Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология және адам денсаулығы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
71 Кб
Скачать
☆

2.5 Полигон

Адам өзін қоршаған ортамен бірге өсіп, бірге қайнап келеді, өзі де осы табиғаттың бір бұтағы болып саналады. Біз адам — әлеуметтік ақиқат иесі дейміз, бірақ оның биологиялық тұрғыдан табиғатын толық танымаймыз немесе оны қайта құрсақ дейміз.Қоршаған орта: ауа, су, жер, ормандар сау болса ғана адамның өзі де сау болады.Адам — Жердегі биологиялық түрлердің ең жасы. Жер адам пайда болудан миллиардтаған жыл бұрын жаратылған және, бәлкім, адам бір-бірімен және табиғатпен бейбіт өмір сүруді үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда, жер сонша уақыт тіршілік ете алады. Бірақта біз ғасырлар бойы және мыңдаған жылдардан бері табиғатты пайдалану ұранын басшылыққа алып келеміз, яғни табиғатқа қарама-қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.

Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және оны бұзбаған жөн, адам өркениетін қоршаған әлемге аса сақтықпен қарап отырып, одан өз орнын табуга тиіс.

Қоршаған ортаны «қайта пішу» жөніндегі желөкпе жобаларды және ойланбай істелген әрекеттердің зардаптарын кім білмейді? Аралдың апатты таяздауы, Байкалдың ластануы, ұланғайыр Қарақалпақстан жерінің тұз бен батпаққа айналуы, су электр станцияларын салған кезде орасан үлкен аудандардың су астыңда қалуы — бұл тек белгілі мысалдар ғана. Өзімізді қоршаған ортаны осынша ғаламат өзгеріске душар ету, өкінішке орай, адамның жаңа табиғи-климаттьң және өндірістік жағдайға бейімделуіңдегі экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шеше алмайды. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағында болған өзгеріс. Ол ешбір ақылға симайтын апат.

Полигонның ондаған жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде айналаның — топырақтың, атмосфераның, судың радиоактивті газ-тозаңдармен, азық-түліктің радионуклидтермен ластануы туралы ауыз ашпайтын әдет берік қалыптасқан болатын, ядролық сынақтардың қоршаған ортаға әсері туралы болжам теріске шығарылды. Ал бұл бағытта ешбір зерттеулер мақсаткерлікпен жүргізілген жоқ. Тек облыстағы жекелеген салалардың ведомстволық бақылауы мен шешімдері кейбір мәліметтер береді.

Ғасырлар бойы терең тыныштықта, бейне бір ұйқыда жатқан жер қабаттары жер асты ядролық күшті жарылыстардан қозғалысқа келіп, олардың ежелгі (аналық) құрылыстары бұзылады.

Жер астыңдары ядролық жарылыстар салдарынан тау жыныстары жарылады, уатылады жаңа қуыстар пайда болады, ежелгі құрылымдар өзгеріске түседі, мұның өзі ежелден келе жатқан тау шоқыларының шегуіне, немесе опырылып төмен түсуіне әкеп соғады, жер қабаттарының ғасырлар бойы бекінген бейнесі өзгереді.

Бітімі жағынан қатты тау жыныстарының құрылымы өзгереді, кейбір жер асты жарықтары үзіледі, бітеліп қалады, екіншілері бағытын, орнын өзгертеді, жаңа әлсіз аймақтар немесе жаңа жарықтар пайда болады.

Міне, сондықтан жер астындағы судың табиғи ағыны зақымданып, бағыты өзгеріп кетеді, немесе құрып қалады.

Полигонға іргелес аудандардың шаруашылықтарында осындай суы тартылған құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырады. Соңғы жылдары поселкелер мен малды сумен қамтамасыз етіп тұрған 700 құбырлы құдық істен шығып қалды.