Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-та-ырып Мемлекеттік бюджетті- экономикалы- ма...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында - бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу про-цестері қарастырылған.

Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.

Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесі соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы реінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.

Мемлекеттің бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар— бюджет арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты - ол халықтың ауқаттылығын жоғарылату мен экономикалық дамуды қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат- еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.

3. Мемлекеттік бюджеттің функциялары, олардың әрекет ету шекарасы, ерекшеліктері

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тәнті:

• ¥лттық табысты қайта бөлу;

• әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;

• экономиканы реттеу мен ынталандыру;

• ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.

¥лттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретінде мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мүқтаждықты қанағаттындыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.

Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғүрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.

Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.

Салааралық қайта бөлу, бір жағынан, занды және жеке тұлғалар бюджетке енгізетін салықтар мен төлемдерге, ал екінші жағынан, бюджеттік қаражаттар арқылы әр түрлі инвестициялық бағдарламалар, айналыс құралдар, операциялық және басқа да шығындарды қаражаттандыруға негізделеді. Аумақаралық қайта бөлу лайықты мемлекеттік билік органдарына салықтар мен кірістер бекіту және бюджеттік реттеудің әр түрлі формалары арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте оның дамуын еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес қамтамасыз ететін бюджеттік қор қалыптастыруын қамсыздандырады.

Ақша қаражаттарын өндірістік және өндірістік емес салалар арасында қайта бөлу материалдық өндіріс кәсіпорындардың қаржы ресурстарының бір бөлігін алу арқылы іске асырылады. Содан кейін өндірістік емес сала мекемелерін бюджеттік қаржыландыру жүргізіледі Мұндай бюджеттік қаржыландырудың ұлттық табысты пайдалануының құрылымын қалыптастыруда рөлі өте зор, себебі мемлекеттік бюджет экономика секторлары арасында ұлттың табысты қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Әрине, қазіргі уақытта ақша қаражаттарының басым жағы орталықтандырылған қорға мемлекеттік сектордан түседі, бірақ жалпымемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлер мен экономиканың мемлекеттік емес саласының басқа да субъектілердің қаражаттары тартылады.

Бөлу функцияны ішкі өнімнің бәлінген құнын қайта бөлуге пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байла-ныстарды өзгертеді, сонымен қатар бюджеттің экономикаға тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуы мен еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады. Сондықтан, бюджеттің белу функциясы экономиканың құндық құрылымын реттеуде, салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді үлғайтуда кеңінен пайдаланады.

Бөлу функциясының әрекет ету шекарасы бюджетпен қатынасқа түсетін қоғамдық әндірістің барлық қатысушылар мен экономиканың барлық салаларымен анықталады. Бюджеттік бөлудің негізгі объектісі болып қосымша өнім (таза табыс) табылады, бірақ бюджет арқылы керекті өнімнің де бір бөлігі қайта бөлінуі мүмкін, мысалы, материалдық өндіріс жүмыскерлерінің салықтық төлемдері және оларды пайдалануы.

Бюджеттің бөлу функциясының ерекшеліктеріне: бюджеттің қоғамдық өндіріске көпжақты әсері мен нақты нәтижеге жеткізетін жоғары деңгейдегі іскерлігі жатады. Бюджеттің бұл функциясы ақша қаражаттарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басымдылық бағыттарға пайдалануға мүмкіншілік береді де экономиканың жоғары өсу қарқынына жетуі мен оның тиімділігін жоғарлатуына ықпал етеді.

Бюджеттің бақылау функциясының негізін бгаджеттік түсімдермен шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды. Мысалы бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық көлемде пайдаланбаса, онда экономика салалары мен іс-әрекет салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі. Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бүзылған қаржылық тәртіпті қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға негіз болады.

Бюджеттің бақылау функциясы бәрін қамтушы сипатқа ие және ете кең әрекетті шекарамен ерекше. Бұл функция экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістіц барлық қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы ресурстары жиналмаса да, ол бақылау функцияға экономиканың жалпы қаржылық ахуалы жөнінде «хабар беруге» кедергі болмайды.

Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау функциясы да өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер, компыотерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.

Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның функциялары да объективті. Бюджет функцияларын бірден оның ішкі потенциалдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол (қабілеттілік) өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тәнті қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.

Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюджеттің және оның функцияларының объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.

Сонымен, бюджет функциялары, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың функциялары қорытынды түрде келесілерді құрайды:

а) нарықтан тыс қызмет көрсету (қоғамдық сипаттағы қызметтер: білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б.),

ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансферттер, субсидиялар және т.б.),

б) мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы реттеу, еңбекпен қамтамасыз ету және т.б.),

в) мемлекеттік бақылауды іске асыру (сыртқы бақылау, ішкі бақылау).