2. Қосымша құн және оны өндірудің тәсілдері.
Маркс қосымша құн өндіруді қандай да бір экономикалық жүйемен байланыстырмайды. Әсіресе, осыған байланысты ол былай деп жазды :
"Капитал қосымша құнды ойлап тапқан жоқ. Барлық жерде, қоғамның бөлігі өндірісі құралдарына үстем болып, жұмысшы еркін немесе еркін емес, болған барлық жерде жұмыс күшіне оның өзін асырауға қажет, артық жұмыс уақыты қосылуы тиіс."2
Құнның өзін-өсуі қалай болады? Алғашқы кезде былай көрінуі мүмкін: құнның өзінен - өзі өсуі тауардың айырбастау процесінде болмақ және ол кәсіпкер табысы мен пайдасының қайнар көзі болып табылады. Тауарды бір бағаға сатып алып, оны қымбатқа сату: міне сонда құнның өсімшесі пайда болады. Шын мәнінде бұл бір кәсіпкердің басқаның есебінен байығандығын көрсетеді, ал қоғам масштабында құнның еселенуі болмайды.
Айталық, қоғамда үш тауар өндіруші құны 300 мың ақша бірлігіндегі өнімді жасады, оның ішінде А тауар өндіруші – 100 мың ақша бірлігін, В-100 мың ақша бірлігін, С- 100 мың ақша бірлігін.
«А» тауар өндіруші өнімді өткеру процесінде «В» тауар өндірушіге өнімді 100 мың ақша бірлігіне 110-ға сатып, соның есебінен 10 мың ақша бірлігін ұтады. Дәл солай «В» тауар өндірушіде жасайды: өз өнімін 100 мың ақша бірлігіне емес, 110-ға өткеріп, 10 мың ақша бірлігін ұтты, «С» тауар өндірушіде дәл солай жасайды. Өз өнімін ол да «А» тауар өндірушіге 100 мың ақша бірлігіне емес, 110-ға сатып, 10 мың ақша бірлігін ұтады.
А
С В
Жалған елес ой туындайды, барлық үш тауар өндіруші ұтқандай. Осы процеске сағат тілінің қозғалысына кері көзбен қарасақ, онда байқайтынымыз: «А» тауар өндіруші өзінің өнімін 110 мың ақша бірлігіне сатса , онда ол «С» -дан басқа өнімді 110 мың ақша бірлігіне сатып алған, ал «В» тауар өндіруші өз өнімін «С» -ға 110 мың ақша бірлігіне сатып, осы құнға басқа өнімді «А» -дан сатып алады. Дәл осындай құбылыс «С» тауар өндірушіде болады. Сонда ұтыс қайда? Олардың әрқайсысы сатушы ретінде 10 мың ақша бірлігін ұтты, бірақ сатып алушы ретінде осы 10 мың ақша бірлігін жоғалтты. Өзара ұтыс пен ұтылыс, сатушы және сатып алушы ретінде өзара жабылады (жойылады).
Әрине бұл жағдайда кәсіпкердің біреуі басқаның есебінен баю мүмкін, бірақ қосылғыштың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді. Басқаша айтар болсақ, өндірілген өнімнің жалпы құны өспейді. Алайда тауар айырбасының формуласы бойынша А-О-А, мұндағы А= А+∆đ, ақшаның авансталған алғашқы соммасы кейбір өсімшемен қайтарылады (бұл алғашқы құннан артқандық, оны К. Маркс қосымша құн деп атады және «m» әрпімен белгіледі), Айырбас аясы құн өсуінің көзі бола алмайды, оның қайнар көзі өндіріс аясындағы жұмыс күші болып табылады.
Жұмыс күші нарық жағдайында тауар болып табылады. Кез келген тауар сияқты жұмыс күші-құн және тұтыну құнына ие. Оның құн ретіндегі мән-мағынасы қандай және мөлшері қандай фактормен анықталады?
