- •1 Нарық экономика жағдайындағы еңбек ақыны реттеудің теориялық аспектілері
- •Экономикалық категория ретінде еңбек ақының мәні және оны реттеудің теориялық негіздері
- •1 Кесте - Еңбек ақыны реттеудің әдістері
- •1 Сурет – Қазақстан Республикасында еңбек ақыны реттеу
- •1.2. Еңбек ақыны ұйымдастырудың құқықтық аспектілері және тарифтік реттеу
- •1.3 Еңбек ақы қорын жоспарлау
- •2 « Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жшс- ның еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау
- •2.1. « Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы » Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы өндірістік –шаруашылық мінездемесі
- •1 Кесте «Өндірістік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің технико – экономикалық көрсеткіші
- •2.2 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау
- •2.4 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жшс-ның жұмысшыларының өндірістік деңгейін талдау
- •3 Негізгі және қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру
- •3.1 « Өнеркәсіптік құрал-жабдық орталығы » Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ақы төлеудің жаңа әдістерін қолдану жолдары
- •Шет елдердің үлгісімен заманға сай еңбек ақы төлеу жүйесі
2.2 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау
Алдымен бұл кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы еңбек ресурстарымен қамтамассыз етуін талдап көрейік.
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуін талдау
№ |
Жұмысшылар категориялары |
Өлшем бірлігі |
2004 жыл |
2005 жыл |
Өсу қарқыны,% |
Ауытқуы, (-:+) |
1 |
ӨӨП-дың орташа тізімдік саны |
адам |
477 |
521 |
109,2 |
44 |
2 |
Жұмысшылар саны |
адам |
323 |
369 |
114,2 |
46 |
3 |
Оның ішінде: - негізгі - қосымша |
адам |
156 167 |
178 191 |
114,1 114,3 |
22 24 |
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-нде барлық жұмысшылардың орта тізімдік саны 2004 жылы 477 адам жұмыс істеген, ал 2005 жылы 521 адамға тең. Ал оның ішінде жұмысшылар саны 2004 жылы 323 адам болған, 2005 жылы бұл тізім 46 адамға артық болды, яғни кәсіпорынға қосымша 46 адам жұмыс істеуге келді деген сөз. Барлық кәсіпорындарда жұмысшылар өнірістік және өндірістік емес болып бөлінеді, ал біз қосымша және негізгі деп жұмысшылар санын екіге бөлдік, сондықтан бізде 2004 жылы негізгі қызметтегі жұмысшылар саны 156, ал 2005 жылы 178 адам. Қосымша қызметте негізгі қызметке қарағанда жұмысшылар саны көп болып келеді, 2004 жылы 167 адам, ал 2005 жылы 191 адам, қосымша қызметтегі жұмысшылардың өсу қарқыны 14,3 пайызға тең.
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ін өндіріс кадрлары мен қамтамасыз ету, адам
№ |
Көрсеткіштер |
2004 жыл |
2005 жыл |
Ауытқуы (-:+) |
Өсу қарқыны,% |
1 |
Барлық жұмысшылар саны |
323 |
369 |
46 |
114,2 |
2 |
Оның ішінде: - негізгі - қосымша |
156 167 |
178 191 |
22 24 |
114,1 114,3 |
3 |
- қызметкерлер - жетекшілер - мамандар |
113 19 22 |
113 19 20 |
- - -2 |
100,0 100,0 90,9 |
4 |
Барлық жұмыс істейтіндер саны |
477 |
521 |
44 |
109,2 |
Жоғарыдағы кестедегі мәліметтер бойынша барлық жұмысшылар тізіміне 46 жұмысшы қосылған, ал оның ішінде негізгі қызметке 22 адам, қосымша қызметке 24 адам келген. Осы жылдардағы негізгі қызметтегң өсу қарқыны 114,1 пайыз, ал қосымша қызметтің өсу қарқыны 114,3 пайыз.
Сонымен қатар кәсіпорындағы кадрлар құрамында да өзгеріс байқалуда, қызметкерлер мен жетекшілер арасында екі жылда өзгеріс болмаған, тек қана мамандар құрамынан екі адам жұмыстан шығып кеткендіктен 2005 жылы мамандар саны 20 адамға тең болды.
2.3 «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жұмысшылардың еңбек ақы қорын пайдалануын талдау
«Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-ның еңбек ақы қор құрамын талдау
№ № |
Еңбек ақы қорының бөліктері |
2004 жыл |
2005 жыл |
Өсу қарқыны % |
Ауытқуы, (-:+) |
||
сумма |
% |
сумма |
% |
||||
1 1 |
Жұмысшылардың еңбек ақы қоры |
77620,3 |
129,9 |
104722,8 |
134,9 |
134,9 |
27102,5 |
1 2 |
Жұмыс істейтіндердің еңбек ақы қоры |
139192,4 |
152,8 |
215697,1 |
154,9 |
154,9 |
76504,7 |
3
3 |
Орташа айлық жалақы: -бір жұмысшыға -бір қызметкерге |
13560,5 15620,3 |
107,9 109,5 |
16750,3 17750,2 |
123,5 113,6 |
123,5 113,6 |
3189,8 2129,9 |
Жоғарыдағы кестедегі мәліметтер бойынша еңбек қор құрамын талдайтын болсақ: кәсіпорындағы жұмысшылардың орта тізімдік саны 477 адам болғандықтан, бізде 2004 жылы еңбек ақы қоры 77620,3 мың теңге болды, ал 2005 жылы жұмысшылар саны 44 адамға өскендіктен, 2005 жылғы еңбек ақы қоры 27102,5 мың теңгеге өсті.
Жалпы барлық кәсіпорында жұмыс күші өндірістегі және өндірістегі емес болып бөлінгендіктен, бұл кәсіпорында жұмыс істейтіндердің еңбек ақы қоры 2004 жылы 139192,4 мың теңге, ал 2005 жылы 215697 мың теңге құрды. Өндірістік қызметтегі бір жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы 2004 жылы 13560,5 теңге, ал 2005 жылы 16750,3 теңге болды.
Ал өндірістегі емес жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 2004 жылы 15620,3 теңге, 2005 жылы еңбек ақы 3189,8 теңгеге өсіп 17750 теңге құрды.
Қортындылай келе, «Өнеркәсіптік құрал-жабдықтар орталығы» ЖШС-нде екі жылды салыстырғанда 2005 жылы еңбек ақы қоры 34,9 пайызға жоғарлаған және де жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 54,9 пайызға көтерілген. Осы көрсеткіштерден – ақ біз кәсіпорында соңғы жылы табыс көбейгенің көреміз, сол арқылы кәсіпорын өз жұмысшыларын жұмысқа ынталандыру үшін еңбек ақыны жоғарлатқан.
