Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эдистемелик усыныстар Тыныс алу (ДС) К.М.М..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
208 Кб
Скачать
☆

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар № 3

Мамандығы: 051301 “Жалпы медицина”

Модул: 3.Тыныс алу жүйесі

1. Тақырыбы: Тыныс алудың орталық реттеуші тетіктерінің бұзылуы. Жаңа туған сәбилердің және балалардың тыныс алудағы бұзылу ерекшеліктері.

2. Мақсаты: : Тыныс алудың орталық реттеуші тетіктерінің бұзылуы және жасына байланысты тыныс алу жүйесінің патофизиология білімін игеру

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • Тыныс алу жүйесінің патологиялық бұзылыстарының негізгі синдромының себебі

және даму тетіктері.

  • Нәрестелердің тыныс алу синдромының бұзылысының этиологиясы мен патогенезі

  • Үзілістік және терминалдық тыныс

Студент үйрену қажет:

қанның газдық құрамына және спирометриялық ішкі тыныс алу көрсеткіштеріне негізденіп тыныс алу бұзылыстарының түрін анықтау

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тыныс алудың орталық реттеуші тетіктерінің бұзылуы. Тыныс алудың рефлекторлық

бұзылысы.

2. Тыныс алу қозғалысының ритмінің бұзылысы.Үзілістік тыныстын негізгі түрі.

3. Терминалдық тыныс

4. Ентікпенің негізгі пайда болу тетігі

5. Тұншіғу (асфиксия), даму кезеңдері

6 Ересектер мен жаңа туылған нәрестелерінің жедел респираторлық дистресс-синдромы.

7. Жаңа туған сәбилердің тыныс алу синдромының бұзылысы .Нәрестенің іштегі

асфиксия ерекшелігнің эиологиясы мен патогенезі .

8. Балаларда мұрын мен тыныс алуының маңыздылығы

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда пікір талас, жағдайлық

есептерді шығару

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология – Алматы, 2007.

2. Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000.

3. Дәрістер

Қосымша:

1. Вопросы патофизиологии дыхания. / Под редакцией В. Низовцева. Куйбышев., 1985 г.

2. Абросимов В.Н. Нарушение регуляции дыхания, М., Медицина, 1990 г.

3. Врожденные и наследственные заболевания легких у детей – Под.редакц. Вельтищева

Ю.Е. и др.-М.,Медицина, 1986.-303 с.

4. Болезни органов дыхания у детей : Руководство для врачей- Под редакц. Рачинского

С.В.-М., Медицина, 1987.-493 с.

5. Тараканов И.А., Сафонов В.А. Гамкергические механизмы нарушений дыхательного

ритма (Обзор) //Ж.Патофизиология, 1998, №2, -С.48-54.

6. Пузырева Н.И. и др. Синдром дыхательных расстройств и сурфактант легких у

новорожденных.-М: Медицина, 1987.-142 с.

7. Бақылау: сұрақтар, тест тапсырмалары.

1. Асфиксияның I дәрежесiнде қандай симптомдар тән:

1. инспираторлы ентiгу

2. артериалдық қысымның төмендеуi

3. экспираторлы ентiгу

4. брадикардия

5. тыныс алудың сиреуі

2. Асфиксияның 2-шi кезеңiне қандай жағдайлар тән:

1. тыныс алу қозғалысының тоқтауы

2. гаспинг-тыныс алу

3. инспираторлы ентiгу

4. парасимптоматикалық нерв жүйесiнiң тонусының жоғарлауы,экспираторлы ентiгу фазасы

5. симпатикалық жүйке жүйесінің тонусының көтерілуі

3. Асфиксияның 3-шi кезеңiне қандай жағдайлар тән:

1. тыныс алу қозғалысының тоқтау, есiнен тану

2. инспираторлы ентiгу

3. гаспинг-тыныс алу

4. симпатикалық нерв жүйесiнiң тонусының жоғарылауы

5. экспираторлы ентікпе

4. Асфиксияның 4-шi кезеңiне қандай жағдайлар тән:

1. тыныс алу қозғалысының тоқтауы

2. Гаспинг-тыныс, бульбарлы тынысалу орталығының салдануы

3. инспираторлы ентiгу

4. экспираторлы ентiгу фазасы

5. тыныс алу орталық қозғыштығының төмендеуі

5. Куссмауля тынысына не сипаттама тән:

1. шулы, терең тыныс

2. аздаған, терең, сирек, «күрсiну« күшiмен әлсiреген

3. тыныс қозғалысымен кезектесетiң үзiлiс, яғни басында тереңдiгi бойынша күшейiп, сосын әлсiреген

4. ұзақ тырысқан күшейген тыныс алу, кейде тыныс шығарумен үзiледi

5. жиі беткей тыныс

6. Сыртқы тыныс жетiспеушiлiгiнiң себебi не:

