- •Аналитикалық химиядан 5в070100 Биотехнология мамандығына арналған зертханалық жұмыстар катиондарды талдау
- •I, II аналитикалық топ катиондарына тән реакциялар
- •2. Реактив ретінде күкірт қышқылының қолданылуы және алынған PbSo4 тұнбаның 30%-тік nh4Ac еруі
- •III аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары
- •Бірінші-екінші топ катиондар қоспасына бақылау есебі
- •I және II топ катиондар қоспасын талдау тізбегі
- •Өзіндік бақылау сұрактары
- •3. Ализаринмен реакциясы.
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •V және VI топ катиондарының сапалық реакциялары
- •2. Тиоцианат-иондарымен реакциясы.
- •2. Калийдің (II) гексацианоферраты.
- •2. Калийдің (II) гексацианоферраты.
- •Жұмыстың орындалуы
- •Калий дихромат ерітіндісін дайындау
- •Зерттелетін ерітіндіден темірді анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Тұз қышқылы мен натрий тетраборатының стандартты ерітінділерін дайындау
- •Жұмыстың орындалуы
- •Тұз қышқылының ерітіндісін дайындау
- •Натрий тетраборатының (бура) стандартты ерітіндісін дайындау
- •Тұз қышқылы ерітіндісін бура бойынша стандарттау. Натрий карбонатын анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •Тұз қышқылы ерітіндісін стандарттау
- •Натрий карбонатын анықтау
- •Фосфор қышқылын анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •1. 0,1 М натрий гидроксидінің ерітіндісін дайындау
- •2. Натрий гидроксиді ерітіндісін қымыздық қышқыл бойынша стандарттау
- •Фосфор қышқылын анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Қоспадағы кальций мен магнийді комплексонометрлік әдіспен анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •1. Кальцийді анықтау
- •2. Магнийдің анықталуы
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
- •Тұндырып титрлеу
- •Тұндыру әдісі арқылы цинкты анықтау
- •Жұмыстың орындалуы
- •2. K4[Fe(cn)6] ерітіндісін дайындау
- •3. K4[Fe(cn)6] ерітіндісінің дәл концентрациясын анықтау
- •Өзіндік бақылау сұрақтары
2. Калийдің (II) гексацианоферраты.
Реакцияның орындалуы. Құрамында мыстың (II) ионы ерітіндінің 2-3 тамшысына (рН ≤ 7) 1-2 тамшы реагент ерітіндісінен қосады.Қоңыр-қызыл тұнба түзіледі.
2СuSO4 + K4[Fe(CN)6] = Сu2[Fe(CN)6] + 2K2SO4
3. Натрий тиосульфаты мысты қышқыл ортада түссіздендіреді және ерітіндіні сәл қыздыратын болсақ комплекс оңай ыдырап тұнба береді.
2Cu2+ + 2S2O32- +4OH- = Cu2S +S + 4H+ + 2SO42-
Реакцияның орындалуы. Құрамында мыстың (II) ионы ерітіндінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы реагент ерітіндісінен қосады. Алынған ерітіндіні қыздырамыз. Қара-қоңыр түсті күкірт пен Cu2S қоспасынан тұратын тұнба алынады.
4. Метал күйіндегі алюминий, темір және цинк мыстың (II) ионын тотықсыздандырады.
3Cu2+ + 2Аl = 3Cu + 2Аl3+
Реакцияның орындалуы. Пробиркадағы мыстың (II) ерітіндісіне метал түйірін саламыз. Бірнеше минуттан кейін метал бетінде қызыл түсті бос күйіндегі мыстың бөлінгені байқалады.
Ni2+ ионының ашылуы
1. Аммиак никель иондарымен жасыл түсті негізгі тұз (NiOH)2SO4 түзеді, ол аммиактың артық мөлшерінде ериді.
2NiSO4 + 2NH4OH = (NiOH)2SO4 + (NH4)2SO4
Ni2+ + 6NH4OH = [Ni(NH3)6]2+ + 6H2O
Реакцияның орындалуы. 2-3 тамшы никель ерітіндісіне аммиакты көп мөлшерде қосады, ашық көк түсті никель комплексі түзіледі.
