Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11.М-ну-КМТ 576-692 Резан..doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

21.6 Дайындамаларды сүргілеу, қашау және тартып өңдейтін станоктарда өңдеу

21.6.1 Сүргілеу әдісінің сипаттамасы, типтері

және қолданылу саласы

Сүргілеу – горизонталь, вертикаль және көлбеу жазық және фасондық беттерді, ойықтарды, бунақтарды және басқа ойықшаларды арнайы кескіштермен өңдеу процесі. Сүргілеу кезінде кескіштің жұмыстық және бос жүрістер жасауы салдарынан металл үзілмелі кесіледі. Тура (жұмыстық) жүріс кезінде дайындамадан жоңқа кесіледі, ал кері (бос) жүріс кезінде атқару органдары (үстел немесе кескіш) алғашқы қалпына келеді, жоңқа алынбайды.

Конструкциялық орындалуына байланысты көлденең-сүргілеу және бойлық-сүргілеу станоктарын ажыратады, олардың сұлбалары 21.34-суретте көрсетілген. Көлденең-сүргілеу станогында (21.34-сурет, б) кескіш құрал – басты қайтымды-ілгерілемелі қозғалыс, ал дайын­дама басты қозғалыс бағытына көлденең периодтық беріс қозғалысын жасайды. Вертикаль немесе көлбеу беттерді өңдеу кезінде кескіш құралға периодтық беріc қозғалысы беріледі. Көлденең-сүргілеу ста­ноктары кіші және орташа дайындамаларды өңдеу үшін қолданы­лады. Бойлық-сүргілеу станоктарында өңдеу сұлбасы (21.34-сурет, а) дайындаманың басты қайтымды-ілгерілемелі жылжуымен және кес­кіш құралдың горизонталь, вертикаль және көлбеу бағыттарда пе­риодтық беріс қозғалысымен сипатталады.

Дайындама өңделмейтін кезеңде сүргілеу кезінде бос жүрістің бар болуы – оны өңдеу уақытының едәуір ұлғаюына, ал құралдың дайындамаға соққылық ойып орнатылуы және кесу жылдамдығының тұрақсыздығы өңдеудің сапасының жоғары болмауына әкеледі. Екін­ші жағынан, өңдеудің үзілмелі сипаты бос жүріс кезінде кескіш құ­ралдың салқындатылуына мүмкіндік туғызады, бұл оның төзімділігін арттырады және өңдеуді майлау-салқындату сұйықтықтарын қолда­нусыз орындауға мүмкіндік береді. Жонып өңдеу кезіндегідей, сүргі­леу кезінде кесу режимдерінің ұқсас элементтерін қарастырады: кесу жылдамдығы v, м/мин; кесу тереңдігі t, мм; беріс s, мм/қос жүріс; кесілетін қабаттың ені b және қалыңдығы a, мм.

1-өңделген бет; 2-кесу беті; 3-өңделмеген бет;

Vр - жұмыстық жүрістің жылдамдығы; Vоб – бос жүрістің жылдамдығы

21.34-сурет – Бойлық-сүргілеу (а) және көлденең-сүргілеу (б)

станоктары жұмысының сұлбалары

Сүргілеу кезінде кесу жылдамдығын v жұмыстық жүріс жылдам­дығы деп атайды, ол кезде дайындамадан металл қабаты алынады. Көлденең-сүргілеу станогы үшін бұл – кескіші бар сырғыманың жұ­мыстық жүрісінің жылдамдығы, бойлық-сүргілеу станогы үшін – үс­телдің орын ауыстыру жылдамдығы. Сүргілеу станогының конструк­циясына кесу жылдамдығы айнымалы немесе тұрақты болуы мүмкін.