Жұмыс күшінің құны, оның отбасы мен жұмысшыларының өмір сүру құнына тең. «Жұмыс күшінің құны, кез келген басқа тауар сияқты, өндіріске қажетті жұмыс уақытымен анықталады және осы ерекше сауда заты ұдайы өндіріледі».3
Жұмысшы мен оның отбасы өмір сүру қорының құны сол елдегі тарихи қалыптасқан жұмысшы және оның отбасына елдің мәдени дамуына, климат пен табиғи жағдайларына байланысты.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ОСЭР) эксперттерінің ойынша, дамыған және әлсіз дамыған елдердің еңбкпен қамтылу АҚШ та 1 долларға бағалантын жұмыс үшін америкалық корпорациялардың шетелдік кәсіпорындарының жұмысшылары Мексикада 20 цент, Гонконгта-13 цент,Бразилияда-9,1 цент, Филиппинде-8 цент, Индонезияда-4,3 цент алады.
Жұмыс күші тауар құнының төменгі шекарасы болып, жұмысшы өмір сүруге және еңбек етуіне қажетті өмір жабдығының құны жатады. Өмір сүруі үшін жұмысшы еңбек нарығында өзінің жұмыс күшін сатуға мәжбүр. Еңбек процесінде жұмысшы құнды жасайды, ол болса оның жұмыс күші құнынан асып түседі-міне осы қосымша құн болып табылады.
Айталық жұмыс күшінің бір күндік құны-4 доллар, ол үшін жұмысшының 4 сағат жұмыс істегені жеткілікті, ал барлық жұмыс күні – 8 сағат. Бірақ кәсіпкер болса, жұмыс күшін барлық жұмыс күшіне – 8 сағатқа сатып алған. Жұмысшы 8 сағат бойында 8 долларлық құнды жасайды. Сондықтанда 4 доллар жұмыс күші құнынан асып кеткен құнды құрайды. Мұнда байқалатын жай: жұмыс күшінің өзінің құны және жұмыс күші жасаған құн - әртүрлі мөлшердегі мөлшерді көрсетеді.
Қосымша құн – жұмысшының атқарған еңбегінің нәтижесі (немесе жұмысшы еңбегін тиімді пайдаланудың нәтижесі) және ол өндірілген тауарға сіңіп, нарықта өткеріледі, яғни тауар айырбасы процесінде жүзеге асады.Басқаша айтсақ, өндіріс аясында жұмысшы еңбегімен жасалған қосымша құн, алдыменен тауарлы түрде, кейін ақшалай түрде болады.
Жұмыс күні кез келген қоғамда екі бөлшекке бөлінеді: қажетті және қосымша жұмыс уақыты, ал жалдамалы жұмысшы еңбегі соған сай – қажетті және қосымша еңбектен тұрады. Қажетті уақыт мезгілінде жұмысшы өзінің – қосымша құнын жасайды. Біздің мысалымызда, жұмысшы күні 8 сағатқа тең. Қажетті жұмыс уақыты – 4 сағат құрайды
Ақшаның өзі-өзінен өсуі мен қосымша құнның пайда болу құпиясы – қосымша құнның құбылу процесі жұмыс күші құнның қайта құру шеңберінде де жалғасады.
Тауарды өндіру үшін машина, шикізат, материалдар керек, яғни өндіріс құрал – жабдығы мен жұмыс күші.
Өндіріс құрал – жабдығына жұмсалған және өнімді дайындау процесінде өзінің құнын өзгертпейтін капиталдың бөлшегін К. Маркс, тұрақты капитал деп, оны латынның «С» әрпімен ( "constants" сөзінен шыққан -тұрақты ) белгілеген.
Жұмыс күшіне жұмсалған және өндіріс процесінде өзінің құнын өзгертетін капитал бөлігін К. Маркс өзгермелі капитал деп, оны латынның «V» әрпімен ("vociable" сөзінен шыққан өзгермелі) белгілеген.
Өзгермелі капиталдың мөлшерінен қосымша құн (т) мөлшері байланысты.
Кәсіпорындағы (фирма) жасалған тауар құнының (W) мынандай түрге ие болады:
W= c + v + т
Қосымша құнның абсолюттік мөлшері «m1» - бұл қосымша құнның массасы. Қосымша құнның салыстырмалы мөлшері – бұл өзгермелі капиталдың абсолюттік қосымша құн мөлшері қатынасына өсу дәрежесі.
m1= m . 100
v
Пайыз түрінде көрсетілген осы қатынас қосымша құнның нормасы деп аталады , мына формуламен анықталады:
M = m . 100
v
Мұндағы: М – қосымша құн массасы,
V - өзгермелі капиталдың сомасы.
