XXIV бап
1. Осы Конвенция барлық мемлекеттердiң қол қоюы үшiн ашық. Осы баптың 3-тармағына сәйкес осы Конвенцияның күшiне енуiне дейiн оған қол қоймаған кез келген мемлекет оған кез келген уақытта қосыла алады. 2. Осы Конвенция оған қойған мемлекеттердiң бекiтуiне жатады. Бекiту грамоталары мен қосулы туралы құжаттар Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi, Америка Құрама Штаттары және Советтiк Социалистiк Республикалар Одағы Үкiметтерiне сақтауға өткiзiледi, олар осымен депозитарий үкiметтер ретiнде тағайындалады. 3. Осы Конвенция бесiншi бекiту грамотасы сақтауға өткiзiлген соң күшiне енедi. 4. Осы Конвенция күшiне енген соң бекiту грамоталары немесе қосылуы туралы құжаттары сақтауға өткiзiлетiн мемлекеттер үшiн ол олардың бекiту грамоталары немесе қосылуы туралы құжаттары сақтауға өткiзiлген күнi күшiне енедi. 5. Депозитарий мемлекеттер осы Конвенцияға барлық қол қойғандарды және оған қосылған мемлекеттердi әрқайсының қол қойған күнi туралы, әрбiр бекiту грамотасының және қосылуы туралы құжаттардың сақтауға өткiзiлген күнi туралы, осы Конвенцияның күшiне ену күнi туралы, сондай-ақ басқа да хабарламалар туралы дереу хабарландырады. 6. Осы Конвенцияны Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының 102-бабына сәйкес депозитарий мемлекеттер тiркейдi.
XXV бап
Конвенцияның кез келген қатысушы мемлекетi осы Конвенцияға түзетулер ұсына алады. Түзетулер осы түзетулердi қабылдаушы, Конвенцияның әрбiр қатысушы мемлекетi үшiн оларды Конвенцияның көпшiлiк қатысушы мемлекеттерi қабылдағаннан кейiн, Конвенцияның әрбiр қалған қатысушы мемлекетi үшiн олар осы түзетулердi қабылдаған күнi күшiне енедi.
XXVI бап
Осы Конвенция күшiне енген соң он жылдан кейiн оны қайта қарау туралы мәселе Конвенцияны қолдану тәжiрибесiнiң негiзiнде ол өзгертудi қажет ете ме деген туралы мәселенi қарау үшiн бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының алдын ала күн тәртiбiне енгiзiледi. Алайда Конвенция күшiне енген соң бес жылдан кейiн кез келген уақытта қатысушы мемлекеттердiң үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша және қатысушы мемлекеттердiң көпшiлiгiнiң келiсiмiмен осы Конвенцияны қайта қарау мақсатында қатысушы мемлекеттердiң конференциясы шақырылады.
XXVII бап
Конвенцияның кез келген қатысушы мемлекетi өзiнiң Конвенциядан шығатыны туралы ол күшiне енген соң бiр жылдан кейiн депозитарий мемлекеттердi жазбаша хабарландыру жолымен мәлiмдей алады. Мұндай шығу осы хабарламаны алған күннен бастап бiр жыл өткен соң күшке ие болады.
XXVIII бап
Ағылшын, испан, қытай, орыс және француз мәтiндерi бiрдей болып табылатын осы Конвенция депозитарий мемлекеттердiң архивiне сақтауға тапсырылады. Осы Конвенцияның тиiстi түрде куәландырылған көшiрмелерiн депозитарий үкiметтер Конвенцияға қол қойған және оған қосылған мемлекеттердiң үкiметтерiне жiберетiн болады. ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУҒА тиiстi түрде уәкiлеттiк берiлген төмендегi қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды. Москва, Лондон және Вашингтон қалаларында мың тоғыз жүз жетпiс екiншi жылы наурыздың 29-ы күнi үш данада ЖАСАЛДЫ.
