Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
глава 12.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
143 Кб
Скачать
☆

3. Жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі.

Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді.

Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды-заттай және құндылық.

ЖҚӨ натуралды-заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады.

Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).

ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылатын өндіріс құрал-жабдығы құнына бөлінеді:

- (С) шикізат, материалдар және машина, ірі жабдықтар, зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн немесе ұлттық табыс (V+M).

- Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V) – (жұмыс күшіне шығындар) және қосымша өнімге (М), - (қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді.

Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚО) құн формуласы:

W=c+v+m

Мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.

c - өндіріс құрал-жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн.

v – қажетті өнім.

m – қосымша өнім.

Осы экономикалық көрсеткіш қоғамдық өндірістің нәтижесін көтеріңкіреп көрсетеді, себебі кейбір технологиялық процестерде шикізат пен материалға шығындар қайталанады немесе қосақтала есеп-шот жүргізуге болады.

Біздің мысалдағы қолданып жүрген әдістер негізінде қоғамдық өндірістің қортындысымен темір рудасының құны төрт есе, темір үш есе, болат екі есе берілген.

Т емір рудасын өндіруі

Темірді балқыту

Болатқа айналдыру

Станок дайындау

(темір рудасының құны)

(темірдің құны темір рудасы-ның құнынан тұрады)

( болаттың құны темірдің, темір рудасының құнынан тұрады)

(станок құнына:болаттың, темір мен темір рудасы құндары есептелген )

Қазіргі кезеңде қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш – түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп-шотын жүзеге асырады.

Түпкі өнім мөлшері төмендегідей формуламен анықталады:

К пр = c1 + v + m

Мұндағы: c1 – машина, жабдық, ірі үйлер, алып құрлыстарға берілген

(амортизация),

v+m – жаңа құрылған құн, таза өнім (немесе ұлттық табыс).

Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп-шотын болдырмайды.

Түпкі қоғамдық өнім материал мен шикізат құнын қайталануын алып тастау жолымен ақытлағанда, Жалпы ұлттық өнім немесе қосымша құн бойынша ЖҰӨ деп аталады.( Нақтырақ осы тақырыптың 4 параграфн қараңыз.)

Қоғамның экономикалық дамуының ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:

ҰТ=ТҰӨ - жанама салықтар

Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.

ҰТ = ЖҚО – МШ

Мұндағы : ҰТ - ұлттық табыс

ЖҚО – жиынтық қоғамдық өнім,

МШ – материалдық шығындар.

Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт стадиядан өтеді : өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыныс пен қорлану).

Өндіріс стадиясында ұлттық табыс барлық салада құрылатын таза өнім түрінде болады; бөлу стадиясында (және қайта бөлу немесе үлестіру) - әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас стадиясында – тауардың өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды; қолдану стадиясында –қорлану мен резерв түрінде болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]