- •2. Сурет.Ортанжілік басының жамбас буыннан шығуыалды сызбанұсқасы.
- •5. Сурет. Тайып кету симптомын анықтау.
- •6. Сурет. Ортан жілік басының жамбас-буынынан шектелуін анықтау.
- •7. Сурет. Аяқ бөліктерінің салыстырмалы ұзындығының қысқаруы
- •8. Сурет Аяқтың сыртқа бұралуы
- •9. Сурет Тері қатпарының асимметриясы.
- •12. Сурет Келлер сызығының жүргізу сызба нұсқасы
- •13. Сурет Эрлахердің сызба нұсқасы көрсетілген
- •14. Сурет с-өлшемін анықтау (ортан жіліктің проксимальдық бөлігінің бүйірлік орналасуы).
- •18. Сурет Біздің әдіс бойынша нәрестелерде жамбас буыны патологиясын анықтау сызбанұсқасы көрсетілген
- •19. Сурет Хильгенрейнер, Омбредан Перкинс сызбасы
- •20. Сурет 21. Сурет
- •22. Сурет 23. Сурет
- •24 Сурет. Ұршық ойығының төбесінің өрісін анықтау әдісі
- •25 Сурет. Ультрадыбысты зерттеу кезіндегі сәбиді қолайлы жатқызу.
- •26.Сурет. Ультрадыбыстық зерттеудегі жамбас буын құрылысының графикалық көрінісі.
- •27. Сурет. Жамбас буынның сонографиялық анатомиясы.
- •28. Сурет. Удз суреттемесінің бұрыштық көрсеткіштерін анықтау.
- •29 Сурет. Граф бойынша сызықтар жүргізу үлгісі.
- •30 Сурет. Кең құндақтау тәсілінің қалай дұрыс жүргізілу реттері көрсетілген.
- •31 Сурет. Фрейк жастықшасын қолдану реттері.
- •34.Сурет. Жақтауша-кергі
- •36. Сурет Созу кезеңдері
- •Қорытынды
- •22. 5 Жастағы балаға «сан басының буыннан тума шығуы» диагнозы қойылды.
- •23. 1,5 Жастағы балада «сан басының тума шығуы» диагнозы анықталды.
- •Клинические симптомы врожденного вывиха бедра у детей.
- •Консервативное лечение дисплазии тазобедренного сустава и врождённого вывиха бедра у новорождённых и детей раннего возраста
- •Диспансеризация после консервативного лечения
- •Алгоритм диагностики и лечения дисплазии тазобедренного сустава у детей до 6 мес.
- •Заключение
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
5. Сурет. Тайып кету симптомын анықтау.
Кері қозғалыста ортан жіліктің осімен тізеден ақырын қысымымен кері қозғалтса, ортан жіліктің басының шығып кетуі сезіледі.
Жамбас буын дисплазияның көбінде ортан жілік басының шектелуінің симптомы кездеседі. Ол жамбас буынның сүйекті элементінің жетілмеуімен, буын біткейінің қарым-қатынасы бұзылуымен сипатталады. Ортан жілік сүйегінің жамбас буыннан сыртқа әкетуінің шектелуін аңықтағанда, нәрестенің аяғын жамбас буыннан сыртқа қарай жазу. Егер жамбас буынында патология болмаса, нәрестенің бұты 80º тан 90º- қа дейін сыртқа қарай жазылады. Егер 80º-тан төмен бұрыш болса, онда патология болғаны (6.а.сурет)
а
|
б. |
6. Сурет. Ортан жілік басының жамбас-буынынан шектелуін анықтау.
Жамбас буынының жүргізілуінің бұрыштық көрсеткіші 800 немесе оданда төмен болады.(6.б. сурет) Әсіресе, бұл симптом біржақты дисплазия кезінде анық байқалады. Дисплазия кезінде бұл тұрақты белгі, басқа да ауруларда кездесуі мүмкін. Нәресте өскен сайын ортанжілік басының жамбас буынында алшақтау қозғалысының шектелуі ұлғая түседі.
