Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖОСПАР.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

1.1 Үндістан мемлекетінің қоғамдық құрылымы және құрамы.

Үндістан – Оңтүстік Азияда Үнді түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел.

Ол терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухуни мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптармен дәстүрдің, жер-жиһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Үндістанның құрамына 25 штат пен 7 одақтас аумақ кіреді. Астанасы – Дели қаласы. Үндістан шығысында Бангладешпен (шекарасының ұзындығы 4503 км), Мьянмамен (1463км), солтүстігінде Қытаймен (3380 км), Непалмен (1690 км), Бутанмен (605 км), батысында Пәкстанмен (2912 км) шектеседі.

Елдің оңтүстігін Үнді мұхитының суы шайып жатса, Полк бұғазы елді Шри-ланка аралынан бөліп жатыр. Батысында Араб теңізінің суы,шығысында Бенгал шығанағы қоршап жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы – 14103 км, жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км. Елдің жалпы ауданы – 3 млн 288 мың км2. Үндістан Ұлыбританиядан тәуелсіздігін 1947 жылы 15 тамызда алған. Заңдары ағылшынның жалпы құқығына негізделіп жасалған. Ұлттық мейрамы 26 қаңтарда – республиканың жариялаған күні (1950 ж.). Үкімет билігі президент (мемлекет басшысы) пен Министрлер кеңесінің басқарушы премьер-министрдің қолында. Заң шығару екі палаталы парламент тарапанынан жүзеге асырылады. Жоғары палата – халықтық палата, төменгі палата – штаттар кеңесі. Ең ықпалды саяси партиялары: Үндістан ұлттық конгресі (ҮҰҚ), Бхаратия джаната партиясы (БДП).Үндістан экономикалық-географиялық жағдайы оның шаруашылығының дамуына қолайлығымен ерекшеленеді . Елдің оңтүстігін жанай өтетін Жерорта теңізінен Қызыл теңіз арқылы Тынық мұхитқа баратын теңіз жолдары елді Үнді мұхитының жағалауында орналасқан мемлекеттермен және Аустралиямен байланыстырып тұрады. Ұлыбританияның Үндістан отары бөлінгеннен кейін (1947 ж) оның орнында құрылған Үндістан, Пәкстан, Бангладеш арасындағы құрлықтағы шекарада табиғи кедергі жоқ. Алайда Үндістан мен Пәкстан арасындағы аумақтық мәселелер әлі күнге дейін шешілмей келеді, сондықтан да бұл екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты қиындатып отырғаны рас.

Ал Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жолы қиын, зәулім таулы Гималай жоталары бойынша өтеді. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан, Тәжікстан және Түрікменстанды Үндістаннан тар аймақ – ауған жері бөліп жатыр. Осы бір тар аймақта Памир, Гиндукуш және Гималай тау жүйелері тоғысады, бұл құрлық көлігіне кедергі туғызады.

1.2 Үндістан мемлекетінің даму тарихы және геосаяси жағдайы.

Қазіргі Үндістан аумағында өте ертедегі ежелгі адамзат өркениеті пайда болған. Б.з.д. 3мың жылдықтың ортасынан б.з.д. 2 мыңжылдықтың бірінші жартысына дейін Үндістан аумағында харапп өркениеті дамыды.

Бұл өркениеті веда тілін алып келген үнді-арий тайпалары қиратты. Б.з. VI ғ. Үндістанның солтүстік-батысы Парсы империясының 1 Дарий қоластына өтті. X ғ. Соңындағы мұсылмандар басып алғанға дейін Үндістан аумағында үнді мәдениеті мен діні басым түрлі мемлекеттер тіршілік етті.

Үндістанның басым бөлігіндегі мұсылман иелегін Темірлан шапқыншылығы алмастырды (1398-1399 жж.). Осы кезде ислам діні дамыған Дели сұлтандығы өзінің бір қатар иеліктерінен айырылды.Темірланның немересі Бабыр шах 1526 ж. Делиді басып алып, Үндістан аумағында Ұлы Моғолдар империясының негізін салды. Бұл империяның шарықтау шегі ғ. Басына тура келеді. Осы кезде Үндістан аумағына бір қатар еуропалық державалар көз аларта бастады. Бұл аймаққа деген ықпал үшін Франция мен Англия арасындағы тартыс Англиянын пайдасына шешілді.

Жаңа колонияны белсенді игеру Британия тарапынан XVIII ғ.соңы мен ХIХ ғ. Басында іскке асырылды. Үндістандықтардың соңғы қарсылығы 1818 жылы жойылды. 1858 жылы сипайлар көтерілісін басып тастаған ағылшындар Ұлы Моғолдар империясының жойыоғанын паш етті. ХХ ғ. 40-жылдарының басында өткен Махатма Ганди бастаған ұлт-азаттық қозғалысы 1947 жылы елдің тәуелсіздігін алып келді.

1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға – Үнді одағы мен Пәкстанға бөлінді.

Тәуелсіз Үндістанның бірнеше премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлар Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысыз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімді соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды.

1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх Гандиді атып өлтірді Премьер-минисстр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқанында адам өлтірушілер қолынан қаза табады.