- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің оқу әдістемелік кешені
- •Астана – 2013
- •Мазмұны
- •Ұлттық құқық жоғарғы мектебі Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы
- •Оқу әдістемелік бағдарламасы
- •Астана – 2013
- •I. Түсіндірме беретін жазба
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Курстың пререквизиттері:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •III. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •Пәннің мақсаты мен мiндеттерi
- •Оқу процесінің кестесі
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •1 Тақырып. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің түсінігі, пәні мен міндеттері
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •Б) Сот билігі, сот төрелігі туралы құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
- •6 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жергілікті соттары.
- •3.Облыстық және оларға теңестірілген соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
- •Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
- •2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдарына жалпы түсінік.
- •10 Тақырып. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
- •12 Тақырып. Құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
- •2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тақырып. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы мен жүйесi
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі мен оның принциптері принциптерi
- •4 Тақырып. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.
- •5 Тақырып. Жергілікті соттар
- •Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •7 Тақырып. Қазақстан Республикасындағы Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру.
- •8 Тақырып. Қылмыстарды тергеуді ұйымдастыру
- •9 Тақырып. Қазақстан Республикасының Әділет органдары
- •Тақырып. Қр Президентінің күзет қызметі
- •Тақырып. Қр Кеден органдары
- •Тақырып. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөж бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тапсырма
- •Аталған жұмысты жүргізу формасы конспект, эссе, баяндама, реферат, слайд түрінде уақытылы оқытушыға тапсыру керек.
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма Қазақстан Республикасында қолданылатын сот сатыларының ерекшеліктері 7 апта
- •5 Тапсырма. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ерекшеліктері 8 апта
- •6 Тапсырма. Қр-ндағы мамандандырылған соттарды ұйымдастыру және олардың қызметтері 9апта
- •7 Тапсырма. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы 10 апта
- •8 Тапсырма. Қр-сы судьяларын тәртіптік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері 11 апта
- •9 Тапсырма. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары
- •12 Апта
- •10 Тапсырма. Қр-ның Әділет органдары 13 апта
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
- •Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары
- •Тапсырма 8. Қр-ның Адвокатурасы
- •Тапсырма 9. Заңдылық, құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметтері
- •Соөж тапсырмасын орындау тәртібі
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •І Аралық бақылау түрлері
- •1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Тестілеу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер: Басты әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Тест сұрақтары
5 Тақырып. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты.
1.Жоғарғы соттың өкілеттігі.
2. Жоғарғы соттың құрамы мен құрылысы.
3. Жоғарғы сот жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының өкілеттігі өз өкілеттігінің шегінде бірінші сатыдағы сот ретінде, апелляциялық тәртіппен, қадағалау тәртібімен және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істерді қараудан тұрады. ҚР-сы Конституциясының 81 бабы мен сот жүйесі туралы заңның 17 бабына сәйкес “ҚР-ның Жоғарғы соты жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа да істер бойынша жоғарғы сот органы болып табылады”.
Ол еліміздің барлық сот жүйесін басқарады және барлық төменгі тұрған соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады. ҚР-сы Жоғарғы сотының жоғарғы сот органы ретіндегі жағдайы Конституция мен тиісті заңдарда берілген өкілеттіктердің; оны құрудың ерекшеліктері мен тәртібінің сипатына; қаралатын істердің өзгешелігіне, сондай-ақ сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беретін ол шығаратын нормативтік қаулылардың елімізде қолданылатын құқық көзіне жататындығымен байланысты.
Бірінші саты бойынша істерді қарау Жоғарғы сотта іс жүргізу заңнамасында белгіленген жалпы тәртіп бойынша үкім, қаулы, шешім немесе ұйғарым шығара отырып жүргізіледі.
Бірінші саты бойынша қылмыстық істерді қараудың ерекшелігі соттылықтың дербес белгілеріне шарттастырылған олардың өзгешілігі болып табылады. Мәселен, ҚР-сы ҚІЖК-нің 292 бабының 3 тармағына сәйкес,
Жоғарғы сот бірінші саты бойынша қарайды:
Жоғарғы сот прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс-жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс-жүргізуді қысқарту туралы қаулысына шағымдарды қарайды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
ҚР-сы Жоғарғы соты тек күрделі және резонанс тудыратын істердің қаралуына қатысы бар адамдардың келісімімен кез келген соттан кез келген істі алуға және өзіне іс жүргізуге қабылдауға құқығы бар.
