- •33.Түрік тайпаларының ислам дінін қабылдау ерекшеліктерін анықтаңыз
- •34.Түрік-селжүктерінің мемлекеттілігінің қалыптасуы.
- •35.Селжук хандарының жаугершілік саясаты.
- •43.Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы түрік тайпаларының саяси жағдайы.
- •48.Авар қағанаты тарихын қазіргі таңда зерттеудегі өзектілігіне анализ жасаңыз.
- •50.Ұлы Карлдың аварларға қарсы ұстанған саясаты.
- •52.Түрік халықтарының ерте орта ғасырлардағы тарихын зерттеуде араб-парсы жазба деректерінің құндылығын көрсет
- •53.Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи – и Рашиди» еңбегінің түркі тарихы үшін маңыздылығы.
- •54.Печенегтердің русьпен қатынасы.
- •62.Ертеортағасырларда түрік халықтарының этномәдени байланыстары.
- •71.Махмұд Қашқари еңбегінің түркі тарихын зерттеудегі құндылығын анықтаңыз.
- •82.Кеңес өкіметі құрамындағы түркі халықтары: негізгі даму тенденциялары.
- •83.Әзербайжан, түркімен, тәжік этнонимдернің тарихын жазба деректер негізінде саралаңыз.
- •84.Ресей империясы қол астындағы түрік тілдес халықтардың (хіх –хх ғғ. Басындағы) азаттық күресінің мәнін анықтаңыз.
- •85.«Жас түрік» қозғалысына қандай тарихи баға беретін едіңіз .
- •88.Кссро-ның құлау себептерін өз ойыңызбен тұжырымдаңыз
- •89.Қазақ асср, Түркімен асср, Әзербайжан асср, ҚырғызАсср, Тәжік асср –лерінің құрылуы.
- •90.Хх ғ. Түркі тілдес халықтардың тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы күрестерін сипаттаңыз.
43.Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы түрік тайпаларының саяси жағдайы.
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген монғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға қуды. Соның нәтижесінде, жергілікті түркі тектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрыңғы тұтастығынан айырылып, майдаланып кетті. Бұл үлкен ру, тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Монғолдар шапқыншылығынан аяқталуға жақын қалған тайпалардың, тайпалық одақтардың халық болып бірігуі бірнеше ғасырға шегерілді.
Монғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық қарекетінде, тұрмыс – тіршілігін де, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет-ғұрпын, дінін қабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған:
"Ертеде бұл мемлекет (Алтын Орда — Ә.Т.) қыпшақтардың елі болған, бірақ өздерін татарлар жаулап алған кезде қыпшақтар солардың бодандарына айналған. Сонан соң бұлар олармен араласып, туыстасып кеткен де, қыпшақтардың табиғи және нәсілдік қасиеттері үстем болып шығып, олардың бәрі нақ қыпшақтар сияқты болып кеткен..." — дейді
44.Менандр Протектордың «Тарих» атты еңбегіне анализ жасаңыз.Менандр Протектор- 6ғ.Византия дипломат және тарихшы. Ол 6ғ.ортасында \константинополь ұаласында туған. \Ол құқықтық білімі болған. Бірақ сотта тәжірибе жинамаған. Ол Маврики тұсында империя гвардиясында құзмет етеді. Ол өз жұмысында елшілік құжаттарын және сонымен қатар Византия елшілігінің хаттарын тарихи шығармалар, жеке бақылау және әңгімелерімен құмыс істеген. Менандр нақты ақпараттар жинауға талпынды. Сонымен өзінің артында жеткілікті мұралар жинауға тырысты. Ол жеткілікті ант-аварлық қатынастар туралы толық мәлімет қалдырды және авар-византия күресі Сирми тұсындағы және славяндарға қарсы шығуы туралы мәліметтер қалдырған. Көптеген жазбаларынығ мазмұны Константин Багрианародны туралы. Менандрдың еңбегіКіші Азиядағы Агафия «Юстиниан патшалығы туралы» кітабынының жалғасы, яғни 552-558 жжаралығында жазылған. Ары қарай Агафиямен бірге Менандр император Маврики тұсында «Тарих» еңбегін жазады. Ол 558-582жж аралығы. Бұл мәліметте сол уақыттағы тарихты ашып көрсете алады. Менандрдың этнопалитикалық көзқарасы бойынша әр түрлі халықтарға деген төзімділік танытуы сонымен қатар Византия-Ортодоск. «Тарих» еңбегінде түріктер варварлар деп аталмайды. Менандрдың хабарлауынша Ф.Симокотаның еңбегі яғни император ираклияның дәуіріндегі жазған деректердің жалғасы Менанрдың Тарих еңбегі болып табылады.
