Казахский язык
1. Синоним сөздерді көрсетіңіз. A) Тар, кең. B) Жақсы, жаман. C) Әлді, әлсіз. D) Салт, дәстүр. E) Жас, кәрі. |
2. Негізгі сын есімді белгілеңіз. A) Ұйқысыз. B) Еріншек. C) Батыл. D) Реттік. E) Күзгі. |
3. Реттік сан есімді анықтаңыз. A) Алтау адам. B) Алты жүз кітап. C) Елу жаста. D) Бесінші қатар. E) Екі бүтін оннан үш. |
4. Болымсыз етістікті табыңыз. A) Көрме. B) Көрді. C) Көрсең. D) Көрсек. E) Көрген. |
5. Қазақ тілі қай тілдер тобына жататынын көрсетіңіз. A) Славян. B) Қытай. C) Грек. D) Түркі. E) Латын. |
6. Сөйлемнің қазақ тіліндегі баламасын анықтаңыз. Казахстан – удивительно красивая страна. A) Қазақстан – таңғажайып сұлу ел. B) Қазақстанның жері сұлу. C) Казақстанның жері және сұлу. D) Қазақстанның жері - таңғажайып. E) Қазақстанның жеріне таңқаласың. |
7. «Күн» сөзімен тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз. A) Алтын. B) Жылы. C) Сары. D) Салқын. E) Ыстық. |
8. Тек үнді дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз. A) Әдемі, ұстаз. B) Машина, уақыт. C) Аққу, суық. D) Ұлан, маймыл. E) Күзетші, мақсат. |
9. Ашық буынды күрделі сөзді табыңыз. A) Қалада. B) Отбасы. C) Он бірінші. D) Бала-шаға. E) Үш машина. |
10. Буын үндестігіне сай жалғанған қосымшаны табыңыз. A) Баламен. B) Апамдікі. C) Ұлдарына. D) Мұғалім. E) Гүлзар. |
11. Түбір сөздер қатарын табыңыз. A) Өзен, малшы, әнші. B) Жұмбақ, қалам, суретші. C) Ауыл, оқыған, елші. D) Суретші, жазушы, келші. E) Ғалым, жаз, кел. |
12. Барыс септігінің жалғауы бар фразеологизмді табыңыз. A) Қой аузынан шөп алмас. B) Қуанышы қойнына сыймады. C) Он саусағынан өнері тамған. D) Сегіз қырлы, бір сырлы. E) Төбе шашы тік тұрды. |
13. «Менің, сенің» жіктеу есімдіктерінің қай септікте тұрғанын анықтаңыз. A) Атау септік. B) Жатыс септік. C) Барыс септік. D) Табыс септік. E) Ілік септік. |
14. Қалау рай етістігін белгілеңіз. A) Жақсылық болсын. B) Жұмысқа келді. C) Құттықтағым келеді. D) Қонаққа барсаң. E) Береке болсын. |
15. Демеулік шылауы бар сөйлемді табыңыз. A) Марат менімен бірге жүрсін. B) Үйге қарай жүгірме. C) Мен өзім-ақ көмектесемін. D) Мен туралы ойла. E) Сабақтан кейін жиналыңдар. |
16. Жанама толықтауышты табыңыз. “ Кәсіпкерлер кәсіптеріне қаржыны өздері табады.” A) Кәсіпкерлер B) Қаржыны C) Өздері D) Кәсіптеріне E) Табады |
17. Жақты сөйлемді табыңыз. A) Оның ауылдан қайтқысы келмеді. B) Қандай көркем! C) Біздің кездесуіміз керек. D) Қалың қар жауды. E) Айсыз түн. |
18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар. B) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін. C) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін. D) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді. E) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін. |
19. Сұраққа жауап бола алатын қатарды табыңыз: Мектеп неше қабатты? A) Үштен бері. B) Жетінші. C) Төрт. D) Алтыларда. E) Бесеу. |
20. «Пайда» сөзінің антонимін табыңыз. A) Зиян. B) Кедейлік. C) Құн. D) Қамқорлық. E) Байлық. |
21. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымды көрсетіңіз. A) Лексика. B) Синтаксис. C) Грамматика. D) Морфология. E) Фонетика. |
22. Құрамында төрт дауыссыз дыбысы бар сөзді табыңыз. A) Азан. B) Қарақат. C) Сахара. D) Қарт. E) Тау. |
23. Туынды түбірдің анықтамасын көрсетіңіз. A) Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. B) Түбір мен қосымшадан құралған сөз. C) Екі түбірдің қосылуы арқылы жасалады. D) Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі. E) Жұрнақ пен жалғаудың тіркесуі арқылы жасалған түбір. |
24. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз. A) Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайды. B) Дәмелі, бақшаға барайық,-деді Рахмет. C) Бәріміз, шынында, жас едік. D) Менің айтып отырғаным, сіздіңше дұрыс емес. E) Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. |
25. Көңіл-күй одағайын табыңыз. A) Моһ-моһ, жануар! B) Паһ, неткен дауыс! C) Кә-кә, келе ғой. D) Ауқау-ауқау! E) Тәйт, кет әрман.
ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК ЗАВЕРШЕН |