Аяқтың салыстырмалы ұзындығының қысқаруы. Ортанжіліктің басының буынынан шығып кетуіне байланысты байқалатын аурудың өте маңызды белгілерінің бірі болып есептеледі, бірақ ол үлкен жастағы балаларға тән, ал нәрестелерде сирек кездеседі (7.а.б. сурет).
а б
7. Сурет. Аяқ бөліктерінің салыстырмалы ұзындығының қысқаруы
Аяқтардың сыртқа бұралуы ортанжіліктің басының жамбас буынынан туа біткен шығып кету белгілерінің бірі. Бұл белгі шығып кету кезінде сирек кездеседі, ал шығу алдында мүлдем анықталмайды. Аяқтың сыртқа бұралуы, әдетте бала ұйқыда болғанда анасы мән береді (8-сурет). Табанның вальгусті деформациясы аяқтың сыртқа бұралу әсерін көрсетуі мүмкін.
8. Сурет Аяқтың сыртқа бұралуы
Санның және бөксенің тері қатпарларының асимметриясы. Жамбас буын дисплазиясында сәбиді шалқасынан жатқызғанда шығу аймағында тері қатпарларының саны көп болады, олар ұзынша келген және жоғарырақ орналасқан. Шап қатпары терең және ұзынша болып келеді. Етпетімен жатқызғанда да баланың саны мен бөксесінің тері қатпарының асимметриясы байқалады (9-сурет).
9. Сурет Тері қатпарының асимметриясы.
Тері қатпарының асимметриясын дисплазияның нақты белгісі деп ойлауға болмайды, ол қалыпты жамбас буынында да кездесуі мүмкін, әсіресе шала туған балада, ал екі жақта бұзылуда оның диагностикалық маңызын жоғалтады.
Жамбас буын дисплазиясының екінші кезектегі белгілері. Courdon, 1909 жылы жамбас буынның бұрылу қозғалысының көбейу симптомын анықтады.
Аяқты айқастыру белгісі – баланы шалқасынан жатқызып екі аяғын тізе буын тұсынан бір-біріне айқастырған кезде, сау жағында тізе-буын тұсынан, ал шығып кеткен жағындағы аяғы тізеден жоғары айқасады.
Өкше-жамбас сынамасы – баланы етбетімен жатқызып аяқты тізе буынан бүккенде, оның өкшесі жамбасқа тиіп тұруы керек. Ортанжілік басының жамбас буыннан шығып кеткен жағындағы баланың өкшесі қарама-қарсы жағындағы жамбасына тиеді.
Көрсетілген белгілер, кейде сау балалардада кездесуі мүмкін, сондықтан диагностикалық аса маңызы болмасада, оған көңіл аударуды қажет етеді. Бұндай белгілер кездесетін болса, онда мұқият, тиянақты тексеру жүргізіп, динамикалық бақылауды қажет етеді.
Ортанжілік басының жамбас буыннан шығу алды түрінде, клиникалық белгілердің аздығына байланысты тері қатпарының асимметриясына көңіл аударған жөн. Нәрестелермен сәбилердің ортанжілік басының жамбас буыннан шығуының ең басты белгісі тері қатпарының асимметриясы болып табылады. Сондықтан, клиникалық симптомдарды тексерген кезде, баланың жасына назар аудару қажет. Өйткені, ортанжілік басының жамбас буыннан тайып кету белгісі, нәрестелердің алғашқы күнінде байқалатын болса, онда 2-3 апта өткеннен кейін, оның қозғалуының шектелуі анықталады. Ал, 6-7 айлық балаларда ортанжілік басының қозғалысының жамбас буыннан шектелуімен қатар, аяқтың сыртқа бұрылу көлемінің азайуы анықталады.
