Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dintanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
38 Кб
Скачать
☆
  1. М. Дулатовтың рухани-діни шығармашылығы

    1. Міржақыптың өлеңдері

Міржақып Дулатовтың көркем әдеби щығармашылығының бір бөлігі ислам дініне арналған. Ол діннің көрнекті ұстанушысы атанып, адамгершілік, имандылық тақырыптарындағы өлеңдерін тікелей исламмен байланыстырған. Өміріндегі қиын не бақытты кездерінде жалғыз Аллаға жалбарынуға шақырған. Иман жолына түсіп, таза, кең пейілді болуды үгіттеген. Кейбір өлеңдерін мысалға келтірелік.

Ақын алғаш қамауда жатқан кезінде көңілі түсіп, бойындағы өкінішін, өмірге ызасын Аллаға айтып, сыр шегеді:

Уф, алла! Бітті қаным, шақты жаным,

Шірір ме бұл хибста ғазиз тәнім?

Таусылып көздің майы, қуат кеміп,

Сиқым бар жан танымас кетті мәнім.

Мінекей, жиырма бес ай мен жатқалы,

Хибста тұтқын болып дәм татқалы.

Ұшырап жетім-жесір қарғысына,

Ерік кетіп қол-аяқты байлатқалы.

Бәле боп іздеп басқа тапқанымыз,

Жазасын тартып қазір жатқанымыз,

«Пәленше пәлен» деген атқа мәз боп,

Аяғы неге соқты мақтанымыз. Бұл өленіңде М. Дулатов ағамыз Аллаға жасаған ісіне өкінуін, көмек, сабыр сұрап жатқанын көреміз. Ал оның «Мәсжід медресе хақында» өленіңде қазақтың исламның дұрыс жолына түспей, барлық парызын орындамай, қалай болса солай дін жолына түсіп, ешқандай тәртіпке орнамағанын баяндайды:

Қазақша киім киіп сөйлегенмен,

Мойныңнан фарыз уәжіп50 бір түспейді.

Ортаға жарар еді мешіт салсаң,

Намазды қаза қылмай барып тұрсаң,

47        илтифат - құлақасу, көңіл аудару

48        мәсжід - мешіт

49        ғибадат - дін жоралғыларын өтеу

50        фарыз уәжіп - міндет, борыш (діни)

51        фазыл-мейір

Бір ғалым фазыл51 заттан иман сайлап,

Байларың жәрдем беріп уақыф52 қылсаң.

Отаршылдық заманында да, халықтың босқа отырғанша Алладан көмек сұрауды, одан өтінуді, құран оқып сенім білдіру арқылы сабырлыққа, шайтансыздыққа баруға шақырады.

  Я, алла! Ғаламыңды жаратқаның,

Жүзіне махлұқтарды таратқаның,

Өндіріп бір адамнан мұнша халық,

Әлсізді күштілерге қаратқаның. Бұл еңбегінде автор «отарлаушылар жерді ғана алып қайған жоқ, дін мен ділімізден де айыру жүргізуде» дейді. Оларды тоқтатуды сұрап, Аллаға жалбарынып отырғанын көреміз. Кейіннен пролетариаттың көсемі В.И.Лениннің «Шығыстың барлық мұсылмандарына» деген үндеуінде: «Ендігі жерде сіздердің діни сенімдеріңіз, әдет-ғұрыптарыңыз, ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және оларға қол сұғылмайтын болады» деп жарияланды.- «Өздеріңіздің ұлттық өміріңізді өз еріктеріңізбен, ешбір бөгетсіз құра беріңіздер. Бүлай етуге сіздердің толық құқықтарыңыз бар» деген сөздері келіп жетіп, Дулатов сияқты қайраткерлердің үндеуі алысқа жеткендігін байқаймыз.

Міржақып Дулатовтың шығармашылығында философиялық лирикасында насихат бар, бірақ, ол поэзияда кеңестік идеология тудырған «үгіттік насихат» емес, ар іліміне негізделген адамдық (гуманистік) насихат. Поэзиядағы насихат-метафора кісілік биіктік пен ақындық аңсардың нәтижесі. оның философиялық лирикасында субстанция мен акциденцияның бірлікте көрініс табу феноменін көркемдік-эстетикалық, мәдени-философиялық, діни-теологиялық ұғымдар байқатады: ақыл, ақиқат, абырой, ажал, ар, адамдық, әдеп, әділет, рахым, ынсап, ұждан, ұят, сабыр, сақтық, мән, бейіс, ғашықтық, махаббат, насихат, құштарлық, құмарлық, көңіл, жан, тән, өмір, тіршілік, жаралыс, жаратылыс, т.б. Міржақыпта осы ұғымдардың әрқайсысы «Қазақ халқына діни бір уағыз» және «Насихат ғумумия» шығармаларында түрлі реңкте қолданылып тұтас жүйе құрайды.

Алмасаң айтқан тілді, ғазизлерім,

Күн болар өкінішпен зарланатын.

Нанбасаң өздеріңіз ойлап қара,

Бұл айтқан болмас теріс дәлалләтім.

Әлбетте, кеще болсаң кала бердің

Барларың ұғарсыздар фарасатың.

Біреуден екеу афзал, екеуден үш

Қосылсын һәммәңіздің иттифақың.

*****

Бір мешіт болсын нешік әр болыста,

Жамағат, расходын өзің ұста.

Және болсын медресе бала оқытуға,

Берсін бұған расходын земство.

Медрссеге сайлансын екі молла,

Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша.