Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих сурактар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
24 Кб
Скачать
☆

6) 1921 – 1922 Жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

7) Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:

1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.

3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.

4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

8) Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ға ғана жетті. 1925 жылы желтоқсан айында БК(б) Партиясының XIV съезі өтті. Онда елді социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – 1) халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, 2) инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.

Индустрияландыру ісі Қазақстанда елдің басқа аудандарына қарағанда біршама кешірек басталып, уақыты жағынан КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығымен (1928 – 1932 ж.ж.) тұтас келіп, өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты.

9) Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:

1.Өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою.

2.Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік – техникалық мамандарды қалыптастыру.

10) Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісі

Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.

11) Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:

1) Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.

2) Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.

3) Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.

4) Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

12) Индустрияландыру ерекшеліктері:

1) Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.

2) Білікті жұмысшы мамандар, инженер – техник қызметкерлер сырттан, негізінен Россия мен Украинадан әкелінді.

3) Жергілікті мамандар жетіспді.

4) Урбандалу (урбанизация) процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді. 1930 жылдың аяғында қала халқы 29,8 %, 1939 жылы қалада тұратын қазақ – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]