Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тогжан экология реферат.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44 Кб
Скачать
☆

2.4. Топырақтың ластану көздері

Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т.б. жатады. Топырақтың ластануы дегеніміз химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактерия, вирус, қарапайымдар, гельминттер) мен олардың тіршілік өнімдерінің шамадан тыс мөлшерде болуы. Химиялық ластаушылар (неорганикалықжәне органикалық заттар) үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа топыраққа жоспарлы түрде, белгілі бір мақсатқа бағытгап, қолданылған химиялық заттар жатады. Олар пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұл препараттар шамадан артық мөлшерде болса топырақты ластаушылар болып шыға келеді. Екінші топқа топыраққа сұйық, қатты, газ тәрізді қалдықтармен бірге кездейсоқ түскен химиялық заттар жатады. Бұған топыраққа мал шаруашылығы мен өнеркәсіптен, монша, емдеу-санитариялық және малдәрігерлік мекемелерден ағып шыққан сулар мен нәжіс және зәр араласқан қалдық суларды жатқызуға болады. ТМД елдерінде (пестицидтердің көптеген түрін қолдануға рұқсат етілген. Пестицидтер ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін көтеру үшін өсімдік мақсатындағы химиялық дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.Алайда, пестицидтердің топырақтағы нақты құрамы қалыпты (есептік) мөлшерден едәуір асып түседі және кейбір елдерде аса қауіпті мөлшерге дейін жетеді. Ондай мөлшер адамға да, малға да зиян. Топырақ пестицидтермен ластанса ол жердің шөбі мен суын малға беруге болмайды. Оның ауасын жұтудың өзі де қауіпті. Өйткені, олар жіті және созылмалы улануға әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде пестицидтер қолданудың қауіпсіздігін көтеруге зор көңіл бөлінеді. Осы мақсатпен ондай препараттар улылығы аз препаратпен ауыстырылуда. Олардың формалары кейінгі кезде жетілдірілуде. Сондай-ақ, оларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормалары да негізделуде.Минералды тыңайтқыштар ауылшаруашылығында топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Оларға макрожәне микротыңайтқыштар жатады. Минералды макротыңайтқыштар дегеніміз құрамына топырақ құнарлылығын арттыратын негізгі элементгер (азот, фосфор, калий) енетін затгар. Макротыңайтқыштар азотты, фосфорлы, калийлі және аралас деп бөлінеді. Минералды тыңайтқыштар түрлері көп-ақ. Мысалы, азотты тыңайтқыштар тобына аммиак суы, карбомид, натрий нитраты, аммиак селитрасы, калий селитрасы және т.б. енгізіледі. Фосфорлы тыңайтқыштар тобына қарапайым және қос суперфосфаттар, негізгі шлактар және т.б. жатады. Азотты минералды тыңайтқыштар топыраққа тым артық енгізілсе мал денсаулығына зиян. Өйткені, нитрат метгемоглобинемия деп аталатын улануға ұрындырады. Сондай-ақ, олар топырақта канцерогенді әсері бар нитрозаминдердің синтезделуінің негізі болады[1]. Калий топыраққа өте баяу көшеді және топырақтың өздігінен тазаруы мен топырақ биоценозына зиянды әсер етпейді. Дегенмен, олармен бірге топырақ қыртысына жасанды сортаңдандыратын хлор иондары енгізіледі. Сонымен бірге мал организміне жиналған аз ғана калий жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Фосфат топырақты онша ластай қоймайды. Әйтсе де фосфат тыңайтқышы гектарына 600 кг немесе топырақтың 1 килограмына 200 мг аспауы қажет. Бұл шамадан асып кетсе жем-шөптің органолептикалық қасиеті мен қоректік құндылығын нашарлатады. Сонымен қатар топыраққа фосфор тыңайтқышын енгізу онымен бірге 1 литр жер асты суында 20 мг дейін фтор енгізілді деген сөз. 2.5Павлодар топырақтары және ластануы