Нәрестелермен емшек жасындағы сәбилердегі дисплазияның анықталған клиникалық белгілерді тиянақты талдау жасай отырып, ерте емдік шараларды жүргізген дұрыс.
Жамбас қаптама-байламды аппаратының босаңсуында, жоғарыда көрсетілген белгілердің болмауыда мүмкін. Осындай жағдайда және жүргізіліп жатқан емнің нәтижесін бақылау үшін, жамбас буынға ультрадыбысты зерттеу жүргізу қажет болады.
Нәрестелерде жамбас буынның дисплазиясының рентгенологиялық диагностикасы.
Жамбас буын дисплазиясын анықтауында диагностикалық рентгенологиялық зерттеу әдісі негізгі болып табылады. Осы кезге дейін алғашқы рентгенографиялық зерттеу жүргізілу мерзімі туралы бірдей ұғым жоқ. Біреулер оны барлық балаларға жүргізу керек десе, басқасы тек, егер ақау болса ғана жүргізілу керек дейді. Үшіншілері 2 немесе 3 айлық кезде және күдікті кезде ғана жүргізу керек, дейді.
Баланы рентгенге түсірген кезде, оны шалқасынан жатқызып, бір көмекші кеудесі мен иығын столға басып, ал екінші көмекші аяқтарын бір-біріне қосып тізе буыннан 90º-қа бүгіп ұстайды. Баланың мықын сүйектерінің жоғарғы және төменгі қырлары екі жағында бірдей деңгейде, фронтальдлі жазықтықта орналасуы қажет. Аяқтары бір-біріне паралел және тізелері жоғары қарай тұрады. Міндетті түрде баланың жыныс тұсын рентген сәулесін өткізбейтін қорғаныш жабқышпен жабу керек. Жоғарыда айтылған шарттарды орындамай жасалған рентгенограммада қате көріністерді беруі мүмкін.
Нәресте мен сәбилерге рентгенодиагностика жүргізу қиынға түседі, сондықтан ортопедтер мен рентгенологтардың дисплазияның рентгенологиялық нақты белгілерін іздеуі маңызды шарт болып табылады. Сәбилердің бірінші жарты жылдығында жамбас буынының рентгенограммасын тексеруге арналған көптеген сызбанұсқалар бар (Ombredanne,1924; Helgenreiner, 1925; Putti, 1927; Perkins, 1928; Чижин И.М, 1934;Kopits 1939, Erlakker, 1955; Рейнберг С.А 1964). Жоғарыда айтылған сызбанұсқалардан басқа, дисплазияның диагностикасын жақсартуға арналған сызбанұсқалар бар.
Олардың арасында ең негізгісі ацетабулярлық бұрышты анықтау. Ұршық ойығының төбесінен мықын сүйектің жиегімен Ү-тәрізді шеміршекке бағытталған қиғаш сызықпен горизонтальды Келлер сызығының қиылысында пайда болатын бұрышты ацетабулярлық индекс, немесе ацетабулярлық бұрыш, деп аталады да, ά-мен белгіленеді. Ά-бұрышы қалыпты жағдайда 20º-тан 30º-қа дейін, қыздарда 2º-3º-қа үлкен болады (10сурет).
Сау сәбилердің 5-7 айлығында оң және сол жақ буында айырмашылық болады. Потологиялық жағдайда бұрыш көрсеткіш 30º-дан жоғары болады (11 сурет).
Ацетобулярлы индексті анықтау сызбанұсқасы.
|
|
10. сурет Қалыпты жамбас буын 11. сурет Патологиялық жамбас буын
Ортанжілік мойынының ортасынан Келлер сызығына дейін жүргізілген перпендикуляр - h-биіктігі. Ортан жілік сүйегінің проксимальды бөлігінің жоғары жылжуының деңгейін анықтайды. (12 сурет). Бұл көрсеткіштің қалыпты өлшемі 10мм. Патологияда бұл өлшем кішірейеді.
