- •Глава ііі
- •Тәжірибелік дағдылар
- •Анамнез жинау және жүкті (босанушы) әйелді жалпы тексеру
- •Студентке тапсырма: жүкті (босанған) әйелден анамнез жинастыра отырып, анықталған мәліметтер бойынша емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
- •Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (жамбасты өлшеу)
- •Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд –Левицкий тәсілдері)
- •Ішкі акушерлік зерттеу
- •Партограмманы толтыру Студентке тапсырма: Партограмманы дұрыс толтыру ережелерін баяндап беріңіз. Дағдыны көрсету уақыты -10 минут.
- •Ұрықтың болжам салмағын анықтау
- •Бала жолдасы кезеңін белсенді түрде жүргізу
- •Нәрестені босану кезінде бағалау және алғашқы күтімі
- •Босанудан кейінгі контрацепция бойынша кеңес беру
- •Гинекологиялық науқастардан анамнез жинау.
- •Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарау
- •Бимануальды зерттеуді жүргізу
- •Микроскопияға жағындыны алу
Микроскопияға жағындыны алу
Студентке тапсырма: пациентке зерттеуді жүргізіңіз. Сонымен қатар емтихан қабылдаушыға жасап жатқан әрекетіңізді айтып отырыңыз.
Дағдыны көрсету уақыты -5 минут.
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген пунктер бойынша студенттің әрекетін бағалаңыз.
1 |
Пациентке жүргізілетін тексеру мәнін түсіндіреміз. |
1 |
0,5 |
0 |
2 |
Пациентті гинекологиялық креслоға жатқызамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
3 |
Қолды жуамыз. Бір реттік орамалмен сүртеміз. Бір рет қолданылатын қолғапты киеміз. |
1 |
0,5 |
0 |
4 |
Жағынды алу үшін стерильді құралдарды пайдаланамыз, жағынды алуды науқасты гинекологиялық зерттеу және қынаптық емшараларын өткізуге дейін жүргізеді. |
1 |
0,5 |
0 |
5 |
Жағындыны Фолькман қасықшасымен барлық мүмкін инфекция ошақтарынан алады. Алынған материалды таза заттық шыныға жағады. Жатыр мойнынан және қынаптан алынған материалды штрих түрінде бөлек заттық шыныларға сәйкес белгімен жағады: “U”-уретра, “C”–жатыр мойны, “V”-қынап. |
1 |
0,5 |
0 |
6 |
Ең алдымен зәр шығару өзегінен жағынды алады. Ол үшін сол қолдың сұқ саусағымен қынаптың алдыңғы қабырғасы арқылы уретра массажын жүргіземіз. Зәр шығару өзегі бөліндісінің бірінші порциясын стерильді мақта шарикпен сүртеміз, содан кейін 1,5-2 см тереңдікте Фолькман қасықшасымен жағынды аламыз. Алынған материалды заттық шыныға “U”- әріпімен белгілейміз. |
1 |
0,5 |
0 |
7 |
Айнамен жатыр мойнын жалаңаштаймыз, мақта шарикпен сүртеміз, содан кейін мойын өзегінен жағынды аламыз (жеңіл қыру қажет, себебі кейбір қоздырғыштар шырышты қабаттың бетінде емес, эпителиалды жабынның астында орналасады). Алынған жағындыны заттық шыныға сәйкес жатыр мойны - “C” - әрпімен белгілейміз. |
1 |
0,5 |
0 |
8 |
Қынаптық жағындыны артқы күмбезден алып, заттық шыныға қынап - “V” – әрпімен белгілейміз. |
1 |
0.5 |
0 |
9 |
Алынған материал кептіріледі және микроскопияға зертханаға жіберіледі. Қолғапты шешіп, арнайы контейнерге тастаймыз және қолды жуамыз. |
1 |
0,5 |
0 |
10 |
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік беріп, ілтипат пен шыдамдылық таныта отырып өз әрекетімізді түсіндіреміз. |
1 |
0,5 |
0 |
Максимальды берілетін ұпай саны – 10
