- •12. Спутникті жылжымалы байланыс жүйелері
- •2. Ға байланыстырушы орбиталардың топтастырылуы.
- •12.1 Арнайы спутниктік радиотелефондық байланыс
- •Кейбір жылжымалы радиобайланыс жүйелерінің (спрс) негізгі сипаттамалары
- •12.2 Ға байланыстырушы орбиталардың топтастырылуы
- •Орбиталардың прециссиялары.
- •12.4 Дербес байланыстың спутниктік жүйелерінің құрылымы
- •Ғарыштық сегмент
12.4 Дербес байланыстың спутниктік жүйелерінің құрылымы
Спутниктік байланыс жүйесінің кез-келген құрамы (12.3-сурет) келесі түрде болады:
- ғарыштық сегмент, бірнеше спутник-ретрасляторлардан тұрады;
- жердегі сегмент, жүйені басқару орталығынан және ҒА жіберу орталығынан тұрады;
- тұтынушы (абоненттік) сегмент, дербес спутниктік терминалдардың көмегімен байланысты іске асырушы;
- жердегі байланыс желісі, осылардың көмегімен байланыс интерфейсі арқылы ғарыштық байланыстың шлюздік станцияларын кездестіреді.
12.3-сурет. Дербес байланыстың спутниктік жүйелерінің құрылымы
Спутниктік байланыс жүйелерінің жылдам дамуы бірқатар халыөаралыө конвенциялардың, келісімдер мен нормалардың қабылдануын және өңделуін қажет етті. Жиіліктерді қолдану мен орбиталарда бір-біріне өзара әсерді болдырмайтын спутниктердің орналасу туралы сұрақтар радио бойынша Халықаралық кеңестік комитет (Международного консультативного комитета по радио (МККР)) пен Жиіліктерді тіркеу бойынша Халықаралық комитеттің (Международного комитета по регистрации частот (МКРЧ)) шеңберінде шешіледі. Спутниктік жүйелер үшін бөлінген жиіліктер 12.2-кестеде көрсетілген.
12.2-кесте
Спутниктік жүйелер үшін бөлінген жиіліктер
Ауқымның аталуы |
Жиіліктер жолағы, ГГц |
L |
1,452 – 1,500 және 1,61 – 1,71 |
S |
1,93 – 2,70 |
C |
3,40 - 5,25 және 5,725 – 7,075 |
Ku |
10,70 – 12,75 және 12,75 – 14,80 |
Ka |
14,40 – 26,50 және 27,00 – 50,20 |
K |
84,00 – 86,00 |
Ғарыштық сегмент
Ғарыштық сегмент ғарыштық топтастырылуды құрайтын бірнеше спутник-ретранслятордан тұрады. Спутник-ретранслятор ереже бойынша, белгілі орбиталарда біркелкі орналасады. Кез-келген байланыстырушы ғарыштық аппарат құрамына келесі негізгі элементтер кіреді (12.4-сурет):
- орталық процессор;
- БРТК радиоэлектрондық жабдығы;
- антенналық жүйелер;
- бағыттаушы және реттеуші жүйелері;
- қозғаушы қондырғы;
- электрмен қоректендіру жүйесі (аккумуляторлар мен күн сәулесінен қаут алатын батареялар).
12.4-сурет. ҒА жалпы құрылымдық сұлбасы
Әр бір ҒА (12.5-сурет) қаталдығы, электр энергиясын жұмсауы, бағытталуы, реттелуі және т.б.бойынша айтарлықтай қатал талаптар қойылады.
12.5-сурет. Спутник - ретрансляторлар
а-төменорбиталық; б-ортаорбиталық; в-геостационарлық
Жердегі сегмент
Жүйені басқару орталығы ҒА координаталарын, борттағы аппаратураның жұмысын, қызметтік ақпаратты беруін қамтамасыз етеді.
Басқару бақылау-өлшегіш жүйенің станциялар көмегімен іске асырылады. (сурет 12.6).
12.6-сурет. Бақылау-өлшегіш станцияның антенналары
ҒА орбитаға шығару орталығы ракета-қолданушыны жинау, тексеріс және жабдықтаудың дұрыс жұмыс жасауды бақылайды.
Шлюз станциялары
Шлюз станциясы (шлюз) бірнеше қабылдап – таратушы кешенінен құрылады (сурет 12.7).
12.7-сурет. Шлюзді станцияның антенналары
