра білуді үйрету.

Түйін сөздер: тренинг, бағдар, офис, ЭВМ

Дәріс жоспары:

  1. Кәсіпорын жұмысшыларын қажетті ақпаратпен, кәсіпорын мақсаттары, міндеттерін түсінуді қамтамасыз ету.

  2. Бағдарлар түсінігі, олардың сипаттамалары.

  3. Тренинг түсінігі және оның мәні.

1.Кәсіпорын жұмысшыларын қажетті ақпаратпен, кәсіпорын мақсаттары, міндеттерін түсінуді қамтамасыз ету.

Персоналды басқару жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – оның ақпараттық базасын толықтыру. Персонал туралы ақпарат – бұл персоналды басқару үшін қажетті ақпараттар жиынтығы. Ақпарат түсінікті, бір мағыналы, қарапайым болуы тиіс. Қызметкерлерді оперативті басқару және персонал туралы ақпаратты өңдеу үшін техникалық құралдар қажет. Олар екі классқа бөлінеді: оргтехника және жоғарғы техника. өз кезегінде оргтехника келесідей бөлінеді:

1. Оргтехниканың қарапайым құралдары (канцелярлық тауарлар, картотека үшін жәшіктер, диспетчерлік тақталар).

2. Офистік жиһаздар (стол, орындық т.б.).

3. Құжаттарға арналған машиналар (ксерокс, компьютер).

4. Байланыс құралдары (телефон, селектор, электронды пошта).

Жоғарғы техникаға ЭВМ – нің барлық түрлері жатады.

Ірі фирмаларда жаңа технологияны пайдалануда ақпараттарды өңдейтін, барлық техникалық құралдарды біріктіретін автоматтандырылған ақпараттық өңдеу кешені қолданылады. Автоматтандырылған кешенді жүйені құру бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылады: (этап).

  1. жинау, сақтау және беру.

  2. мәтіндік ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін енгізу.

  3. ішкі фирмалық жүйеге ақпараттты өңдеу процесін интеграциялау.

  4. барлық ақпарат түрлерін бір жүйеге келтіруді жүзеге асыру.

Персоналды басқарудағы ақпараттық жүйе – бұл ақпаратты сақтау, жіберу, өңдеу, жинауды қамтамасыз ететін өзара байланысты элементтер жиынтығы. Заңдылық акт және құжат негізінде нормативтік - әдістемелік құжаттары: кәсіпорындағы қызмет және бөлімшелердің жағдайы, еңбек келісім шарттары, қызметтік нұсқаулар жасалынады. Бөлімше және қызмет туралы ережелерге бөлімше жауапкершілігі мен міндеттері, құқықтары, функциялары, құрылымдары, білімі жатады. Қызметтік нұсқау жұмысшы статусы, оның қызметтік міндеті, жұмыс көлемі мен түрлері, өкілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі ұйымдық құжат т.б.

Қазіргі кезде қызметтік нұсқау келесідей дайындалады:

1 бөлім. Негізгі ереже. Қызметкер жұмыс істейтін бөлімше атауы, қызметі, оның бағыныштылығы, қызметке тағайындалу тәртібі және қызметтен босатылу тәртібі, өз қызметінде оның жетекшілік ететін, негізгі құжаттары және материалдары, білімі, тәжірибелік талабы туралы негізгі ақпараттары.

2 бөлім. Функциялары. Қызмет жасайтын құрылымдық бөлімшенің функциялары.

3 бөлім. Қызметтік міндеттері. Нақты орындайтын жұмысы көрсетіледі.

4 бөлім. Құқы. Міндеттерді орындауда жұмысшының нақты құқықтары анықталады.

5 бөлім. Жауапкершілігі. Бөлімнің нақты шарттарына жұмысшының міндетіне қатысты қабылданбаған шешімдер үшін нәтижелерге жауапкершілігі.

6 бөлім. Еңбек ақы төлеу шарты. Жұмысшының еңбек ақысын реттейтін заңдылық құжаттар.

7 бөлім. Жұмысты бағалау көрсеткіштері. Қызметті бағалаудың жалпы көрсеткіштері.

Келісім шарт – бұл 5 жылдан жоғары емес және тек қана жазбаша түрде құрылған еңбек шарты. Келісім шарт келесідей құрылады:

  1. жалпы ереже (келісім шартты кім кіммен жасайды, мерзімі )

  2. жұмысшы міндеттері (кәсібі, мамандығы, біліктігі, функциялары т.б.)

  3. еңбек шартын құруда кәсіпорын міндеттері.

  4. еңбек ақы төлеу ережесі.

  5. жұмыс уақыты режимі.

  6. демалыс уақыты.

  7. әлеуметтік қызмет көрсету.

  8. келісім шарт бойынша міндеттердің орындалуына жақтардың жауапкершілігі.

  9. қызмет көрсету бойынша жеңілдіктер.

  10. келісім шарт ережесін қайта қарау.

  11. жұмысшыға ерекше қойылған талаптар.

  12. қосымша мадақтау.

Еңбек келісім шарты штаттық қызметкермен, басқа еңбекті біріктірушілермен, штатқа кірмейтін қызметкерлермен де жасауға болады. Персоналды басқару жүйесіндегі құқықтық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

1. еңбек қатынастарын құқықтық ретту,

2. жұмысшылардың құқықтарын қорғау.

Персоналды басқаруда құқықтық қамтамасыз ету негізі - ҚР – ның Еңбек туралы Заңы болып табылады. Мұнда жұмысшыларды жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, демалыс беру және басқа да әкімшілік құқықтары қарастырылады. Бұл құжат 5 негізгі бөліктен тұрады.

1 бөлім де еңбек кодексінің жалпы жағдайы көрсетіледі. Мұнда еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің негізгі принциптері, еңбек заңдылықтары және т.б. негізгі мақсаты мен міндетері анықталған. Жұмыс беруші мен жұмысшының міндеттері мен құқықтарына аса назар аударылады.

2 бөлімде еңбек сферасындағы әлеуметтік серіктестік концепциялары көрсетіледі. Әлеуметтік серіктестік – бұл мемлекеттік өкілеттік органдармен, жергілікті басқару органдарымен, жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы өзара қарым – қатынас жүйесі.

3 бөлім бірнеше бөлімшелерден тұрады. 1 – ші бөлімшесінде еңбек келісім шарты, ал қалғандарында жұмыс уақыты, кепілдік және компенсация, дисциплина және тәртібі, кәсіби дайындау, қайта даярлау, біліктілігін көтеру, еңбекті қорғау қарастырылады.

4 бөлімде жекелеген жұмысшылар санаттарын: жетекшілер, маусымдық жұмысшылар 18 жасқа толмағандар және т.б. еңбектерін реттеу ерекшеліктері көрсетіледі.

5 бөлімде жұмысшылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік бақылау және еңбек заңдылықтарын сақтауды бақылау жүзеге асырылады.

Ұйымды нормативтік - әдістемелік қамтамасыз ету кәсіпорын жарғысын - персонал жұмысындағы нормативтік құжаттар базасын қамтиды. Онда персонал құрамы, ұйымдық функцияларын, кәсіпорын қызметтерінің түрлері мен міндеттерін бейнелейді. Жарғыда шаруашылық субъектілердің құқықтық, экономикалық жағдайы, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару тәртібі, еңбек ақы бойынша кепілдік қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]