Қос иін-кулисалы механизмі бар көлденең-сүргілеу станоктарын­да жұмыстық vр және бос vх жүрістердің жылдамдықтары айнымалы. Осы станоктар үшін орташа кесу жылдамдығын (м/мин) мына форму­ла бойынша анықтауға болады:

v = Ln(1 + m)/1000,

мұнда L – сырғыма жүрісінің ұзындығы, мм; n – сырғыманың мину­тына қос жүрістерінің саны; m – жұмыстық жүріс жылдамдығының бос жүріс жылдамдығына қатынасы. Сырғыма жүрісінің орташа және кіші ұзындықтарында m = 0,60…0,75.

Қозғалыс берісіне арналған рейкалы механизмі бар сүргілеу ста­ноктарының жұмыстық жүрісінің тұрақты жылдамдығы бар. Бұл жылдамдықтар үшін кесу жылдамдығын мына формула бойынша есептейді:

v = 2Ln/1000.

Сүргілеу кезінде кесу жылдамдығын салқындатусыз сыртқы бой­лық жону кезіндегідей формула бойынша анықтайды, бірақ, кескіш­тердің соққылық және үзілмелі жұмысын есепке алып, алынған мәнді kc = 0,75 коэффициентіне көбейтеді. Табылған кесу жылдамдығы бойынша алдыңғы екі формулада сырғыманың минутына қосарлы жүрістерінің n санын есептейді. Сүргілеу процесінің сұлбасы 21.35-суретте көрсетілген.

Беріс s тетіктің (көлденең-сүргілеу станоктары үшін) немесе кескіштің (бойлық-сүргілеу станоктары үшін) бір қосарлы жүріс ішінде көлденең бағытта салыстырмалы орын ауыстыруын білдіреді. Беріс ылғи да кері (бос) жүрістің аяғында жүргізіледі.

Sк

21.35-сурет – Сүргілеу процесінің сұлбасы

Кесу тереңдігі t бір өткенде алынатын металл қабатының қалыңдығын білдіреді. Оны өңделген бетке перпендикуляр бағытта өлшейді. Кесудің көлденең қимасын f кесілетін қабат қалыңдығының а еніне b көбейтіндісімен анықтайды, яғни:

f = ab = st.

Сүргілеу кезіндегі машиналық уақыт, яғни дайындаманы кескіш­пен өңделетін дайындаманың ұзындығы мен еніне пропорционал өң­деуге жұмсалған уақыт:

Тм = (В + l1 + l2)i/(ns),

мұнда B – өңделетін беттің ені, мм; l1 және l2 – кескіштің сәйкесінше ұзындығы және асып кеткіштігі, мм; i – өту саны.

Сүргілеумен өңдеу өнімділігін жоғарылату үшін күштік кесу әдістері қолданылады, ол кезде негізгі технологиялық уақыт беріліс және кесу тереңдігінің ұлғаюы (өту саны i қысқартылуы) есебінен азаяды.

Сүргілеу станоктарының типтері

және қолданылу саласы

Сүргілеу станоктары конструкциялық және технологиялық бел­гілерге байланысты бірқатар қосалқы топтарға бөлінеді: көлденең-сүргілеу, бойлық-сүргілеу, қашау (вертикаль-сүргілеу) және арнайы. Әрбір қосалқы топта конструкциялық ерекшеліктерімен өзгешелене­тін станоктардың бірнеше типі бар. Сүргілеу тобы станоктарының маңызды жетістігі олардың әмбебаптылығы, конструкциясының қара­пайымдылығы және қарапайым және қымбат емес құралдарды пайда­лану мүмкіндігі. Сүргілеу станоктары ұсақ сериялы және дара өнді­рістерде қолданыс табады. Олар орнақтар, корпустар, рамалар, баға­налар және т.б. дайындамаларының ұзын өлшемді беттерін өңдеу үшін кеңінен қолданылады.

Сүргілеу станоктары тобынан көлденең-сүргілеу және бойлық-сүргілеу станоктары аса жиі қолданылады. 21.36-суретте көлденең-сүргілеу станогының жалпы түрі көрсетілген. Орнақта 1 жылдамдық­тар қорабы және қос иін-кулиса механизмі орналасқан, олар электр қозғалтқыштан 2 сырғымаға 4 және үстелге 10 қозғалыс береді. Сыр­ғыма – басты (қайтымды-ілгерілемелі) қозғалысты, ал үстел берістің көлденең қозғалысын алады. Сырғыманың шетінде қайырмалы кес­кіш ұстағышы 9 бар суппорт 8 жинақталған.

