- •9 Такырып: Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- •1.Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері
- •2. Еңбекті басқару және оның ұйымдастырылуын жетілдіру
- •2.1 Нормалар мен бағалаулар
- •2.2 Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы және оның даму тарихы
- •4.Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету
- •5.Еңбектің озық әдістері,жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату және дайындау
- •5.1 Еңбектің озық әдістерін үйрену және тарату
- •6. Еңбек жағдайлары
- •5.2 Жұмыс кадрларын дайындау және біліктілігін жоғарылату
4.Жұмыс орындарын ұйымдастыру және қызмет көрсету
Жұмыс орны деп жұмыс орындаушының еңбек қызметі жүргізілетін
қажетті техникалық құралдармен қамтылған аймақты атайды.
Жұмыс аймағы -өндіріс процесіндегі арнайы технологиялық тізбелікке сәйкес келетін жұмыс өндірісіне арналған өндіріс алаңы немесе құрылымдар,ғимараттардың бір бөлігі.
Жұмыс майданы –арнайы жұмыс түріндегі өндіріске дайындалған жұмыс аймағы.
Бір бригадаға арналған жұмыс аймағы ЗАХВАТКАны құрайды,ал бір звена үшін – бөлік. Жұмыс орындарын ұйымдастыру мен жобалау кезінде олардың жоспарламасы, жарықтылығы және қызмет көрсетілуі алдын-ала қарастырылады.
Жұмыс орны өндірістік операцияларға сәйкес орындалу үшін қажетті жарықпен қамтылуы қажет.Негізінен жарық элементінің төрт түрі болады:негізгі өндірістік құрал-жабдық,қосымша құрал-жабдық,технологиялық және ұйымдастырушылық ОСНАСКА.
Жұмыс орындарына рациональды қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің маңызды бағыттары:
Жұмыс орындарын материалдармен, бөлшектермен және конструкциялармен кешенді және өз уақытында қамтамасыз ету.
Механизацияның құралдары мен құрал-жабдықтарына профилактикалық қызмет көрсету,сол сияқты құралдарды,оның қосымшаларын,инвентарлы құрылымын ауыстыру және түзету,жөндеу.
Жұмыс орындарына энергияны,суды,басқа ресурстарды және шығыс материалдарды үзіліссіз беру.
Жұмыс орындарында еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау.
Жұмысшыларға санитарлы-гигиеналық қызмет көрсету.
Жұмысты орындаушыларға тапсырмалар мен техникалық құжаттарды уақытылы жеткізу.
Жұмыс сапасына бақылау жасау.
Еңбек эстетикасы(әсемдігі) талаптарын сақтау.
Жұмыс орындарының аттестациясы мен рационализациясы – еңбек ресурстары бар жұмыс орындарын баланстауды қамтамасыз ететін және еңбек өнімділігін жоғарылататын өндірістік әлеуетті тиімді қолдану бойынша резервтар әрекетіне бағытталған мерзімді ұйымдастырушылық іс-шаралардың жүргізілу жүйесі.
5.Еңбектің озық әдістері,жұмысшылардың біліктілігін жоғарылату және дайындау
5.1 Еңбектің озық әдістерін үйрену және тарату
Жинақтау яғни еңбек процесінің рационализациясы мен оны үйрену(еңбек тәсілдері мен олардың қозғалысын құрайтын операциялар),сол сияқты олардың әдістерінің орындалуы ЕҒҰ негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Еңбектің озық әдістерін анықтауда келесідей талаптар басшылыққа алынады:
1) Табиғи өлшенімдегі жоғары шығарылым жиынтығы мен оның тұрақтылығы.
2) Орындалған жұмыстардың сапасы.
3) Жұмыс орындары мен жұмыс аймағында санитарлық-гигиениалық жағдайлар мен техникалық қауіпсіздіктің сақталуы.
4) Орындаушының жоғары жұмыс қабілеттілігін сақтау және еңбекте сырқатты болдыртпау.
5) Конструкциялар мен деталдар,материалдар шығындарының бекітілген нормаларын сақтау.
Жұмысшылардың келесі оқытылуы үшін жобаланған және нұсқаулық-ақпараттық материалдарда(технологиялық карталарда,еңбек процестері карталарында,диафильмдерде(слайдтарда),кино және бейнефилмдерде) рационалданған еңбек пройесі белгіленеді.
