Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын Майра.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
892 Кб
Скачать
☆

Қорытынды.

Жартылай өткізгіштер дегеніміз өткізгіштер мен диэлектриктің арасына жататын материалдар.Өткізгіштердегі ток тасушылар еркін электрондар болса, диэлектриктердегі ток тасушылар кемтіктер, яғни бос орындар немесе диэлектриктерде ток тасушы бөлшектер жоқ деген сөз. Сондықтан диэлектриктер ток өткізбейді.Басқа материалдармен салыстырғанда жартылай өткізгіштердің құрамында ток тасушы электрондар мен кемтіктер бар. Электрондар токты өткізсе,екінші бөлігі-кемтіктерток тасымалдамайды, яғни токты шала немесе жартылай өткізеді. Сондықтан,техникада барлық дерлік приборлар осы жартылай өткізгішті материалдардан жасалады. Жартылай өткізгішті приборларға:жартылай өткізгішті диодтар,биполяр және өрістік транзисторлар, тиристорлар, триггерлер және басқада көптеген приборлар жатады. Бұл жұмыста биполяр транзисторлар туралы сөз етілді. Биполяр транзисторлар тізбектегі токты басқару және сигналдарды күшейту үшін қолданылады. Биполяр транзисторлардың р-п-р және п-р-п өтпелері белгілі Жалпы бипляр транзисторлар үш жартылай өткізгішті шығысы бар немесе үш жартылай өткізгішті диодтардан тұрады. Бұл эмиттер, база, коллектор. Бұл диодтар әр түрлі жағдайда кез-келген принципке сүйене отырып, өзіне тән ерекшелікпен жалғануы мүмкі. Биполяр транзисторлардың ортақ эмиттерлі, ортақ базалы, ортақ коллекторлы жалғанулары негізгі және есептеу бөлімдерінде көрсетілген. Транзисторлардың ішінде биполяр транзисторлар мен қатар өрістік транзисторлар қолданылады. Өрістік транзисторлар жайлы осы жұмыстың негізгі бөлімінде қарастырылған. Транзисторлар негізінен тізбектегі токты басқару және сигналдарды күшейту үшін қолданылады. Токтың бағытын реттеп отыру үшін немесе кез- келген жартылай өткізгішті құрылғыда сигналдарды күшейту үшін қолданылатын элементтің рөлін атқарады. Қазіргі күндері кез-келген прибор немесе құрылғының құрамында транзисторлардың бірнеше түрлері кездеседі.

Жалпы бұл жұмыста осы транзисторлардың ішіндегі биполяр транзисторларға тоқталып, биполяр транзисторлардың әр түрлі тізбектердегі жалғану сұлбалары көрсетілді. Сонымен биполяр транзистор үш шықпасы бар диодтардан тұрады; эмиттер, база коллектор. Бұл диодтар жайлы жоғарыда толығырақ мәліметтер берілді. Биполяр транзисторлардың жұмыс істеу режимінің схемалық сипаттамалары сұлба түрінде көрсетілген. Сонымен қатар биполяр транзистордың құрамындағы бір диодтың құрылымы схема түрінде көрсетілген.

Негізгі бөлімде әр түрлі транзисторлардың атқаратын қызметтеріне тоқталып, әр түрлі режимдегі жұмысына сипаттама берілді. Жұмысты қорытындылай келетін болсақ, биполяр транзисторлардың қазіргі таңда техникада алатын орны ерекше екен. Биполяр транзисторлар орналастырылған көптеген күшейткіш және түзеткіш элементтер соңғы

жылдары көптеп пайда болуда. Сонымен өзінің жасалу жолына қарай транзисторлар, оның ішінде биполяр транзисторлар орналасқан приборлар сигналдарды түзету және түрлендіру үшін қолданылады екен. Әліде ғылым мен техниканың дамуына байланысты бұл жұмыста қарастырылған биполяр транзисторлардың қатысуымен жасалған приборлардың көптеген тиімді түрлері күннен-күнге пайда болуда. Соңғы жылдары техника әлемінде болып жатқан прогрестің нәтежесінде адам өмірінде қолданылатын аспаптардың жеңіл басқарылуын немесе тиімді болуын қамтамасыз етіп отырған жартылай өткізгіштердің түрлері өте көп деп айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]