Сырғыманың қосарлы жүрістерінің қажетті санын анықтауға басқару тұтқаларымен 3 қол жеткізіледі. Жылжымалы қысқышы бар 5 сырғымадағы 4 кертік станокты баптау кезінде сырғыманы қайта орнату үшін қызмет атқарады. Кесу тереңдігін реттеуді тұтқа 7 айнал­ғанда кескіші бар суппортты көтеру немесе түсіру жолымен жүзеге асырады.

Өңделетін тетікті тікелей үстелде немесе машина қысқыштарын­да бекітеді. Үстел қырылдау механизмі 13 және берістер жүйесі арқылы кулиса тісті доңғалағы білігінен көлденең қозғалыс алады. Үстелдің вертикаль айналуы станоктың қарама-қарсы жағынан орна­ласқан тұтқамен қосылған бұранданың 12 айналуымен жүргізіледі. Үстелдің аса қатаң бекітілуі үшін ұстап тұратын кронштейн 11 бар болады. Көлбеу беттерді сүргілеу кезінде суппортты белгілі бұрышқа айналдырады. Станокты қосу мен сөндіруді пульт 6 батырмасына басу арқылы жүргізеді.

1 – тұғырық; 2 – электр қозғалтқыш; 3 – басқару тұтқасы; 4 – сырғыма; 5 – қысқыш;

6 – пульт; 7 – тұтқа; 8 – суппорт; 9 – кескіш ұстағыш; 10 – үстел; 11 – кронштейн;

12 – бұранда; 13 – қырылдау механизмі

21.36-сурет – Көлденең-сүргілеу станогының жалпы түрі

21.37-суретте бойлық-сүргілеу станогының жалпы түрі көрсетіл­ген. Орнақтың 1 бүйірлері бойында маңдайшамен 7 қосылған, екі вертикаль тіреуіш 6 және 8 орналасқан. Орнақтың бағыттаушылары бойында үстел 2 қозғалады, оның жоғарғы жазықтығында өңделетін дайындаманы бекітуге арналған Т тәрізді ойықтар орналасқан.

Үстел дайындамамен бірге бұрамдық-рейкалы беріліс пен редуктордың көмегімен тұрақты токты электр қозғалтқыштан алына­тын басты (қайтымды-ілгерілемелі) қозғалыс жасайды. Вертикаль тіреуіштерде бағыттаушылар бойымен дербес электр қозғалтқыштан орын ауыстыратын траверса 4 орналасқан. Траверсада тетіктің гори­зонталь жазықтықтарын өңдеуге арналған кескіштері бар суппорттар 5 және 9 орналасқан. Екі суппорттың да траверсаның бағыттаушыла­ры бойынша электр қозғалтқыштардан көлденең берісі бар. Метал­дың жаңа қабатын алу үшін суппорттардың вертикаль берісі травер­саның орнын ауыстырумен жүзеге асырылады.

1 – тұғырық; 2 – үстел; 3, 10 – вертикаль жазықтықтарды өңдеуге арналған суппорттар;

4 – траверса; 5, 9 – горизонталь жазықтықтарды өңдеуге арналған суппорттар;

6, 8 – тіреуіштер, 7 – маңдайша

21.37-сурет – Бойлық-сүргілеу станогының жалпы түрі

Тетіктің вертикаль жазықтықтарын өңдеу үшін тіреуіштерде 6 және 8 орналасқан суппорттарды 3 және 10 пайдаланады. Сондай-ақ олар бағыттаушы тіреуіштердің бойында өз бетімен орын ауыстыра­ды. Мұндай типті станоктарды әдетте сүргілеу ауданы үлкен ірі дайындамаларды өңдеу үшін қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]