1. тыныс алу жолдарының бітелуі, тыныс алу орталығының қозғыштығының төмендеуi

2. вентиляция қан ағымы қатынасын жоғарылататын процестер

3. тыныс алатын ауадағы көмiр қышқыл газының мөлшерiнiң төмендеуi

4. тыныс алу орталығының қозғыштығының жоғарылауы

5. терең жиі тыныс алу

7. Жалпы альвеола гиповентиляциясының салдарын көрсет:

1. газдық алкалоз

2. гипероксия

3. минуттық көлемнің жоғарылауы

4. газдық ацидоз, гиперкапния

5. метаболитикалық ацидоз

8. Сыртқы тыныстың обструктивті жетіспеушілігінің себебі қандай:

1. пневмония, пневмосклероз

2. өкпе фиброзы, эмфизема

3. бронхоспазм, бронхтар мен көмейдің ісінуі

4. өкпенің ісінуі, пневмоканиоз

5. тыныс бұлшық еттерінің бүлінуі

9. Стенотикалық тыныстың патогенезiн және көрiнiсiн ата:

1. терең, сирек тынысалу нәтижесінде Геринг-Брейнер рефлекстiң тежегiш әсерiнiң әлсiреуi

2. терең, жиi тынысалу

3. беткей, жиi тынысалу

4. Биот типтi тынысалу

5. Геринг- Брейер рефлексінің жоғарылауы

10. Қандай өзгерiс ұзақ өкпе гипервентиляциясына әкеледi:

1. гипокапния, алкалоз

2. ацидоз

3. рН өзгермеген

4. тыныс алу орталығының қозуы

5. вентиляционды – перфузионды коэффициенттің жоғарылауы

Мәселелік есеп №5.

Науқас К., 36жаста, қарқынды жүріс және күш-қуаттық жұмыс атқарған кезде болатын ентігу, үнемі болатын жөтел шағымдарымен госпитализацияланған.Науқасты қараған кезде назар аударарлық белгілер мыналар: көзге көрінетін шырышты қабықшалардың көгілдірлігі, өкпедегі құрғақ сырылдар, кеуде сарайының перкуссиясы кезінде айқын "қораптық" дыбыстың болуы.

Қанның газдық талдауының көрсеткіштері

раО2

84 мм.сын.бағ.

раСО2

50 мм.сын.бағ.

Оттектік сыйымдылық

19,8 көлемдік %

SaO2

94,4%

Спирометрияның көрсеткіштері

 

ӨҚС

Қалыпты жағдаймен салыстырғанда жоғарылаған

ӨӨС

Азайған

Дем алудың резервті көлемі

Төмендеген

Дем шығарудың резервті көлемі

Төмендеген

ФҚС

Жоғарылаған

ӨҚК

Жоғарылаған

ӨФӨС1/ӨӨС (%)

Азайған

Ерікті гипервентиляциямен сынаманы өткізгеннен кейін раО2 = 86 мм.сын.бағ.

Бронхтарды кеңейтетін препаратты (эуфиллин) енгізу Тиффно көрсеткішінің мағынысын жоғарлатты.

СҰРАҚТАР

  1. Науқаста тыныс алу жолдары бұзылуының белгілері бар ма? Егер бар болса, онда оны атаңыз және олардың мағынасын сипаттап беріңіз?

  2. Науқаста өкпе тінінің серпімділігі мен созылғыштығы бұзылыстарының белгілері бар ма? Егер бар болса, онда атап шығыңыз?

  3. Науқаста өкпенің диффузиялық қабілеттілігінің бұзылыстарын рұқсат етуінің мәні бар ма?

  4. Осы науқастағы сыртқы тыныс алу жүйесінің жағдайы туралы сіздің жалпы қорытындыңыз қандай?

Мәселелік есеп №6.

Науқас К., 58жаста, біраз күш-қуаттық жұмыс атқарған кездегі ентігу, кезеңді түрдегі біраз қақырығы бар жөтел; ысқырықтық сырылдарымен (әсіресе, дем шығарған кезде) және жөтелмен ілесіп жүретін тұншығудың эпизодттық ұстамалары шағымдарымен терапиялық емдеу мекемесіне қайта түскен кезде қарағандағы анықталған белгілері мыналар:

раО2 90 мм.сын.бағ.

раСО2 30 мм.сын.бағ.

ТМК (қалыпты мөлшерден %-ы) 119

ӨӨС 3,6 л

ӨӨС (қалыпты мөлшерден %-ы) 86

ӨФӨС (бір секундты) 2,1 л

Тиффно көрсеткіші ? (есептеу)

ӨҚК/ӨҚС (қалыпты мөлшерден %-ы) 110

ӨМВ (қалыпты мөлшерден %-ы) 98

Бронхолитикалық препаратты (эуфиллин) енгізгеннен кейін Тиффно көрсеткішінің 15%-ға жоғарлаған. Қақырық жағындысында – Куршманн бұрамасы түріндегі тығыз шырыш.