Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Saraptama_adisi_Anyktama.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

Сноуден Ресейге қымбатқа түсті

Сноуден АҚШ-тың құпия барлауы туралы тағы бір шындықтың бетін ашты. Бүкіл интернет қолданушылардың кез келген әрекетін бақылауға мүмкіндік беретін Xkeyscore барлау жүйесі әлемнің 150 мемлекетіндегі 700 серверде орналасқан екен. Бейбітшілік пен демократияны насихаттауды басты мақсаты ретінде танытқан АҚШ бақылау жүргізудің өте жеңіл жолын тапқан көрінеді. Вашингтон әр елдегі елшіліктеріне барлау қызметін де тапсырыпты. Өйткені Сноуден жасаған картаға сүйенсек, Америка елшілігі жоқ елдерде ондай барлау серверлері орналаспаған. Мәселен, Иранда. Сноуден өз сөзінің дәлелі ретінде АҚШ Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 2008 жылғы құжаттарын алға тартады. Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы барлаушы Эдвард Сноуден АҚШ құпия қызметтерінің 2007 жылдан бері миллиардтан аса адамның құқығын аяққа таптап, жеке бастарына қол сұғып келгендігін, бұл әрекетті тікелей АҚШ билігі мен Еуропаның бірнеше мемлекеттері бақылап отырғандығын әшкерелейтін құжаттарды журналистерге тапсырған болатын. Нәтижесінде, әлемде дүрбелең басталып, Американың заңсыз әрекетіне наразылық өрши түскен еді. Ал 1 тамыз күні Мәскеу Шереметьево транзиттік аймағындағы экс-агентке уақытша баспана берді. Сноуденді бірнеше рет беруді талап етіп, Ресейге сес көрсеткен АҚШ Путиннің бұл қылығына оң көз таныта қоймауы анық. Вашингтон алғашқы соққылар легін бастап та жіберді. «Путин мектептегі бұзақының қылығын жасап отыр. Өз тәжірибеме сүйеніп, ондай бұзақыға дер кезінде қарсы соққы бермесе, есіріп кетеді дер едім» дейді АҚШ демократ-сенаторы Чарльз Шумер осыдан бірнеше күн бұрын CBS арнасына берген сұхбатында. Вашингтон да, Еуропа да Шумердің тәжірибесіне сүйеніп отырғандай. Кремльге қатты өкпелеген Обама Путинмен кездесуден бас тартты. Оның бұл қылығын Джей Карни түсіндірді. «Екі ел арасындағы жағдайдың күрделі болуына байланысты екіжақты кездесуден түк те өнбейді» дейді Карни. Күрделі мәселе деп отырғаны — Сноуден. Біреулерге қаһарман, біреулерге сатқын боп көрінетін Эдвард Сноуден екі елдің байланысына нұқсан келтірмейді делінген болатын. Дегенмен, Конгресс тарапынан қысым көрген Обама сөзінен айнып қалды. Өз кезегінде, Мәскеу Вашингтонға «ренжіп қалғанын», бірақ күн тәртібінде тізіліп тұрған мәселелерді екіжақты қарастыруға қашанда дайын екенін мәлімдеді. «Мұндай әрекеті арқылы Вашингтон екі ел арасындағы мәселелерді шешуге дайын емес екендігін көрсетті» дейді Лавров. Обаманың кездесуден бас тартуына қатысты айтқан пікірінде. Ақыры, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесетін боп шешілді. Жұма күні болатын кездесуде Ресей мен Америка ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде. Обаманың ренжуіне тағы да бір себеп бар. Ол — Ресейдің Сочи олимпиадасында «көгілдірлер» мен «қызтекелерге» шамадан артық қысым көрсетуі. АҚШ пен Еуропаның ойлап тапқан біржынысты некесі демократияның жаңа бір көрсеткішіндей насихатталуда. Обаманың пікірінше, ендігі жерде елдің еркіндігі қыз бен қыздың, еркек пен еркектің көшеде жабысуынан көрінеді. Бұл да бір желеу. Шын мәнінде, Обама мен «бізге Сочиде еркіндік беріңдер» деп ұрандап жатқан америкалық спортсмендер Ресейдің гей-пропогандаға қарсы екенін о баста-ақ білген. Енді ғана әрекет етіп, пікір білдіріп жатқаны тым күмәнді. Ресейдің сыртқы имиджіне кір келтірудің бұл да бір әдісі. АҚШ-тың әркімнің артынан аңдығанына наразы халыққа «міне, қараңдар, Ресей адам құқығын аяққа таптап отыр. Оларда демократия жоқ» деп ақталудың оңай жолы емес