Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГУ курсавой.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
730 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

  Қорытындылай келе, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты ықпалдастығына, сондай-ақ, Вашингтонда болған кездесулердің бірқатар нәтижелеріне тоқтала кеткім келеді.

  Америка Құрама Штаттарымен арадағы қатынас Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Астана мен Вашингтон оларды екі ел президенттерінің 2006 жылғы қыркүйектегі Бірлескен мәлімдемесімен бекітілген принциптерге негізделген стратегиялық әріптестік қатынас ретінде қарастырады.

Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздіктері салаларында:

- жаһандық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық атом энергетикасын дамыту үшін жоғары байытылған уранды пайдаға жарату бойынша бірлескен қадамдар жасайды; - Қатерді Бірлесіп Қысқарту бойынша Нанна-Лугара бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз етеді; - «Жаппай қырып-жою қаруларын таратуға қарсы күрес жүргізу қауіпсіздігі бойынша бастамалар» аясында ықпалдасады. 2008 қаңтарында біздер Қазақстан қарулы күштерінің әсерін арттыру, бейбітшілікті қолдау және Каспий теңізіндегі әскери инфрақұрылымды дамыту бойынша Қазақстанның әлеуетін нығайту мақсатында Әскери Ықпалдастықтың екінші бесжылдық жоспарына қол қойдық.

Энергетика салаларында:

- Қазақстан «Chevron», «ExxonMobil», «ConocoPhillips», «Parker Drilling», «Halliburton» бірлесе отырып, көмірсутегі шикізатын өңдеу және Каспий кен орнына қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске асырады. - Бұған дейін аталғанындай, «ҚазАтомӨнеркәсіп» американдық «Westinghouse» компаниясының тең иегері болды. Бүгінгі күні біздің мақсатымыз атом энергиясының үлкен әлеуетін бейбіт мақсатта пайдалануды қамтамасыз етуде біздің әріптесіміздің қолдауына ие болу болып табылады, өйткені бұл әлеует Қазақстанның мұнай және газ секторымен байланысты.

Экономика салаларында

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде жеке сектордың бірінші кезектегі рөлін мойындай отырып, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары Қазақстанның жеке меншік мен мемлекеттік секторларына инвестициялар салу мақсатында Мемлекеттік–жекеменшік экономикалық әріптестік Қазақстан-американ бастамашылығын іске қосты. Әріптестіктің сонымен қатар, маңызды өңірлік кезеңдері бар, атап айтқанда, Ауғанстанды қоса алғанда Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық бірігудің дамуына ықпал етеді. 

Демократияны құру салаларында

Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары біздердің саяси жүйелерімізді жаңарту саласында табысты диалог жүргізуде. Бұл Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына толықтай сәйкес келеді. Алдағы уақытта Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі контекстінде диалог одан сайын көкейкесті бола түсуде.

  Менің бұл жолғы Америка Құрама Штаттарына жасаған сапарым екіжақты ықпалдастықтың келешегіне қатысты «сағат тілдерін сәйкестендіру» болды. Мен және менің американдық әріптестерім екіжақты де және халықаралық деңгейде де біздердің қатынастарымызды одан әрі нығайтуға деген адалдығымызды растады. Ықпалдастықтың базалық негізі — энергетика, сауда, лаңкестікке қарсы күрес, таратпау — өзгеріссіз қалады және болашаққа бағдарланған. Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасын диверсификациялауға және жаңғыртуға терең мүдделі екендіктерін растады, оның Орталық Азияның қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызы бар.

  Менің Конгрестегі және Әкімшіліктегі кездесулерім экономикасын одан әрі бейтараптандыруға деген Қазақстанның алған бағытының дұрыс екенін көрсетті және қоғам Америка Құрама Штаттарының қолдануына ие болып отыр. Америка Құрама Штаттарындағы президенттік сайлау қарсаңында біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік ұзақ мерзімді және іргелі сипатқа ие болып отыр.

  Қазақстан ХХІ ғасырға жаңа геосаяси жағдайдағы өзінің сыртқы саясатындағы басымдыққа бейімделе отырып қадам басты. Бірақ Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты мақсаты мен принциптері бұрынғыша қалып отыр, бұл — ұлттық мүдделерді қорғау; бірізді және тепе-тең сыртқы бағыт; даму үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету; біздердің әріптестерімізбен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастықты нығайту; қоршаған ортаны сақтауға белсенді қатысу және әлемдегі тұрақты дамуды қамтамасыз ету.

  Америка Құрама Штаттарымен жоғарыда аталған стратегиялық бағыттағы ықпалдастықты дамытуда біздер Қазақстанның Президенті атап айтқан — саяси және экономикалық қатынастарда жаһандық жүйеде елдердің толық бірігуіне кепілдік беретін және біздердің ұлттарымыздың тұрмыстық жағдайларының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді басымдықты іске асыру бойынша өзіміздің күштерімізді ыңғайлауға олардың ықпал етуін басшылыққа алатын боламыз. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі :

1)Хан Г.Б, Суворов Л.С, Рахманова Г.Б., «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» ., Алматы 2003. 

2)М.Лаумулин., «Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология., Алматы 2000. 

3)М.Алимбаев, А.Абдрахманов., «Казахстан и США» (Материалы международной конференции) 

4)Касымжомарт Токаев «Преодоление: Казахстанская внешняя политика» 

5)Каз. Газета и Каз правда., шығарылым  2010 ж.

6)“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]