Жердің солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқанына қарамастан облыстық барлық территориясы бірдей топырақ белдеуінің маңында каштан топырақта орналасқан. Территориясының (3/4 шамасындай) үлкен бөлігін қоңыр топырақты белдеу алып жатыр. Облыстық тек солтүстік шетіне қара топырақ белдеу,оңтүстік-шығыс белдеуінде топырақты ашық қаштан. Шамамен осындай бөлікті оңтүстік-батыста тау топырағы құрады олардың құрылуы вертикальді белдеу мен таудағы ылғалдылыққа байланысты.Әрбір белдеудің көптеген әртүрлі топырақтың сай келуі аналық жыныстардың әртүрлілігіне, рельефіне,климатына және гидрологиялық факторларына байланысты. Оңжағалық жазық бөлігінің топырағы төрттік дәуірдің жеңіл механикалық құрылысында құм, саз бар жыныстардан құралған. Сол жағалауда топырақ құраушы жыныс ретінде тұзды саз және ауыр саздық қатынасады. Қазақстанның ұсақ шоқылы аудандарында топырақ жамылғысы жоқ, ертедегі ескі кристалдық жыныстар кездеседі. Борпылдақ үгілмелі материалдар шоқылардың баурайында бұл жердегі дамушы топырақты ұсақ тастарға айналдыруға себепші болды. Шоқылардың арасында орналасқан тұз тасушы саздар ашық түсті каштан топырақтарды тұздандырып, сор, сортаң, солодиді жасайды. Жер асты суларының жоғары қарай атқылап шығуынан тұз жақын жатқан минерал суларынан топырақтың жоғарғы горизонтына шығады. Тұзы жердің бетіне жиналатын нағыз тұзды топырақты сор топырақ дейміз. Жазық жер беті сордың ақ дақтарымен шұбарланған. Солар сортаң жерлердің жер асты суларының деңгейінің төмен түскен жерлерінде жиі кездеседі. Осындай тұздың мол болуынан жоғарғы қабаты шайылып төмендейді де, кейбір терендікте тұз жиналады. Батыстағы көктерек-қайың түбіндегі шоқтарда артық дымқылдықтыңболуынан әрі қарай топырақты шаюдан сортандар солодилерге айналады. Осы топырақтың жоғарғы горизонты кремнеземмен байытылып, оларға ақ бояу түсін береді. Облыстың солтүстігінде қаратопырақ дамыған ол климаттың қолайлылығына байланысты салыстырмалы өсімдік жамылғысында қарашірік қүрылуына себебін тигізеді. Кара шіріктің құрамы 5-7%. Ол жоғарғы горизонтта топыраққа қою бояу береді, қалындығы 60-80 см. жетеді. Бұл топырақ біршама жоғаргы өніммен ерекшеленеді. Оңтүстікке қарай қара топырақты белдеу екі белдеу астына қою каштан және ашық каштанды топыраққа ауысады. Оларға түздылық қасиет тән. Кою каштанды топырақ подзонасы қүрғақ далалы ауданды алып жатыр Ашық каштанды подзона шөлді дала ауданын алып жатыр. Қою каштанды топырақ егістік қабатта 3-4% гумустың қалыңдығы 18-20 см. Ашық сарғылт топырақ онша үлкен емес, 2-3% гумустың қүрамымен айырмашылық жасайды. Горизонтта гумустың қалынңдығы - 12-15 см[2]. Ерекше топырақтың құрамын қүрайтын шабындық топырағы Ертістің жайылымы, облыс төңірегін:

1.каштанды топырақ;

2. шабындық;

3. шабындық - қаратопырақ;

4. жайылымды шабындық;

5. шабынды батпақты деп бөледі.