пе?! Халықаралық нормаларға сай, кез келген шетел азаматы барған елінің заңдарын, салт-дәстүрін құрметтеуге міндетті. Ендеше, бұл міндет неге гомосексуал, лезбианка спортсмендерге қатысты өзгертілуі керек?! Дегенмен БҰҰ да үнсіз отыр. Ұлыбританиялық жазушы Стивен Фрай да Обаманы қолдап отыр. Ол гомосексуалдарға еркіндік беріп, олардың бүкіл адамзат санасын улауына мүмкіндік бермегені үшін Путинді еврейлерді аяусыз қырған Гитлерге теңеді де, Сочидегі олимпиадаға байкот жариялауды сұрап, Ұлыбритания премьер-министріне арнайы хат жазды. Еуропаның «гомосексуалдарды» көкке көтеруін түсіну қиын. Мұндай қарым-қатынастарға діни наным-сенімдердің қарсы екенін есептемегеннің өзінде, бұл адамзатқа демографиялық тұрғыдан үлкен қауіп. Табиғат заңына қайшы бір-жыныстылар арасындағы жыныстық қатынасқа тіпті жануарлар да бармайды емес пе?! Не де болса, бұл Батыстың қабылдап қойған идеологиясы. Өсімінен өлімі көп «дамыған» елдер үшін мүмкін бұл қолайлы шығар. Қалай десек те, Ресейдің қарсылығы баяғыдан-ақ белгілі. Соны есепке алғанда, бұл да бір Сноуденнің құрметіне Ресейге беріліп жатқан сый десек болады. Былайша айтқанда, Мәскеу сансыз қаржыны аямай жұмсаған Сочидегі олимпиадаға байкот жариялап, келмей қалу өте ауыр соққы болмақ. Ал Еуропа мен АҚШ байкот жариялаудың сылтауы ретінде гомосексуалдар мәселесін алып отыр. Еуропа неге «өкпелі» дегенге келсек. Кәрі құрлық Вашингтонның әрекетін қайталайтыны бұрыннан белгілі. Ол — бір. Екіншіден, Сноуден АҚШ-тың жақтастарын да оңдырған жоқ. Ақ үй жасап келген, әлі де жасап жатқан қылмысқа олардың да ортақтасқаны жария болды. Соның нәтижесінде, Ұлыбритания, Германия сияқты Батыс алыптарының басшылары жағымсыз жағдайда қалды. Мәселен, осы шудың кесірінен, Германия канцлері Ангела Маркель таяп қалған сайлауда жеңіске жетуі қиын. ЕуроПарламент пен Еуропа елдерінің билігіне келтірілген залал есесіз қалмасы анық. Әрине, кейіннен Обама да, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон да байкотқа қарсы екендіктерін жеткізді. Әйткенмен, Мәскеуге идеологиялық соққы беріліп қойды. Ресейдің халық көзіне «адам құқығын қорғағыш» боп көрінуіне қарсы әрекет. Еуропа мен АҚШ-тың бұлай байбалам салып, Сноуденді беруді талап етіп жатқаны көпшілікті қызықтыруда. Бір есептен алғанда, сонша шу көтеретіндей Сноуден неге керек? Ол айтатынын айтып, беретінін журналистерге беріп қойды. Енді оны қайтара алмайды. Вашингтонның бұрынғы барлаушыны сонша сұратуы жазалағысы келгендіктен бе? Жазалағаннан не пайда? Егер ол жазаланса, Америка халқы тағы көтеріледі. Естеріңізде болса, бұдан бір ай бұрын Сноуденге қатысты жаза қолданбауды талап еткен петиция екі-ақ күнде елу мың қол жинаған болатын. Демек, Эдвардты қаһарман санаушылар баршылық. Вашингтон сонша кекшіл ме? Жоқ, мұнда басқа гәп бар. Біріншіден, Сноуденнің қолында АҚШ құпия қызметтеріне қатысты өте құнды мәліметтер бар. Ондай құпиялардың жай ғана экс-агент пен журналистер қолына түскенде, аса қауіпті бола қоймауы мүмкін. Бірақ Америкамен бұрыннан текетіресіп келе жатқан Ресейдің қолына түссе, қауіпсіздік қызметі қауіптің астында қалары сөзсіз. Мұны Кремль де біледі. Әйтпесе, өзінің халықаралық байланыстарын қатердің астында қалдырып, Сноуденді қорғай ма? Негізі, америкалық қашқынның Ресейден пана сұрайын деген ойы мүлдем болған емес. Бұл туралы өзі мәлімдеген болатын. Ол тек Ресей арқылы Латын Америкасы елдерінің біріне кетпек болған. Бірақ ол Шереметьевода сол отырғаннан мол отырып, бір ай қалып кетті. Жарайды, ол кезде оның құжаттарын Вашингтон жарамсыз етіп тастады, ал Ресейден шыққан ұшақтар Еуропадан өткізілмей, тексерілді делік. Иә, мұндай жағдайда оның басқа елге кете