Мемлекеттің жоғарғы сот органы бола отырып, Жоғарғы сот іс жүргізу заңнамасында көзделген нысандарда соттардың нақты азаматтық, қылмыстық істердің шешуінің заңдылығы мен негізділігін тексеру арқылы төменгі тұрған соттардың сот қызметтерін қадағалауды жүзеге асырады.
Жоғарғы сот жүзеге асыратын сот қадағалауының нысаны сот істерін апелляциялық тәртіппен, сот қадағалауы тәртібімен және жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қайта қарау болып табылады.
ҚР-сы Жоғарғы соты облыстық соттар үшін апелляциялық саты бола отырып, облыстық сот алқасының заңды күшіне енбеген үкімдері мен шешімдеріне наразылықтар мен шағымдар бойынша істерді қарайды. Қадағалау тәртібімен ҚР-сы Жоғарғы соты республикадағы барлық соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен шешімдеріне ҚР-сы Бас прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.
Сонымен қатар, ҚР-сы Жоғарғы соты, егер тиісті іс бойынша қадағалау тәртібімен осы соттың қадағалау алқасының қаулысы болған жағдайларда, жаңадан ашылған мән жайлар бойынша істі қайта қарауға құқылы.
Жоғарғы сот жалпы құзырлы соттардың қарауына жататын барлық істер бойынша соңғы сот сатысы болып табылады.
2. Жоғарғы соттың құрамы мен құрылысы.
Негізгі және орта буындағы соттардан айырмашылығы Жоғарғы соттың судьялық корпусын құрамында төраға, сот алқалырының төрағалары мен тұрақты судьялармен ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің ұсынымына негізделген ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша ҚР-сы Парламентінің Сенаты сайлайды.
Жоғарғы соттың сандық құрамын Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті белгілейді.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 ж. 25 желтоқсандағы № 132-II Конституциялық Заңының 17 бабының 2 тармағына сәйкес:
өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен матариалдарын қарайды;
сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы сот құрылымы мен құрамы аталған заңның 18 бабында айқындалған. Жоғарғы сот төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың төрағасы жасақтайды. Жоғарғы сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті белгілейді.
Жоғарғы сот органдары мыналар болып табылады:
жалпы отырыс;
азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы;
қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы;
Сот алқасын аталған конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады.
Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді.
Жоғарғы соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес және баспа органы құрылады.
Жоғарғы сот төрағасы.
1. Жоғарғы Соттың Төрағасы судья болып табылады және судья мiндетiн атқарумен қатар:
1) жоғары сот органы ретінде Жоғарғы Сотты басқарады
2) сот алқалары мен мамандандырылған құрамның отырыстарында төрағалық етуге құқылы;»;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етедi;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасы және заңда көзделген негіздемелер бойынша қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау туралы ұсыныс жасау мәселелерi бойынша Жоғарғы Соттың нормативтiк қаулыларын қабылдау үшiн материалдар енгiзедi;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекiтуiне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерiнiң кандидатураларын енгiзедi;
6) қажет болған жағдайларда бір сот алқасының судьяларын басқа сот алқасының құрамында iс қарау үшiн тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекiтедi;
8) алқалардың жұмысын үйлестiредi;
9) Жоғарғы Сот Аппараты туралы ережені, оның құрылымы мен штатын бекітеді, сондай-ақ Аппараттың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жүргiзедi;
11) өкiмдер шығарады.
