- •2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау
- •Мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен жаңа өзара іс-қимыл жүйесін құруы керек.
- •1.2 Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз
- •1.3 2050 Жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:
- •1.4 Стратегияны әзірлеудің негізгі бағыттары:
- •Кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
- •2.1 Ғылым мен бизнестің толыққанды кооперациясы
- •2.2 Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын жедел дамыту көзделіп отыр.
- •2.3 Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары
Кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады.
Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс.
Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.
Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен.
Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:
Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып,отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау.
Бүгінгі күннің міндеті - ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру.
Өкінішке қарай, қазіргі уақытта шағын және орта бизнеске салық салу жүйесіндегі қиғаштықтар олардың дамуы мен өсуіне кедергі келтіруде. Сондықтан Үкімет 2013 жылдың соңына дейін заңнамаға микро, шағын, орта және ірі бизнес ұғымдарын айқын жіктеугебағытталған өзгерістер енгізсін. Бұл тұста біз шағын және орта іскерлік сегменттеріне түсетін күшті ауырлатпауға тиіспіз.
Мен Үкіметке 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін Қазақстан азаматтарының өмір-тіршілігі қауіпсіздігіне тікелей ықпал етпейтін барлық рұқсаттар мен лицензияларды қайтарып алып, оларды хабарландырумен ауыстыруды тапсырамын.
Заңнамалық негізде бизнеске ұсынатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын бақылау мәселелерін өзі реттейтін жағдай тудыру қажет. Бізге тұтынушылар үшін сот шешімдерін қабылдаудың көпдеңгейлі жүйесін алып тастап, олардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесін әзірлеп шығу керек.
Екіншіден, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі принципіне негізделген сенімді диалог құру үшін бизнесті топтастыруды жалғастыру керек, ол бұл жаңа стратегияны жүзеге асыруда кең ауқымды және барлық кәсіпкерлердің тартылуы міндетін шешіп береді.
Халықаралық тәжірибені талдау көрсеткендей, кәсіпкерлердің палаталарға топтасуы - экономиканың тиімділігінің маңызды факторының бірі, осылай істелген жерлерде «мықты бизнес - мықты мемлекет» қағидасы іс жүзіне асты.
Үкімет «АТАМЕКЕН» Одағымен бірлесіп, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына міндетті мүшеліктің тұжырымдамалық моделін әзірледі.
Аталған модель кәсіби-техникалық білім, әсіресе, ауылдық жерлер мен моноқалалардағы шағын бизнесті кешенді сервистік қолдау, сыртқы экономикалық қызмет салаларында мемлекеттік органдардың кең өкілеттіктері мен функцияларын құрылатын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына беруді қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметтің сенімді және білікті серіктесіне айналады.
Осыған байланысты Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеп, оны Парламентке келесі жылдың бірінші тоқсанында енгізуді тапсырамын.
Үшіншіден, мемлекет өзінің ролін өзгертуі тиіс. Бізге кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет.
Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек.
Жеке бизнес әрқашан және барлық жерде мемлекеттен гөрі тиімдірек әрекет етеді. Сондықтан біз стратегиялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен қызметтерді жеке қолға беруге тиіспіз. Бұл - отандық кәсіпкерлікті нығайту үшін аса маңызды қадам.
Бұл жолдағы алғашқы қадам «Халықтық ІРО» бағдарламасының сәтті басталуы болды. Бұл - ең алдымен ұлттық байлықтың халықтың қолына таратылып берілуі. «ҚазТрансОйл» компаниясы тарапынан 28 миллиард теңгені орналастыру туралы хабарланды және қазірдің өзінде тапсырыстар ұсыныстан екі есе асып кетті.
Әлемдік тұрақсыздықтың басты қатері - жұмыссыздықтың өсуі. Елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік те, салалық та - барлық бағдарламалар, тек әлдебір бөліктері емес, барлығы нақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан Үкіметке және әкімдерге 2013 жылдың өзінде-ақ төмендегіні іске асыруды тапсырамын:
Кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау жөніндегі бұрын қабылданған барлық бағдарламаларды ықпалдастыру.
Бюджеттік қаражатты жұмыссыздардың және кірісі аз адамдардың көрсеткіші жоғары өңірлерге бөлу тетіктерін әзірлеу.
Бұл жаңартылған бағдарламаның орындалуына жауапты ретінде мен Премьер-Министрдің жеке өзі мен әкімдерді бекітемін.
(2) Бұдан жарты жыл бұрын, «Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақалам жарияланған соң Кәсіподақтар және еңбектің реттелуі туралы Заң әзірлене бастады. Біздің мақсатымыз - еңбеккерлер мүддесін ескерген кәсіпкерлік қолдауын қамтитын еңбек қатынастарының түбірімен жаңа үлгісін жасау.
Күшіне еніп, барлық еңбеккерлердің мүддесін қорғауы үшін бұл заңның қабылдануын жеделдету қажет.
(3) Үкіметке еңбек төлеміне және ондағы сәйкессіздіктерді қысқартуға қатысты мүлде жаңа амалдар табу шараларын қабылдау қажет.
Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.
Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн.