алуы мүмкін емес еді. Соның нәтижесінде, ол Мәскеуден уақытша баспана сұрады. Неге уақытша? Эдвардқа «уақытшаның» түк те тиімділігі жоқ. Өйткені ол уақытша баспана алу арқылы РФ территориясынан ешқайда шығып кете алмайды. Оның көздегені Латын Америкасы емес пе еді? Венесуэла да құшақ жайып қарсы алатынын жариялады. Ресей де саяси баспана беріп, өзге елге кетуіне мүмкіндік беретінін мәлімдеген болатын. Тек Путин оған «америкалық әріптестерге зиян келтіруді тоқтат» деп шарт қойды. Бұл шарттың орындалмайтынын Кремль сезген де болар. Себебі, Сноуден беретін ақпараттың бәрін журналистерге беріп қойған еді. Журналистер оны бірінен соң бірін жариялап отыр. Айтпақшы, ондай ақпараттар әлі де жарияланып жатыр. Атышулы ақпаратты алғаш жариялаған Гуардиан газетінің тілшісі Глен Гринвальдтің айтуына қарағанда ондай құжаттар саны 20 мыңнан асады екен. Сондықтан, мәселе жарияланып кеткен ақпаратта емес. Ресей Эдвард Сноуденді өз мақсатына пайдаланып, АҚШ құпия қызметтерінің барлық жұмыс істеу тәртібіне қол жеткізбек. Жалпы, Сноуден «ешкімге жұмыс істемеймін, Ресейдің де, Қытайдың да тыңшысы емеспін» деген болатын. Енді Ресейге жұмыс істеуіне тура келеді. Бұлай деуіміздің бір ғана қарапайым себебі, өмір сүру үшін қаржы қажет. Дуров оған «Вконтактеде» жұмыс істеу туралы ұсыныс жасады. Ал Ресей Федерациялық кеңесі ресейлік мәліметтердің қолды болуына қатысты фактілерді тергеуде көмектесуді ұсынды. Бұл туралы бұрынғы барлаушының биліктегі «жанашыры» сенатор Руслан Гаттаров мәлімдеді. Яғни АҚШ-қа сатқындық жасап, қауіпсіздік құпияларын ашу оның жұмысына айналмақ. Сноуден әлі ешқандай жауап берген жоқ. Шын мәнінде, ол қазір өз жағдайы туралы қандай да бір ақпарат бере де алмайды. Өз әріптесі әрі идеяласы Брэдли Мэннингтің АҚШ соты тарапынан заңсыз жазаланып жатқанына қатысты әшкерелеушінің ешқандай пікір білдірмегені қызық. Айтарын журналистер арқылы жеткізіп келген бұрынғы барлаушының журналистерден қашып жүргені, үн-түнсіз жоқ боп кетуі қандайда бір қысымның әсері десек қателеспейміз. Бұл да Ресей билігінің жасап отырғаны. Бәлкім, оны өз айтқандарына көндіріп жатқан болар. Мәскеудің Вашингтон құпияларына қолы жеткен соң, Ресей АҚШ-тың әлемді бақылаудағы серігіне айналады не болмаса оның барлық құпиясын білетін ең басты жауы болып шығады. Екі жағдайда да, әлемнің жақсара қоюы екіталай. Әйткенмен, құпияның әшкере болғанына алаңдаған Обама барлау қызметінің толықтай өзгертілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, енді жеке басқа қол сұғу мен заң органдарының заңсыз қызметі аздап тиылатын да болады. Жалпы, адам құқығын ойлап, әлемге ақиқатты әшкере еткен Сноуденнің табынушылары да көптеп табылуда. Солардың бірі Хельсинки-Баанадағы көпірлердің бірінде Эдвард Сноуденнің портретін салыпты. Сноуденнің қасындағы ақ аю Ресейді білдірсе керек-ті. Кескіннің авторы Харковь суретшісі Роман Минин болып шықты. Ол суреттің мәнін былай ашады: «Аюдың мекенінде жатқан мына жас жігіттің көзіне қараңыздаршы, ол қандай сезімде? Міне, құпия».

Экологиялық сараптама:

Экологиялық сараптама – қандай да болмасын экологиялық проблеманы шешуге және зерттеуге бағытталған әдіс.

Экологиялық сараптама пішіні:

  • Орын алған проблемалық жағдайды сипаттау;

  • Мәселеге баға беру;

  • Сол жағдайды туғызған, сол жағдайға жеткізген себептерді анықтау;

  • Орын алған жағдайдың даму тенденцияларын болжау;

  • Эколгиялық жағдайды жақсарту жөнінде бағдарлама ұсыну немесе жүзеге асырылып жатқан шараларға баға беру;

  • Экологиялық ахуалды нашарлатқан мекемелер мен ұйымдарға, жеке тұлғаларға заң жолымен ықпал ету болуы мүмкін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]