- •Төтенше жағдай туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- •Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- •Соғыс жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Заңы
- •Азаматтық қорғаныс күштері , олардың құрамы , міндеті мен қолдану тәртібі.
- •Республика аймагында болуы мүмкін төтенше жағдайлар , олардың сипаттамасы мен салдары
- •Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайдахалықты қорғау тәсілінің негізгі қағидалары
- •Бейбіт және соғыс жағдайында халықты инженерлік қорғау
- •Тақырьш: Хальщты қатты әсер ететін улы заттардан қорғау шаралары
- •Тақырып: Соғыс және бейбіт уақыттындағы тотенше жағдайда шаруашылық нысандары мен салаларда қалыпты қызмет атқарудың түрақтылығын арттыру әдісі мен жолдары
Соғыс жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Заңы
2003 жылғы 5 наурыздағы
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Pecпубликасының аумағында тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрi - азаматтар және басқа да адамдар), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, әскери басқару органдарының және
меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар) соғыс жағдайы кезеңiндегi құқықтық қатынастарын реттейдi.
Осы Заңның қолданылуы соғыс жағдайы кезеңiмен шектеледi.
Негiзгi ұғымдар
агрессия - шет мемлекеттiң (мемлекеттер тобының не коалициясының) Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық қол сұғылмаушылығына немесе саяси тәуелсiздiгiне қарсы қарулы күш қолдануы немесе оған Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен сыйыспайтын қандай да болсын басқадай әрекет жасауы.
аннексия - Қазақстан Республикасының аумағын немесе оның бiр бөлiгiн шет мемлекеттiң күштеп қосып алуы, басып алуы;
әскери цензура - хабарлар мен материалдардың не олардың жекелеген бөлiктерiнiң таралуына шектеу қою немесе тыйым салу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлар мен материалдарды әскери басқару органдарымен және мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен олардың талабы бойынша немесе өзге де негiздер бойынша алдын ала келiсуi, сондай-ақ мемлекеттiк құпиялары бар мәлiметтердiң жариялануы мен әйгiленуiне жол бермеу мақсатында хат-хабар алмасуға, телефон және радио арқылы сөйлесулерге бақылауды жүзеге асыру;
соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим;
интернирлеу - агрессия жасаған мемлекеттiң соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағында болған азаматтарын ұстау және арнайы бөлiнген қоныстандыру орындарына орналастыру;
коменданттық сағат - соғыс жағдайы кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз ету, барлаушылық, диверсиялық және басқа да дұшпандық әрекеттердiң жолын кесу мақсатында қолданылу мерзiмдерi мен уақыты көрсетiле отырып енгiзiлетiн, халықтың арнайы берiлген рұқсат қағаздар мен жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тәулiктiң белгiленген уақытында тұрғын үйлерден тыс жерлерде болуына және елдi мекендер арасында жүрiп-тұруына тыйым салатын шара;
қауiпсiздiкке сырттан тiкелей төнген қатер - мемлекеттiк шекараның қол сұғылмаушылығына төнген қатер және Қазақстан Республикасына қатысты күш қолдану қатерi, сондай-ақ шет мемлекеттердiң арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың барлаушылық, террористiк, диверсиялық және Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiне залал келтiруге бағытталған өзге де әрекеттерi;
әскери басқару органдары - стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық, жедел-тактикалық, тактикалық және жергiлiктi әскери басқару органдары.