2. Диметилглиоксим. Никель үшін арнайы сезімтал реактив түрінде диметилглиоксим қолданылады. Аммиакты ортада никель ішкі комплексті диметилглиоксимат күйіндегі ашық-қызыл түсті тұнба береді.
Реакцияның орындалуы. 1-2 тамшы никель ерітіндісіне 1-2 тамшы 1%-тік диметилглиоксим және 1-2 тамшы 2М NH3 қосамыз. Ашық-қызыл тұнба түзіледі.
Со2+ ионының ашылуы
1. Аммиак кобальтпен алдымен көк түсті негізгі тұзын (СоOH)2SO4 береді де, аммиактың артық мөлшерінде еріп, қоңыр-сары түсті комплекске айналады.
2CoSO4 + 2NH4OH = (CoOH)2SO4 + (NH4)2SO4
Co2+ + 6NH4OH = [Co(NH3)4]2+ + 6H2O
Реакцияның орындалуы. 1-2 тамшы кобальт ерітіндісіне қоңыр- сары түсті комплекс түзілгенше аммиактың артық мөлшерін қосады.
2. Аммоний (калий) тиоцианаты кобальттың (II) ерітіндісімен жақсы еритін көк түсті комплексті тұз түзеді.
Со2+ + 4CNS- = [Co(CSN)4]2-
Реакцияның орындлуы. 1-2 тамшы кобальт ерітіндісіне құрғақ аммоний (калий) тиоцинатын, құрғақ аммоний фторидін және 5-7 тамшы изоамилспиртін қосып, араластырады. Органикалық қабат көк түске боялады.
3. Калий нитриті. Қышқыл ортада KNO2 кобальт (II) катиондарымен сары түсті калийдің гексанитрокобальтатты тұнбасын береді.
NO2- + СН3СООН = HNO2 + СН3СОО-
Co2+ + HNO2 = Co3+ + NO↑ + H2O
Co3+ + 6NO2- = [Co(NO2)6]3-
3K+ + [Co(NO2)6]3- = K3[Co(NO2)6]
Реакцияның орындалуы. 1-2 тамшы кобальт (II) ерітіндісіне 2 тамшы 2М СН3СООН, 2 тамшы СН3СООNa және құрғақ KNO2 қосамыз. Қоспаны су моншасында бірнеше минут қыздырамыз. Сары тұнба K3[Co(NO2)6] түзіледі.
6- зертханалық жұмыс
VI аналитикалық топ катиондары Cu2+, Ni2+, Co2+, Cd2+
Катион |
Орындау керек |
Білу керек |
NH3H2О артық мөлшері |
||
Cu2+ |
1. NH3H2О |
1. NaOH |
2. K4[Fe(CN)6] |
2. Na2HPO4 |
|
3. Na2S2O3 |
3. KJ |
|
4. металдармен реакциясы: Fe, Zn, Al |
||
Ni2+ |
1. NH3H2О |
1. NaOH |
2. диметилглиоксиммен реакциясы (Чугаев реактиві) |
2. Nа2CO3 |
|
3. Na2HPO4 |
||
4. K4[Fe(CN)6] |
||
Co2+ |
1. NH3H2О |
1. NaOH |
2. NH4CNS |
2. (NH4)2S |
|
3. KNO2 |
3. Na2HPO4 |
|
4. K4[Fe(CN)6] |
||
Cd2+ |
1. NH3H2О |
1. NaOH |
|
2. (NH4)2S |
|
Cu2+ионының ашылуы
1. Мыс иондарына аммиак аз мөлшерде қосылса жасыл түсті негізгі тұз түрінде тұнба береді, ол реагенттің артық мөлшерінде ериді. Бұл жағдайда қанық-көк түсті аммиакты комплекс түзіледі.
2CuSO4 + 2NH4OH = (CuOH)2SO4 + (NH4)2SO4
Сu2+ + 4NH4OH = [Сu(NH3)4]2+ + 4H2O
Реакцияның орындалуы. Құрамында мыстың (II) ионы ерітіндінің 2-3 тамшысына рН>9 артқанша аммиактың ерітіндісін қосады. Көк түстің пайда болуы мыс иондарының бар екендігін айқындайды.
