Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9- тарау.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
249 Кб
Скачать
☆

Қосылған құн салығы

Қосылған құн салығы – тауарларды өндіру мен олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы, сатылатын тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Салық салу объектілері ­ салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт болып табылады.

Қосылған құн салығы – төлеушілер есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасалған айналымы – салық салынатын айналым болып есептеледі. Оған қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны, Қазақстан Республикасы болмайтын айналым, қосылмайды.

Түсті және қара металдар сынығының экспортын қоспағанда, экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналым мен халықаралық тасымалдарға байланысты орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.

Қосылған құн салығының ставкасы 13 %.

Акциздер

Қазақстан Республикасы аумағында өндіріліп, республика аумағына импортталатын мына тауарларға акциздер салынады:

  1. спирттің барлық түрлері;

  2. алкоголь өнімдері;

  3. темекі бұйымдары;

  4. құрамында темекі бар басқа бұйымдар;

  5. бекіре және қызыл балық уылдырығы;

  6. алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік

бұйымдар;

  1. бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

  2. жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);

  3. атыс және газ қарулары;

  4. газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай.

Акциз ставкаларын үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

9.3. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

“Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы қарашаның 29-ғы Заңында Салық кодексінің 279 бабына сәйкес, жер қойнауын пайдалану үшін келісім-шарт жасалады, ал оны пайдаланушылар төмендегі салықтарды төлеуі керек:

  1. үстеме пайда салығын;

  2. экспортталатын шикі мұнайға рента салығын;

  3. жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:

а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);

ә) роялтиді;

б) өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.

Техногендік минералды құрамдардан пайдалы қазбалар алу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілері болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, келісім-шарттардың негізгі түрлеріне қарай екі үлгіге бөлінеді:

  1. бірінші үлгі – жер қойнауын пайдаланушының жаңа салық кодексінде көзделген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;

  2. екінші үлгі – жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін, сондай-ақ салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін көздейді, оларға:

а) экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығы;

ә) газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциз;

б) үстеме пайда салығы;

в) жер салығы;

г) мүлік салығы қосылмайды.

Салық режимінің бірінші үлгісі, салық режимінің екінші үлгісі белгіленетін өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда көрсетіледі.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық келісім-шарттарға қол қойылғанға дейін, олар Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тәртіппен және мерзімдерде міндетті салық сараптамасынан өткізілуге тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]