Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 8.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
125 Кб
Скачать
☆

2. Пайда теориясының пайда болуы және оның мәніне теориялық көзқарастар, оның эволюциясы

Бұдан бұрын, "Қоғамдық өндіріс" 3- тақырыбында айтып өткендей, өндірістің негізгі факторлары болып капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабылеттілік, ақпараттандыру жатады.

Осыдан факторлық кірістер туындайды: пайыз, еңбек ақы, жер рентасы, пайда. Осы тақырыпта біз пайданы негізгі кірістің бірі ретінде қараймыз. (Толығырақ басқа кірістер туралы 9,10,15,27 және 29 тақырыптарды қараңыз).

"табыстылық", "пайдалылық" бұл синоним сөздер, толықты, қосылды деген бір мағынаны білдіреді.

Әрбір дәуірдің есті өкілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны өзінше анықтады, сөйтіп осы теорияға өз көзқарастарын білдіріп толықтырды.

Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып XV-XVII ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сыртқы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғары бағамен сату арқылы, адамдар пайда табады.

Пайда теориясында экономикалық теория классиктері А. Смит пен Д. Рикардо сүбелі үлес қосты.

Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба білді. А. Смит өзінің басты еңбегі «Табиғатты зерттеу және халықтар байлығының себептері» (1776ж) деген еңбегінде былай деген: «жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді-біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі-кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді» 2

А. Смит пайданы кәсіпкердің жалдамалы жұмысшы еңбегі өнімнен шегеру ретінде қарастырған. А. Смит ойын былай қортындылаған: пайда-бұл жұмысшының төленбеген еңбегі, алайда оның қортындылары қарама-қайшылықта болды. А. Смит өнім құнының осы бөлігі кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын «марапаттау» ретінде жүзеге асқанын айтқан.

А. Смиттің пайданы-бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу «ұстамдылық», «күтушілік», «тәуекелділік», теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні –пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.

Д. Рикардо өзінің пайдаға көзқарасын «Саяси экономия және салық салуды бастау» деген еңбегінде баяндаған, онда ол жалақы мөлшері мен пайда бір-біріне кері қатынаста болатындығын дәлелдеуге тырысқан. «Пайданың жоғарылауы немесе төмендеуі, жалақының төмен немесе жоғары болуымен байланыстылығын» айтқан. Демек, Д. Рикардоның айтуынша, пайда – бұл жұмысшылар өндірген қосымша құн.

К. Маркс өзінің «Капитал» деген еңбегінде пайданы егжей-тегжейлі қарастырып қомақты үлес қосты. Ол былай деген: « Пайда қосымша құнның өзгерген түрі»сөйтіп барлық авнсыланған капитал қызметі нәтижесінің түрін бейнеленген. 3К. Маркс пайданың нағыз қайнар көзі ретінде жалдамалы жұмысшыға төленбеген қосымша еңбекті есептеген. Маркстың ойы бойынша, сыртқы құбылыста көрінетін нәрсе сол-пайда айналым сапасында тауарды сатқан кезде өмірге келеді.

Шын мәнінде пайда бұл өткерілетін қосымша құн, бұл қосымша құнның өзгерген түрі және өндіріс саласында жалдамалы жұмыс күшімен жасалады және нарықта тауар-ақша айналымы саласында өткеріледі.

Батыс экономистері жасаған қазіргі пайда тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.

Американ ғалым-экономисті Пол. Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап көрсетті:

1. пайда өндіріс факторынан алынған «шартсыз» табыс ретінде және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;

2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық жетілдіруді ендіру;

3. пайда тұрақсыздық жай-күйді тудырушы ретінде және тәуекелділік үшін төлем;

4. пайда монополды табыс ретінде.

Осындай көзқарас американ жоғарғы оқу орны студенттерінің «Экономикс» оқулығының авторлары Кэмбелл Р. Макконнел мен Стенли Л. Брюде қалыптасқан.4 «Экономический образ мышления» оқулығының авторы П. Хейне былай дейді: пайданың дұрыс анықтамасы жоқ, себебі бұл көп қырлы ұғым және оның мазмұнын екшеп сорттау қажет, егер біз экономикалық жүйе қызметінің механизмін түсінгіміз келсе»5

Осы қысқаша әртүрлі шолу пайданың қайнар көзіне көп түрлі көзқарстың барлығын көрсетеді. Таза, сандық көзқарас тұрғысынан пайданы қолға түскен шағын табыс пен жалпы шығындардың арасындағы айырма ретінде анықтаған абзал.

Кез-келген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алдыменен белгіліақшалай қолға түсетін шағын түсімді (табыс) алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:

а) жиынтық табыс (TR)-белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сома. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын (а) оның бағасына (р) көбейткенге тең

TR=Q x P

ә)орташа табыс (AR)-салынатын бір тауар бірлігінен алынатын, табыс:

AR= TR

Q

б) шекті табыс (MR)-бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс. Шекті табыс жиынтық (жалпы табыстың п бірлігі тауары мен жиынтық (жалпы) табыстың п=1 бірлігі тауарының арасындағы айырмаға тең:

MR= ATR немесе TR п– TR п -1

AQ

TR табыс Р баға

P= AR=MR

O P Q

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]