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттiк билiк тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезiнде Республика сот жүйесiнiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне уәкiлеттi орган басшысының кандидатурасын ұсынады;
2) жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды балама негізде соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына енгізеді;
3) жергілікті және басқа соттардың жалпы отырыстарының шешімі негізінде аудандық соттардың төрағалары қызметінің бос орындарына кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;
3-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметіне кандидатураларды Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының Президентiне заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
5) осы Конституциялық заңмен көзделген негiздер туындаған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесiне Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкiлеттiгiн тоқтату мәселесi бойынша ұсыныс пен материалдар енгiзедi;
6) Қазақстан Республикасының Президентiне судьяларды мемлекеттiк наградалармен марапаттау және оларға құрметтi атақтар беру туралы ұсыныс енгiзедi;
7) Республика судьяларына «Құрметтi судья» атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi туралы ереженi бекiтедi;
8) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
9) заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның мiндетi Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайда Төрағаның мiндетiн уақытша атқаруды Қазақстан Республикасының Президентi Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының (судьясының) бiрiне жүктейдi.
Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы
1. Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар:
1) сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді;
1-1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады
2) сот практикасын зерделеу және жинақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшiн судьялардың тиiстi құжаттарды дайындауын қамтамасыз етедi;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына сот алқасының қызметi туралы ақпарат бередi;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Сот алқасының төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның мiндетiн атқару Жоғарғы Сот Төрағасының өкiмi бойынша алқа судьяларының бiрiне жүктеледi.
Жоғарғы Соттың жалпы отырысы
1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
3) сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрмелер береді, нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3-1) заңға сәйкес сот істерін қадағалау тәртібімен қарайды;
4) Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының хабарламасын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметінің бос орындарына кандидатураларды талқылайды және тиісті қорытындылар шығарады;
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс Хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi , сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриін сайлайды;
7-1) сот төрелігін іске асыру бойынша төмен көрсеткіштері немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазалары бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртiбi өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi.
Ғылыми-консультативтік кеңес екі секциядан тұрады:
азаматтық-құқықтық секция (конституциялық, азаматтық, еңбек, неке отбасылық құқықтар және азаматтық іс жүргізу;
қылмыстық-құқықтық секция (қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу).
Ғылыми-консультативтік кеңес сот тәжірибесін, Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларының жобаларын, сот тәжірибесі шолуларының жобаларын, әдістемелік хаттар мен басқа да құжаттарды зерделеуге және жинақтауға байланысты материалдардың дайындалуын қамтамасыз етуге арналған кеңесші орган болып табылады. Ғылыми-консультативтік кеңем соттар мен ғылыми заң мекемелері арасындағы байланысты нығайтуга жәрдемдеседі.
Жоғарғы сот аппараты. Жоғарғы соттың оны ұстауға бөлінген қаражат шегінде Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті бекіткен өз аппараты, құрылымы мен штаттары болады. Аппарат өз өкілеттіктерін жүзеге асыру, сот тәжірибесін жинақтау және сот статистикасын талдау, судьялар мен процеске қатысушыларды қорғау, сондай-ақ басқа да функцияларды орындау бойынша Жоғарғы сот судьяларының қызметін қамтамасыз етеді.
Жоғарғы сот аппараты мынадай бөлімшелерден тұрады:
Жоғарғы соттың аппараты;
Жоғарғы сот төрғасының хатшылығы;
жалпы бөлім;
ұйымдастыру-талдау бөлімі;
кадр жұмысы басқармасы;
материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы;
баспасөз қызметі;
халықаралық байланыс және хаттама бөлісі;
заң шығару жұмыстары жөніндегі сектор;
және т.б.
Жоғарғы сот аппаратының құрылымдық бөлімшелері мынадай функцияларды орындайды:
іс қағаздарын жүрізуді ұйымдастыру, келіп түсетін істерді, материалдарды, хаттарды, арыздар мен шағымдарды қабылдау, есепке алу және бақылау;
шығыс істерді, құжаттар мен басқа да хат хабардарды рәсімдеу және және жөнелту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіру, судьяларды құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету;
Жоғарғы сот жұмысының жұмыс жоспарларын дайындау және әзірлеу; сот тәжірибесін жерделеу және жинақтау, сот статистикасын талдау; сот алқалары, Жоғарғы сот қызметі туралы есептер, ақпараттық, шолу және басқа да анықтамалар дайындау;
Жалпы отырыстар үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шаралар қабылдау және т.б. Жұмысты бөлімдерде және басқа да құрылымдық бөлімшелерде меңгерушілер, ал аппараттың барлық жұмысын аппарат басшысы бақылайды және ұйымдастырады. Аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару Жоғарғы сот төрағасына жүктелген.