Шабындық топырақтың құрылуына 2-3 м терендікте жатқан жер асты суларының маңызы бар. Топырақтың құрылуы сулану режиміне, жер асты суларының минералдану сипатына, сол сияқты топырақ құрушы жыныстардың ерекшелігі мен өсімдіктеріне байланысты болады. Осы факторлардың қатынасына байланысты шабындық топырағының бір типі құрылады. Шабындық жайылым топырағының айырмашылағы жоғарғы горизонт топырағының лай болуы, мал азығының базасын дамыту ұшін мүмкіндік жасайды. Жер игерушілер қара топырақты және қою сары топырақты пайдаланады. Бірақ қатаң, күрт континентальді климат жер шаруашылығының жұмысын қиындатады. Сондықтан бәрінен бұрын топырақта суды сақтау, жинау туралы кешенді жұмыстар жүргізу керек.Горизонттың жоғарғы жағы, жыртылған жерлерін тозандату қа-ра топырақта 97% жетеді, қою сарғылт каштан топырақта 98%, яғни бұл топырақтар іс жүзінде ауыл шаруашылығында қолдауға құрылымсыз болды. Күшті заңдату құрылымы мен топырақтың механикалың құрамы эрозия процестеріңің пайда болуына әсер етеді. Оған облыстың көптеген табиғат аудандары жатады. Жерді дұрыс пайдаланбау дағдырысқа ұшырататынын тарих көрсетті. Павлодар облысында тың және тыңайған жерлерді ұтымды пайдаланбауды еске түсірейікші. Сондай ұқсас құбылыс жайылым жерде кездеседі. Жерді селсоқ игеру және бұл жерлерді пайдалану біртіндеп құрғақшылыққа айналдырады. Осылай топыракты пайдалану нәтижесінде ол бұрыңғы құнарлылығын жойып эрозияға ұшырады. Топырақтың құнарлылығын нашарлатуға негізгі себеп жайылым жердегі малдардыңсаныныңкөбеюі және эрозия. Эрозия өте қатты көңіл аударатын мәселе. Топырақты дұрыс өндеуді тандай алмаса және агротехниканы бұзса, жыртылған жер қабаты желмен ұшып, су тасқындары шайын кетеді. Облыстың айдалған жерлерімен жайылым жерлердің бәрінде эрозиялық процестер дамыған. Соңғы жылдары ауыл шаруашылық мәдени өсімдіктерінен жоғарғы өнім алу мақсатында жыртылған жер тыңайтқыштарды, пестицидтерді иненсивті пайдалану топыраққа қосымша кері әсерін тигізді.Онан басқа уландырғыш препараттар босқа жиі қолданылды. Пестицидтердің тек - 1 % ғана мақсатқа жетеді, қалған оның массасы жердің астында шөгіп, суды уландырады. 1953 жылы тамыз айында көрші Семей облысында күшті сутекбомбасынын жан түршігерлік жер үсті жарылысы болды. Жарылыс тың нәтижесінде жануарлардың көбі, қоршаған табиғат ортасы өлді. Жыртылған жерлермен алаңдар соның ішінде Павлодар облысының жерлері опат болды. Топырақ жамылғылары радиоактивті өнімдерден бөлініп шыққан уран мен плутония уларымен жабылады. Май, Баянауыл, Лебяжі аудандарының жерлері сәуленің әсеріне ұшырады. Олар ауылшаруашылығын пайдалануға зиянды болды. Ешқандай рекултивация мен суландыру жердің бағасын қайта қалпына келтіре алмайды. Адам жер қыртысын барынша өндеп, күшті жер бетін өзгерту фактыларымен айналысуда. Техниканың дамуы жер бетін күшті өзгертуге мүмкіндік берді. Жаңа формалар жасады (дуалдар, шұңқырлар, ойықтар, адырлар, дөңестер ж.б.) Мысал, көлік құрылыстары ойықтар, үйінділер мен шұңқырлар жасайды.Әсіресе адамдар жер бетіне көп өзгерістер жасады. Ерекше қатты пайдалы қазбаларды өндіргенде қоршаған ортаға зиян келтірді. Тау қопару жұмыстарында бос жыныстардың үйіндісі үлкен өндіріске өнім беретін алаң, тұрмысқа қажетті жерлер айналымнан шығып қалады.