Қазақстан Республикасының призидентінің 3.6 жолдауы
3.6. Ана, бала, аға ұрпақ Біздің стратегиямыздың маңызды мәселесі – қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің - балалардың, олардың аналарының және аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету. Мемлекет бұл мәселелерді шешу үшін қаражат аямайтын болады. Біз балалар мен жүкті әйелдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде нақтылы шаралар қабылдадық, енді оларды іске асыратын боламыз. 2003 жылдан бастап, перзенттің дүниеге келуіне байланысты біржолғы жәрдемақы төленіп келеді. Биылғы жылдан бастап, біз әлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыруды қолға аламыз. Біріншіден, бұл мемлекет кепілдік беретін негізгі әлеуметтік төлемдер. Екіншіден, бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру. Ақыр аяғында, бұл кейіннен әлеуметтік төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті жинақтаулары. Міне, осындай үш бастау азаматтарымыздың қарттық кезеңін лайығымен қамсыздандыруға тиісті жағдай туғызады.
Әйел құқығын қорғау
Әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады.
Әйел құқығын қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады. Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік қағиданы түсінбеушілік, халықаралық құқық қорғау стандарттарын білмеушілікпен кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей бүгінде өз қызметінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережелерін, оның үстіне Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алмайды, кейбірі Республиканың халықаралық құқыққорғау міндеттемелерінің басымдық сипатын сезінеді.
Сонымен қатар, келіп түскен өтініштер куәландырғандай көп жағдайларда әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын дәлелдер (уәж) арасында ерекше құқыққа жүгіну түріндегі өте “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге әйелдер өз өтініштерінде жыныстық белгі бойынша кемсіту дәйектерін сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай жағдай әйелдер құқығының бұзылу жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің төмен деңгейімен байланысты. Неғұрлым ақталды деп мемлекет саясатының гендерлік сезімтал қоғамдық сананың дамуына жалпы бағыттылығы саналады.
Әйелдер құқығын қорғау және көтермелеу бойынша Уәкіл қызметті іске асыру тетіктерінің бірі болып халықаралық ұйымдармен және қорлармен бірлесе отырып, омбудсмен мекемелерінің жүзеге асыратын жобалары саналады. 2005 жылғы сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясымен, БҰҰ “Гендер және даму” бюросымен және Швецияның “Квинофорум” консалтингілік компаниясымен бірлесе отырып іске асырылатын “Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасын бастады.
