- •Зертханалық жұмыстар
- •Алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету ережелері
- •Шыныдан жасалған химиялық ыдыстар
- •5 Тәжірибе. Темір және оның қасиеттері.
- •2 Тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
- •3 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының катализаторға тәуелділігі.
- •4 Тәжірибе. Химиялық реакция жылдамдығының ингибиторға тәуелділігі.
- •1 Тәжірибе. Химиялық тепе-теңдікке әрекеттесуші заттар концентрациясының әсері.
- •2 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi төмен терiс атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықсыздандыру қасиеттерi.
- •3 Тәжірибе. Тотығу дәрежесi жоғары атомдардан тұратын күрделi заттардың тотықтыру қасиеттерi.
- •4 Тәжірибе. Калий перманганатының тотықтырғыш қасиеті.
- •1 Тәжірибе. Қатты заттан проценттік концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •1 Тәжірибе. Металдардың тотықсыздандырғыш қасиеті.
- •2 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден проценттік концентрациядағы ерітіндіні дайындау
- •3 Тәжірибе. Қатты заттан молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •4 Тәжірибе. Концентрленген ерітіндіден молярлы концентрациядағы ерітінді дайындау.
- •1 Тәжірибе. Қышқыл, негіз және тұз ерітінділерінің электрөткізгіштігі.
- •2 Тәжірибе. Электролит ерітінділердегі иондық әрекеттесулер.
- •1 Тәжірибе. Индикатор түсінің өзгеруі
- •2 Тәжірибе. Тұздар гидролизі
- •3 Тәжірибе.Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторларды зерттеу.
- •4 Тәжірибе. Буферлі қоспалар.
- •1 Тәжірибе. Кешенді катионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •2 Тәжірибе. Кешенді анионды қосылыстардың түзілуі мен диссоциациясы.
- •3 Тәжірибе. III валентті темірдің қарапайым және кешенді иондарының айырмашылығы.
- •4 Тәжірибе. Кешенді иондардың тұрақтылығы мен бұзылуы.
- •5 Тәжірибе. Қос тұздардың диссоциациясы.
- •6 Тәжірибе. Кешентүзілу процесіне ерітінді концентрациясының әсері.
- •1Тәжірибе. Хлорид ионына сапалық реакциялар.
- •2 Тәжірибе. Сульфат ионына сапалық реакциялар.
- •3 Тәжірибе. Карбонат ионына сапалық реакциялар.
- •5 Тәжірибе. Қорғасын катионына сапалық реакциялар.
- •6 Тәжірибе. Барий катионына сапалық реакциялар.
- •7 Тәжірибе. Мыс катионына сапалық реакциялар.
- •8 Тәжірибе. Катиондар қоспалары мен аниондар қоспаларын талдау бойынша тапсырмалар.
- •1 Тәжірибе. Қышқылдық-негіздік титрлеу (тұз қышқылының стандартты ерітіндісімен)
- •2 Тәжірибе. Йодометрия (натрий сульфаты ерітіндісін стандарттау).
- •Әдістемелік нұсқаулықтар
1 Тәжірибе. Индикатор түсінің өзгеруі
Тоғыз сынауық алыңдар. Үш сынауыққа 3 мл-ден дистильденген су құйыңдар. Біріншісіне – 3 тамшы лакмус ерітіндісін, екіншісіне – 3 тамшы фенолфталеин, үшіншісіне – 3 тамшы метилоранж тамызыңдар. Түстерді кестеге жазыңдар.
Басқа үш сынауыққа 3 мл-ден күкірт қышқылын құйыңдар, олардың әрқайсысына 3 тамшыдан лакмус, фенолфталеин, метилоранж индикаторларын тамызыңдар. Олардың түстерін кестеге жазыңдар.
Қалған үш пробиркаға 3 мл-ден натрий гидроксидін құйып, олардың әрқайсысына 3 тамшыдан жоғарыда көрсетілген индикаторларды қосыңдар. Алынған нәтижелерді кестеге жазып алыңдар
Зерттелетін |
Орта |
Индикатор түсі |
||
ерітінді |
|
Лакмус |
Фенолфта леин |
Метилоранж |
Дистильденген су |
|
|
|
|
Күкірт қышқылы
|
|
|
|
|
Натрий гидроксиді
|
|
|
|
|
2 Тәжірибе. Тұздар гидролизі
а) Әмбебап индикатордың көмегімен Na2SO4 және KNO3 ерітінділерінің рН-ын өлшеңдер. Аталған ерітінділерді гидролиз процесінде қарастырып қорытынды жасаңдар.
б) Әмбебап индикатордың көмегімен 0,1М Na2CO3 және NаНСО3 ерітінділерінің рН-ын өлшеңдер.Нәтижелерді салыстырыңдар. Қандай ерітіндіде гидролиз процесі толық жүреді және неліктен?
в) Әмбебап индикатордың көмегімен 0,1М FeCl2 және FeCl3 ерітінділерінің рН-ын өлшеңдер. Нәтижелерді салыстырыңдар. Қандай ерітіндіде гидролиз процесі толық жүреді және неліктен?
г) Әмбебап индикатордың көмегімен 0,1М Na3PO4, Na2HPО4 және NaH2PO4 ерітінділерінің рН-ын өлшеңдер. Қандай тұз толық гидролизге ұшырайтындығы жайлы қорытынды жасаңдар. Ерітіндіде қандай тепе-теңдік орын алады және қай бағытқа ығысатынын көрсетіңдер.
д) Темір (Ш) хлоридінің ерітіндісіне натрий карбонатының ерітіндісін қосыңдар. Қандай газ бөлінеді және қандай қосылыс тұнбаға түседі?
3 Тәжірибе.Гидролиздену дәрежесіне әсер ететін факторларды зерттеу.
а) Тұз түзетін қышқылдың және негіздің күші оның гидролиздену дәрежесіне қалай әсер етеді?
Екі сынауыққа ¼ бөлігіне дейін дистильденген су құйыңдар. Бірінші сынауыққа натрий сульфатының бірнеше кристалын, ал екіншісіне – сондай мөлшерде натрий карбонатының кристалын салыңдар. Газ бөлінуі байқалмаса, онда гидролиз тек бірінші сатымен жүргендігіне көз жеткізіңдер. Әрбір сынауыққа бірнеше тамшы фенолфталеин тамызыңдар. Қандай тұз ерітіндісінде фенолфталеиннің түсі қарқындырақ? Қай ерітіндіде ОН- ионының концентрациясы жоғары? Қай тұздың гидролиздену дәрежесі жоғары? Неліктен?
б) Тұздардың гидролиздену дәрежесіне температураның әсері.
Сынауықтың 1/3 бөлігіне дистильденген су құйып, оған натрий ацетатының бірнеше кристалын салыңдар. Осы тұз гидролизінің иондық-молекулалық теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіге бірнеше тамшы фенолфталеин тамызып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Ерітіндіде фенолфталеиннің түсі қалай өзгереді? Ерітіндідегі ОН- ионының концентрациясына байланысты фенолфталеиннің түсінің өзгеруі негізінде қандай қорытынды жасауға болады? Гидролиздену тепе-теңдігі қай бағытқа ығысады? Гидролиз дәрежесіне температура қалай әсер етеді? Осы әсердің себептерін көрсетіндер.
