- •Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның (фирма) қызметі мен мінез-құлқы.
- •3. Нарықтық тәуекелділік, оның түрлері.
- •4. Шарашылық және коммерциялық есептер кәсіпкерлік қызметтің тәсілі ретінде
- •5. Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу.
- •Ұғыну қажет терминдер:
- •Мәнжазба, хабарлама мен баяндама тақырыптары.
- •Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер.
3. Нарықтық тәуекелділік, оның түрлері.
Кәсіпорынның тәртібі нарықтық тәуекелділік жағдайында.
Тәуекелділік- бұл сәтсіздік пен күтпеген ұтылудан қауіптілік. Кәсіпкерлік қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Егер басшы тәуекелге бой ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджментте , егер кәсіпкер тәуекелділік шешімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін қауіпті әрі тоқырауға алып барады деп есептеген.
Тәуекелдің әртүрлі анықтамалары бар. Бір жағдайда ол келешекпен салыстырғанда анықталмағандық ретінде түсіндірілсе, екіншісінде – оның дефинициялануы мүмкін болатын салдарлады қосып алады, үшіншісінде- өзінше тәуекелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріледі. Өте дәлелденген және ыңғайлы деп мына анықтаманы айтуға болады: тәуекелділік – қоғамдық пайдалы нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптілікті жасау, себебі кәдімгі және тәуекелсіздік құралдарымен қол жеткізу мүмкін емес.
Тәуекелділікті төмендегі түрлерге бөледі:
өндірістік
коммерциялық,
қаржылық,
пайыздық және несиелік.
Өндірістік тәуекел кез - келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруымен байланысты түсіндіріледі. Өндіріс тәуекелдің басты себептері – межеленген өндіріс және өткеру көлемін мүмкіндігінше төмендету, материалдық , яғни басқа да шығындардың өсуі, көтеріңкі төлем мен салықтарды және т.б төлеу.
Коммерциялық тәуекел- кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет көрсету процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық тәуекелдің кең тараған түріне- тауардың сатып-алу бағасының өсуін, сатып-алу көлемінің ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың жоғалуын , айналымдағы шығыннның көтерілуін, өткерілу көлемінің төмендеуін және т.б. жатқызуға болады.
Кәсіпкерліктегі қаржылық тәуекел заем қорларының барлық кәсіпорындағы қаржы қорларына қатынасымен байланысты болады.
Пайыздық тәуекел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға бағаның төмендеу мүмкіндігімен байланыстырылады.
Несие тәуекелінің пайда болуы заемшының қарызды төлемегендігімен түсіндіріледі.
Жоғалту мөлшеріне байланысты тәуекелдің даулы зонасын бөлеміз.
15-3 кесте.
Тәуекел зонасы
Тәуекелсіздік зонасы |
Жіберуге (келісуге) болатын тәуекелділік зонасы |
Сындарды тәуекелділік зонасы |
Қауіп-қатерлі тәуекелділік зонасы |
Жоғалту мөлшері |
|||
Нольдік жоғалту |
Күткен пайдадан төмен |
Күткен қаржыдан көп |
Бара-бар немесе кәсіпкердің мүліктік жағдайынан көп |
Жоғалту болмайтын облысты тәуекелсіздік зонасы дейміз және оған нольдік жоғалту тән.
Жіберуге болатын тәуекелділік зонасы деп сол шеңбердегі кәсіпкерлік қызмет түрінің өзінің экономикалық мақсаттылығын сақтайды , яғни жоғалту бар, бірақ олар күткен пайдадан төмен. Жіберуге болатын зона тәуекелділігі шекарасының жоғалту деңгейіне сай келуі және ол кәсіпкер қызметінің есептелінген пайдасына теңбе-тең.
Сындарлы тәуелділік зонасы- бұл сондай облыс, кәсіпкерліктен күткен түсім мөлшерінен артықтау жоғалту мүмкіндігімен сыйпатталады және ол шығын мен пайда сомасын көрсетеді. Басқаша айтар болсақ, сындарлы тәуекелділік зонасы жоғалту қауіптілігімен сыйпатталады, сондықтан да күткен пайдадан артықтау және кәсіпкердің іске жұмсаған барлық қаржысын жоғалтуына алып келуі мүмкін. Қарастырған соңғы жағдайда кәсіпкер атқарған іс-әрекеттен ешқандай табыс таба алмай ғана қалмайды, бірақ барлық жарамсыз шығындар сомасында тақырға отырады.