45.Авар қағанатының Византия империясына қатысты салық саясатының ұстанымы қандай үрдіспен байланыстырылды, ол мақсатына жетті ме?VІ ғ.орт. византиялықтар аварларға салық ретінде алтын төлеп тұрды.Барлық соамасы бір жылды 80мың солид болды бұл599 жылдан бастап осылай болатын.Кейін ол 100мың данға дейін барды.Бірақ аварлар үшін бұл аз болып есептелді. VІІ ғ.басында жыл бойына келісім шартқа тұрып бір жылда 120 мың солид төлеп тұрды.626 жылға дейін жалпы салық көлемі 6млн.болды.Бұл 25млн тоннаға сәйкес алтын еді.Сонымен қатар әшекей бұйымдар да беріп тұрды.Аварлар Римдіктердің жеріне қызығып оның жеріне қоныстану мақсатында Юстинианға 562 ж.арнайы елші жібереді.Бірақ елшіге Икунимон оларға жердің берілмейтінін айттты. Менандр Протектрдің аййтуы бойынша одан кейін аварлар римдіктерге қарсы өштесіп Баян қаған оларға қарсы соғыс ашты. Баян қаған 9 кругке бөлініп дунайдың екі жағына шықты. Аварлар сол уақытта римдіктерге өте қорқынышты көрінді. Осы уақытта аварлырдың құрамы әр түрлі этностан тұрды. Олар жужандар, түркі тілді тайпалар, угро-фин халықтары, славяндар с.қатар моңғолдарға ұқсас топтар болды. Моңғол тілінде аварлардың «Баян» қағаны батыр деген сөзге сәйкес келеді.Византиялық және батысевропалық деректерде Менандр, Павел Диакон еңбектерінде аварлардың ғұндармен ұқсастығын атап көрсетеді. Ол ұқсастықтар тілі, мәдениеті, генеологиялық
46.Монғол империясы құлағаннан кейінгі Түрік мемлекеттерінің қоғамдық құрылысындағы ерекшеліктерді анықтаңыз.Шыңғыс хан басып алынған жерлерді өз ұлдарына: қыпшақ даласын Жошыға, Іле, Жетісу, Мауераннахр өлкелерін Шағатайға, Шығыс Түркістан, Алтайды Үгедейге бөліп берді. Батысқа қарайғы жерлерді басып алуды Жошыға тапсырып, өзі 1225 ж. Қарақорымға қайтып оралды. 1226 ж. таңғұттарға қарсы соңғы жорығын жасады. Шыңғыс хан империясы Ляодун түбегінен Кавказға, Байкалдан Тұрпанға дейінгі алып кеңістікті алып жатты. Шыңғыс хан өлерінде балаларына Корея түбегіне дейінгі өлкені жаулап алу мен батысқа қа-райғы шабуылдарды жалғастыра беруді өсиет етті. Әкесінен кейін “ұлы хан” тағына отырған Үгедей Алтын елін біржолата жаулап алды. Мөңке Қытайға қарсы жорыққа аттанды, Төленің тағы бір ұлы Хулагу Иранды бағындырды. 1235 ж. Бату бастаған қол батысқа қарай жорық жасап, Шығыс Еуропаның көпшілік бөлігі мен Русьтің шығысын жаулап алды. Нәтижесінде 1245 – 46 ж. әйгілі Жошы-Қыпшақ (Алтын Орда) державасының негізі қаланды. Бұл держава шығысынан батысына дейінгі аралығы шамамен 6160 км, солтүстігінен оңтүгіне дейінгі аралығы 4400 км алып өлкені қамтыды. Қытайға қарсы аяқталмай қалған жорықты Құбылай одан әрі жалғастырды. Бұл жорық 30 жылға (1260 – 90) созылды.Нәтижесінде бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Шыңғыс хан империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып, Ұлы Жібек жолықайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.
47.Ерте ортағсырлардағы Түрік тайпаларына қатысты жазба деректерді топтастырып салыстырмалы анализ жасаңызМысалы:Түрік қағанатын алайық.Ол туралы жазба деректер түрік тайпаларының өз тілінде жазылған «Үлкен күлтегін», «Таныкөк» құлпытастарындағы жазуларынан белгілі. Махмұд Қашқари, Рашид-ад-диннің тарихи жазбаларынан көптеген құнды деректер алуға болады. Византия, Қытай тарихшылары да мол мәлімет береді. Қазақстанның тарихында бұл мерзім «Түрік дәуірі» (VI-XIII ғ.ғ.) деген атпен белгілі. Қазақ жерінде көрсетілген мерзімде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді.
