Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есназаров Kurs_SSSK.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
294 Кб
Скачать
☆

1 Зоналық телефон желісінің қысқаша сипаттамасы

Бұл бөлімде АМТСЭ АХЕ-10 жобаланатын зоналық телефон желісінің құрылымын қарастырамыз, нөмірлену зонасының ішінде және қалааралық телефон желісіндегі байланысты ұйымдастыруды түсінеміз.

1-суретте облыс территориясында ұйымдастырылған зоналық телефон желісінің құрылымы көрсетілген.

Нөмірлену зонасының құрамына ауылдық (СТС) және қалалық (ГТС) телефон желілері кіреді. Облыс орталығының территориясында АМТС-3 типті АМТС істейді. Қазіргі кезде АМТС-3 шығыс, кіріс зона абоненттерін қалаарлық және зоналық байланысты автоматты және жартылай автоматты тәсілмен қамтамасыз етеді. Халық санының өсуіне, өндіріс потенциалының өсуіне және облыс орталығының инфрақұрылымының дамуына байланысты АХЕ-10 қондырғысы негізінде жаңа АМТСЭ құрылысы туралы шешім қабылданды.

Пайдаланудың бірінші кезеңінде АХЕ-10 облыс орталығы абоненттерін автоматты шығыс қалааралық және зоналық байланыспен қамтамасыз етеді. Берілген зонаның абоненттеріне кіріс қалааралық байланыстарды және және облысқа тиісті басқа ГТС абоненттерінен болатын зоналық байланыстарды және берілген кезеңдегі МТС-ті АМТС-3 қамтамасыз етеді. АМТС-3 құрамына, сондай-ақ жартылай автоматтық байланыстарға арналған анықтамалық қызметтер және коммутациялық қондырғылар кіреді. АХЕ-10 және АМТС-3 байланысы объектаралық байланысының цифрлық желілері көмегімен іске асады.

Облыс орталығының РАТС-ы АОН аппаратурасымен жабдықталған және АМТСЭ заказды-байланыстырушы желілер түйіндерінің (УЗСЛ) үш сымды физикалық және төрт сымдық цифрлық ЗСЛ шоғырымен қосылады.

Нөмірлену зонасы шегіндегі байланыс «abххххх» типті 7 мәнді нөмірді теру арқылы орнатылады, мұндағы ab – зонадағы жергілікті тораптың коды. АМТС-ке немесе АМТСЭ-ға шығу үшін абоненттер қосымша шығу индексі «8»-ді тереді.

Жобаланатын АМТСЭ қалааралық телефон желісіне (МТС) қосылады. МТС құрамына зоналық АМТС және транзиттік түйіндер – 1 және 2 класты автоматты коммутация түйіндері (УАК-1 және УАК-2) кіреді. Үлкен региондар жүктемесі сенімділікті көтеру үшін өзара бір-бірімен «әрқайсысы-әрқайсысымен» принципі бойынша жалғанған УАК-1 өңделеді. Жекеленген территорияда УАК-2 ұйымдастырылады, олар АМТС-ке жақын орналасқан нөмірлену зоналарының жүктемесін біріктіреді және УАК-1 байланыстырады. Автоматты коммутация түйіндері және АМТС өзара қалааарлық арналар шоғырымен радиалды-түйінді принциппен байланысады.

Жобаланатын АМТСЭ шығыс қалааралық байланыстар орнату үшін бір тура және төрт төте (обходной) жолдарды таңдай алады.

МТС шегінде байланыс «АВСabххххх» түрдегі он мәнді нөмірді теру арқылы орнатылады, мұндағы АВС – нөмірлену зонасының коды.

1-суретте желі аты, олардың өткізгіштігі, есептеу кезінде алынған желілер және арналар саны көрсетілген.

2 АХЕ-10 техникалық сипаттамасы

АХЕ-10 цифрлық коммутациялық жүйе қалааралық телефон желісінде АТС, АМТС және қалааралық телефон желісінде УАК арналған. АХЕ-10 200 абоненттік желілерді, 65 мыңға дейін байланыструшы желілерді қосуға мүмкіншілік береді, егер ол транзиттік болса, немесе 65 мыңға дейін шығыс және кіріс қалааралық арналарды қосады. АХЕ-10 коммутациялық жүйесі АТС және аМТС типтерінің барлығымен келісімді. АХЕ-10 пайдаланушылық мүмкіндіктері қамтамасыз етеді:

  • жергілікті тораптардағы байланыстың барлық түрін орнату;

  • автоматты және жартылай автоматты тәсілмен қалааралық және зоналық байланыстар орнату;

  • приоритетті абоненттерге қызмет көрсету;

  • сыйымдылықты өсіру және пайдалану кезінде жаңа функцияларды ендіру;

  • абоненттердің жекеленген категорияларына қосымша қызмет көрсету түрлерін көрсету (конференц-связь, шақыру переадресациясы, тізбекті байланыс).

  • бақылау функцияларын бағдарламалау амалдары түрлерімен мәліметтерді енгізу-шығару қондырғысына шығару арқылы орындау.

  • Техникалық қызмет көрсету мен станция пайдалануын технологиялық үрдістермен автоматизациялау.

АХЕ-10 қондырғысы АРТ коммутация жүйесі мен АРZ басқару жүйесінен тұрады.

Коммутация жүйесі 512 желілі топтық іздеу блоктар арқылы өсіріледі.

Басқару жүйесі жазылған бағдарлама бойынша байланысты орнатуды және байланысты орнатудың айналымды тәсілін басқарудың иерархиялық басқару тәсілін іске асырады.

АХЕ-10 шегіндегі сызықтық сигналдар мен басқару сигналдарын алмастыру ОКС №7 іске асырады.

АХЕ-10 бағдарламалар амалдарымен мәліметтерді беру арналары бойынша ВЦ-ға мәліметтерді беру арқылы сөйлесу құнын есептеудің жекеленген және орталықтанған тәсілдері қамтылады. Қорек кернеуі -48В.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]