Қауіп-қатер тәуекелдік зонасы жоғалту облысында кәсіпкердің мүлік жағдайына сай мөлшеріне жетуін байқатады. Қауіп-қатерлі тәуекелділік кәсіпорынды күйретуге, банкроттыққа, толық құлауына алып келуге қабілетті, оны жауып, мүлкін саттырады. Сондықтан қауіп-қатерлі тәуекелділік ( мүліктік және ақшалай зияндылығына байланыссыз) категориясына мынандай тәуекелділік жатады: тікелей адам өмірін деген қауіптілік пен байланысты немесе қауіп-қатердің тууымен.
Тәуекелділікті басқару саласында білікті квалификациялы жұмыс жүргізе отырып, оны азайтуға болады. Ол үшін- өзін-өзі сақтандыруды қолданады, тәуекелділіктің бір бөлігін хеджирлық жолымен басқа жеке тұлғаға немесе ұйымға береді, опциондар, сақтандырулар жүргізіледі. Тәуекелділіктің азайуына тиімді болжау мен жоспарлау ықпал етеді.
Нарықтағы тәуекелдікті бағалай тәсілдері.
Тәуекелділік шамасының дәрежесінде екі негізгі тәсілге бөлінеді: теоретикалық және эмпирикалық.
Теоретикалық тәсіл. Өткен кезеңдегі тәжірибеге емес, логикалық пайымдау жолымен тәуекелділік есептеледі.
Эмпирикалық тәсіл. Күтілетін тәуекелділік, экстраполяция негізінде, өткен оқиғаларды зерттеу, жалпы сипаттағы фактілер мен құбылыстардың ақпараттарын қорыту базасында анықталады.
Жоғалтулар пайда болуы қисығын құру үшін статистикалық тәсіл, әсперттік тәсіл, аналитикалық есептеу тәсілдері қолданылады.
Статистикалық тәсіл- бұрында осыған ұқсас кәсіпкерлік қызметте орын алған жоғалтуларды статистикалық шамалайды, анықталған жоғалтулар деңгейінің пайда болуы жиілігін белгілейді.
Эксперттік тәсіл -ықтимал жоғалту деңгейін анықтау үшін тәжірибелі кәсіпкерлер мен мамандардың ойлары пайдаланылады.
Аналитикалық есептік тәсіл- теоретикалық келтірулер негізінде жоғалтулар ықтималдылығы бөлінісі қисығын құруды ұсынады.
Тәуекелділіктен сақтандыру үлгілері.
Хеджирование. Бұл дегеніміз не? Хеджирование ( ағылшынның headging сөзі ) – бұл фьючерлік іс-әрекет жасағында тәуекелділіктен сақтандырудың түрі.
Банкілік, баржалық, коммерциялық практикада қолданылады. Биржада ол хеджирование фьючерлік контракта ретінде жүзеге асады. Биржада хеджирование жасаған кезде іс-әркетке қатысушылар өзін бағаның ыңғайсыз келісімінің өзгеруінен және басқа оепарциялардан сақатндыру мүмкіндігіне ие болады, сөйтіп келешекте тауарларды алып келуді ескертеді. Хеджированиенің кең тараған түрі- жедел валюталық іс- әрекетті жасау. Қазақстан Республикасында хеджирование тіпте практида қолданылмайды, ал әлемдік практикада ол кең тараған.
Өзін-өзі сақтандыруды қолдану арқылы фирма өзінің кеткен шығынын кемітуі мүмкін. Ол арнайы резервтік қордың құрылуымен байланысты немесе шеккен зияндарын өзінің айналмалы қаржы қорының бір бөлшегімен жабады. Өзін-өзі сақатндыру логикаға жататын нәрсе, себебі сақатндыру мүлігінің құны бизнестегі барлық мүлік және қаржы параметрлерімен салыстырғанда аса үлкен емес.
Кәсіпорынды өзін-өзі сақатндырудың және бір түрі опциондарды шығару болып табылады. Опцион- алдағы келісім бойынша , сонда көрсетілген жағдайға қарай , сатып – алушының сатып алу құқығы. Мерзімі көрсетілген қосымша тауар мөлшері, сол уақыт кезеңінде бір жағынан екінші жаққа өзінің құқығын падаланатынын хабарлауы керек.
Әлемдік практикада қымбат жұмыстардың басқа компанияларда жүзеге асқанында қаржылық тәуекелділіктің бір бөлігін аудару кең тараған ( венчурлық , яғни тәуекелділік) , себебі барлық жоба сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қаржы шығынының бір бөлігін өзі көтереді.