Жұмыс уақытын ұзарту есебінен жасалған қосымша құнды абсолюттік қосымша құн дейміз.
Өзгермелі капитал- қосымша құнның көзі болып табылады.
Қосымша құн -бұл, қосымша жұмыс уақытында өндірілген қосымша өнім. Қосымша өнім өндіру кез келген қоғамның экономикалық жүйесіне объектіивті қажеттілік деп саналады.
Адамдар қоғамы қоғамдық өнім, жұмыс күші және халық, яғни қоғамдық өндірісті жандандыруды қажет ететін қосымша өндірілген өнім болмаса жойылып кеткен болар еді
Қажетті жұмыс уақытын қысқарту арқылы және жұмыс күнінің өзгермегенінде қосымша жұмыс уақытының ұлғаюы арқылы өндірілген қосымша құнды салыстырмалы қосымша құн дейміз.
Қосымша құнның бұл түрі қоғамдық еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы жүзеге асады.
Экономистердің есебі бойынша, қосымша құн нормасы өсу тенденциясына бағыт алуда. Мысалы, индустриалды дамыған елдерде: АҚШ, Германияда және Жапонияда ХХ-шы ғасырдың басында қосымша құн нормасы 96% - дан 100% -5а дейін ауытқыды, ал осы ғасырдың аяғында өсу 250%-дан 400%-ға дейін ауытқыды. Кешегі КСРО –да нарыққа өтудің бас кезінде қосымша құн нормасы өнеркәсіп ауыл шаруашылығы және құрылыс саласында 107%-дан 143%-ға дейін ауытқыды.
Салыстырмалы қосымша құнның бірден-бір түрі болып артық қосымша құн болып табылады.
Бұл өндірілген тауардың жекелеу құнын салыстырған түрде қоғамдық, нарықтық құнынан төмендеу нәтижесінде кейбір кәсіпорынның қосымша құнды өзіне иеленуі. Мысалы: айталық үш кәсіпорында бұйымның бір түрін шығарады (спорттық костюм), ал т1 =100%
Кесте 6-1
Жекелеген құны |
Нарықтық құны |
Артық құны |
"А" - Т = 14c+2v+2m=18 а.б. |
20 а.б. |
= + а.б. |
"В" - Т = 14c+2v+2m=20 а.б. |
20 а.б. |
= 0 а.б. |
"С" - Т = 14c+2v+2m=22 а.б. |
20 а.б. |
= -2 а.б. |
«А» кәсіпорындағы тауардың жекелеген құны өндіріс құрал жабдығын (С) алу шығынынан – 14 ақша бірлігі, жұмыс күшінен (V) -2 ақша бірлігі және қосымша құннан тұрады. Егер т=100% болғанда, онда Т= 14 с+ 2v + 2т = 18ақша бірлігі «В» кәсіпорында Т=14с + 3v + 3т =20 ақша бірлігі. «С» кәсіпорында Т=14с+ 4 + 4т =22 ақша бірлігі.
Нарықта құн заңының іс-әрекетіне қарай спорт костюмының қоғамдық құны орташа қоғамдық қажетті шығындармен анықталады, яғни 20 ақша бірлігі бойынша.
Бұл жағдайда «А» кәсіпорынында – 18 ақша бірлігіне тең спорт костюмының жекелену құнынан + 2 ақша бірлігіндегі артықтау құн пайда болады.
Осы артықтылық – артық қосымша құн болып табылады.
Артық қосымша құнды «А» кәсіпорыны сол уақытқа дейін ала береді. Егер басқа кәсіпорындар спорт костюм өндіруге шығындарын төмендетпесе, онда тек жекелеу ғана емес, қоғамдық қажетті жұмыс уақыты да өзгереді, сөйтіп басқа кәсіпорындардың артық қосымша құнды алу мүмкіндігі пайда болады.
