- •3) Әртүрлі ортасы бар физикалық құрылғыларды жалғау ерекшеліктері. Физикалық құрылғылардың түрлері.
- •6. Құрылғылардың өзара байланысы, кабельдер мен интерфейстердің түрлері.
- •8. Топологиялардың түрлері, шағын зертханалық топологияның
- •9) Wins қызметі, ұйымдастырылу ерекшеліктері:
- •10. Құрылғылардың интерфейстерін және байланыстарын басқару
- •12. Динамикалық хаттамалар, олардың ерекшеліктері және түрлері
- •13)Динамикалық хаттаманың анықтамасы, жеке аймақтар үшін ospf хаттамасын конфигурациялау.
- •2‐ Қадам. Желілерді жариялау
- •14)Ospf хаттамасымен байланысты терминдер
- •15. Желілердің иерархиялық құрылымының моделі және принциптері
- •16.Физикалық және логикалық топологияларды ұйымдастыру ерекшеліктеріне мысал
- •17. Түйін аттарын анықтау. Адрестерді анықтауда arp пайдалану. Dns қызметтері.
- •20.Тср хаттамасы жəне оның негізгі функциялары. Байланыс орнату процедурасы.
- •21. Vlan түсінігі және олардың типтері, қолданылу ерекшеліктері.
- •Бағалық ұсыныстарды сұрау жолымен қызметтерді сатып алу ісі өтетіндігін жариялайды
- •22 Vlan-дарды қолдану қандай тиімділік береді, басқару ерекшеліктері.
- •Vlan ды күйге келтіру
- •3.4.1 Транктық порт
- •23 Dhcp хаттамасына шолу. Dhcp хаттамасының функциялары жəне конфигурациясы.
- •24. Dhcp арқылы деректерді тасымалдау. Воотр жəне dhcp хаттамаларының арасындағы айырмашылық.
- •25. Vlan-дарды және Trunk-тарды конфигурациялау.
- •Vlan ды Config-vlan режимінде конфигурациялау
- •26. Vlan-дарды ұйымдастыру барысында Trunk-тарды қолдану нені
- •Настройка транка (trunk)
- •27. Ауқымды компьютерлік желілер wan. Ауқымды компьютерлік
- •30. Желілік технологиялар
27. Ауқымды компьютерлік желілер wan. Ауқымды компьютерлік
желілердің сипаттамасы. Қолданатын протоколдарына сәйкес компьютерлік желілерді жергілікті (LAN -Iocal Area Network) және ауқымды (WAN-Wide Area Network) деп бөлу қабылданған. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатысушылар үшін протоколдардың бірыңғай жинағын қолданады. Территориялық белгісі бойынша жергілікті желі тұтастығымен ерекшеленеді. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы немесе тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады. Ауқымды желінің географиялық мөлшері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді, сол сияқты әртүрлі протоколдарды қолданатын жеке жергілікті желілерді біріктіре алады. Әр түрлі протоколдармен жұмыс істейтін бірнеше жергілікті желілерді өзара байланыстыру үшін шлюздар деп аталатын арнайы құралдар болады. Шлюздар аппараттық та, программалық та бола алады. Мысалы, ол арнайы компьютер (шлюзды сервер) немесе компьютерлік программа да болуы мүмкін.
Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.
Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан түрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.
Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері:электрондық пошта (E-mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.
28.VLAN-дарға және Trunk-тарға байланысты туындайтын мәселеле
29.Ақпараттық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылардың
және программалық жабдықтың түрлері.Ақ-тық ресурстар
Ақ-әртүрлі объектіерден, процестерден шығатын мәліметтер жиыны (ақ-қ ресурстар). Ал ақ-қ ресурстар д(з басқару функцияларынын іске асырып нысан жөнінде ақ-ды алуды, беруді ж(е өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Яғни адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер ж(е ең бірінші кезекте, компьютер – ақ-тарды өңдеуге арналған әмбебабты қасиеті бар жүйе болып табылады. Ақ-тық рес-тар өндірісте, саудада, басқаруда, банктік жүйеде, білім беруде, денсаулық сақтауда, мед-на мен ғылымда көлікпен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, яғни ақ-тық рес-дың негізгі мақсаты – адам еңбегінің өнімділігін арттырумен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту
Ақпаратты енгізу, шығару жəне сақтау құрылғылары
Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
• символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар
• функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.).
• нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері.. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;
• цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. <Num Lock> пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады.
Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға <Enter>(енгізу пернесі), <Delete>(жою пернесі), <Backspace>(артқа қарай өшіру), <Caps lock>(үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады.
Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик — компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.
Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді. Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер
Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі. Плоттер (графиксызғыш) сызбаларды (графиктерді,суреттерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы.
Колонка — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Мәліметтерді сақтау құрылғылары
Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады.
Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар.ZІР — Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.
Ақпараттарды сақтау құрылғысы.
Жады — деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Жады — компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі жəне сыртқы.
Компьютердің ішкі жады негіз болып табылады, өйткені процессор тек сонымен ғана тікелей жұмыс істейді. Процессорды ақпаратпен қамтамасыз етеді, үнемі жұмыс істейтін болғандықтан, оны жедел жад деп те атайды. Ішкі жадта есте сақтайтын құрылғының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ж\е жедел жадтайтын құрылғы
Сыртқы жад ДК-нің сыртқы құрылғыларына жатады ж\е қашан болса да, қандай болса да міндеттерді шешуге қажет болуы мүмкін кез келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.
Компьютерлердi желiге олардың ресурстарын бiрлесiп пайдалану үшiн және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi.
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлiнедi. Ақnараттық ресурстарға программалар және деректер , ал техникалықтарға — nринтерлер, модемдер, сканерлер, график салгыштар кiредi. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық pecypcтapғa кiредi. Олар программалар және деректерi бар қапшықтар peтiндe қаралады. Оларға қосылу логикалық дискiге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерiнен ғанa қол жеткiзуге болатын ресурстар жергiлiктi деп аталады. Желiнiң басқа компьютерлерiне де ашық компьютер ресурстары оpтақ немесе желiлiк деп аталады. Жергiлiктi және ортақ; ресурстар түсініктері шартты. Бұл — жергiлiктi ресурсты ортақ етуге болады және, керiciнше, ортақ ресурсқа жергiлiктi мәртебесiн беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегi акқаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желiлерi желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар.
Желiлiк ОЖ пайдаланушыларға желiнiң бiр компьютерiнен басқасына файлдар көшiруге, желiнiң бiр компьютерiнен басқасында орналасқан деректердi өңдеуге, ал кейбiр жағдайларда басқа компьютер жaдындa орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.
Компьютерлiк желiлердi қолдану мыналарды жүзеге aсыруға мүмкiндiк бередi:
• ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;
• желiнiң бiр ДК -сында сақталу есебiнен бiр ақпаратты қосарлау мүмкiндiгiнiң жойылуы;
·ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;
·ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:
·ұйымның бөлiмшелер және қызметкерлерi мен apacындa жылдам, қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.
