4. Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технологиясы
ҚОРТЫНДЫ
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.
Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.
Қорыта айтатын болсақ, білім беру саласындағы ақпараттық технологияны пайдалану қазіргі кезде қалай жүзеге асып жатыр десек, уақыт өте келе интернет білім беру саласында маңызды орын алуда. Алайда интернетке қосылу үшін де әлі де біраз қиындықтар кездеседі.
Жалпы білім беретін оқу орындарында салалы білім беру мақсатында
пайдалануға болатын ақпараттық технологияны дамытудың негізгі мақсаттары:
Интернет мүмкіндіктерін әр саладағы білім алу сапасын жоғарлату үшін кең көлемді қолдану;
Кәсіптік білім беру саласындағы интернеттің мүмкіндіктерін пайдалану,
Электрондық почта мүмкіндіктерін жоғары деңгейге көтеру;
Рассылка тізімдерін пайдалану;
ҒТР сервері арқылы файл беру. Оқушыны оқулық ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкіншілігін қолдану;
WWW технологиясын қолдану;
Әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізу.
Ақпараттық технология жүйесінің бұл мүмкіндіктерінің бәрін білім алушыларға салалы білім беру процессінде қолдану өте ыңғайлы , себебі ол білім алушылардың алатын салалы білім сапасын көтеру және қолданушының білімін, дүниетанымдылық көзқарасын дүниежүзілік деңгейге көтеріп, жан-жақты ақпарат алуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ГАФФИН А.Путеводитель по глобальной компьютерной сети
Internet.- М.: Артос, 1996.- 274 с.- (Просто о сложном).
ГИЛСТЕР П.Навигатор INTERNET: Путеводитель для человека с
компьютером и модемом.- М.: Джон Уайли энд Санз, 1995.- 735 с.
Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.-25б.
Каймин. В.А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31 бб.
СОЛОМЕНЧУК В.Интернет: краткий курс: Пособие для ускоренного
обучения.- СПб.: Питер, 2000.- 288 с.: ил.
Шөкіш А. Интернет – Америка барлаушылырының туындысы немесе ғаламдық ақпараттар туралы не білеміз?//Алтын орда.-2002.- ақпан.-Б.19
Конец формы
Конец формы
