Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика 10 apta.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
46 Кб
Скачать
☆

Электрондық үкіметтің мақсаттары мен міндеттері

Электрондық үкіметтің құрылуы мақсатына азаматтар мен ұйымдарға мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуі сапасының жоғарылығы мен қысқа мерзімділікке және мемлекеттік органдардың қызметінің ақпараттық базасымен байланысты қамтамасыз етуге, мемлекеттік аппарат құрамы бойынша эффективті және тиімді құрылуына бағытталған.

Электрондық үкімет ұйымының негізгі міндеті мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға мүмкіндік туғызатын наормативті – құқықтың және әдістемелік базаның құрылуы болып табылады; мемлекеттік органдардың электрондық қызметінің қалыптасуы мен дамуы; Электрондық үкімет қызметі байланысымен қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технология аясында білім деңгейін арттыру мен жергілікті ақпараттық теңсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; е-үкімет инфрақұрылымының базалық компоненттерін қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оптимизациялау; Электрондық үкіметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

Электрондық үкімет Архитектурасы

Электрондық үкіметтің бірыңғай архитектурасының жалпы құрылымын келесі схема түрінде көруге болады:

Е-үкіметтің бірыңғай архитектурасын құру мақсатында е-үкіметтің инфрақұрылымының базалық компонентін қалыптастыру бойынша техникалық тапсырмалар шығарылған.

Ведомствалар арасындағы ақпараттық жүйенің және ведомствалық ақпараттық жүйенің орталығын техникалық орталықпен қамтамасыз ету үшін құрылыс және серверлік орталық ғимараттарын технологиялық безендіру жұмылдырылған.

Қазіргі кезде Қазақстанда «электрондық үкіметтің» құрылуы әлемдік тәжірибе талдауларын ескере отырып, үш кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең – «электрондық үкімет» инфрақұрылымын құру. Бұл кезеңнің таралуы портал және «электрондық үкімет» шлюзіне, банкілік жүйемен байланыс үшін «төлем шлюзіне», мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық орталығығына, орталық және жергілікті басқарушы органдардың ведомства аралық және типті жүйесінің құрылуы және дамуына, сонымен қатар электрондық қызмет байланысымен қамтамасыз ету шараларын өткізуге, ақпараттық-коммуникациялық технология аясында білім деңгейін арттыру мен жергілікті ақпараттық теңсіздік бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға, ақпараттық және интерактивті қызмет көрсетуді жоспарлауға бағытталған

Екінші кезең – «электрондық үкімет» сервисін дамыту – азаматтардың өмір сүруін және мемлекеттік органдардың функционерлеудің барлық шеңберін қамтитын әртүрлі сервистердің дамуына бағытталған. Бұл кезеңде транзакционды қызметтер көрсетіледі.

Үшінші кезең – ақпараттық қоғамды құру – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін трансформациялауды, е-медицина, е-білім, е-мәдениет, е-демократия және т.б. сияқты ақпараттық қоғамды құру.

Электрондық үкімет субъектілері арасындағы қатынас

«Электрондық үкімет» инфрақұрылымының қалыптасуына екі өзара байланысты, бірақ функциональды жеке контурдың таралуыболып табылады.

Ішкі контур «үкімет – үкімет» түрінің өзара қатынасын қамтиды және ведомствааралық әкімшілік процедураларға қызмет ететін ақпараттық жүйені қоса қарастырады.

Сыртқы контур «үкімет - азамат» және «үкімет - ұйым» түрінің өазар қатынасын қамтиды және мемлекетті азаматтар мен ұйымдардың өзара қатынасын қамтамасыз етеді.

Е-үкіметтің эффективті функционерлеумен қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйе интеграциясын портал мен е-үкімет шлюзімен өзара байланысын талап етеді. Сондықтан интеграцияның басты байланыстырушы элементі берілгендерді алмасу кезінде хабарламалардың әмбебап коммуникативті форматы болып табылады.

Көрсетілген өзара әсерлер шеңберіндегі портал жеткізуші мен е-қызметті тұтынушы арасындағы ақпаратты алмасудың интеллектуалды байланыстырушысы болып табылады.

Портал программа қалыптастыру және Қазақстан Республикасының «элекрондық үкімет» дамуы шеңберінде таратылған.