- •1. «Аймақтық геология» оқу курсының мақсаттары мен міндеттерін айтып беріңіз.
- •2. «Литосфералық тақталар тектоникасы» геотектоникалық тұжырымдамасының негізгі қағидалары қандай?
- •3. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру негізі ретінде қандай принциптер пайдаланыады?
- •4. Тмд елдері аумағын тектоникалық аудандастыру нәтижесінде қандай-қандай ірі-ірі облыстар дараланады? Оларды қысқаша сипаттап беріңіз.
- •5. Шығыс Еуропа көне платформасының шекараларын санамалап шығыңыз және оларды геологиялық карта бетінен көрсетіңіз.
- •45.Тмд елдері ауқымындағы Таулы Қырым өңірін толықтай сипаттаңыз (орналасу орны, басты-басты құрылымдары, стратиграфиясы, пайдалы қазбалары).
- •6. Шығыс Еуропа көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін атаңыз және оларды қысқаша сипаттаңыз.
- •46. Кавказ таулы облысы ауқымында қандай-қандай құрылымдық элементтер
- •7. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз. Іргетас қимасында қандай-қандай сериялар дараланады?
- •47. Кавказ таулы облысының стратиграфиясын және оның геологиялық дамуының
- •8. Шығыс Еуропа көне платформасының платформалық тыс қабаты дамуының басты-басты сатыларын сипаттаңыз және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін айтыңыз.
- •9. Шығыс Еуропа көне платформасының кристалдық іргетасымен және платформалық тысымен байланысты қалыптасқан пайдалы қазбаларды сипаттаңыз.
- •10. Сібір платформасының шекараларын атаңыз және оларды карта бетінде жүргізіп шығыңыз. Сібір көне платформасының басты-басты құрылымдық элементтерін санамалап шығыңыз.
- •11. Сібір платформасының кристалдық іргетасы жайлы айтып беріңіз.
- •12. Сібір платформасының платформалық тыс қалыптасу тарихының басты-басты сатыларын сипаттаңыз.
- •13. Сібір платформасының пайдалы қазбаларына жалпылама сипаттама беріңіз.
- •14. Орал–Жаңа Жер қатпарлы облысының шекаралары мен басты-басты құрылымдық элементтері жайлы айтып беріңіз.
- •54. Верхоян-Чукот және Камчатка-Коряк қатпарлы облыстарына қандай-қандай пайдалы қазбалар тән?
- •15. Орал құрылымдарының соңғы архейлік, алғашқы және ортаңғы протерозойлық даму тарихын сипаттап беріңіз.
- •56. Азия материгіндегі Қиыр Шығысқа тиесілі қатпарлы облыстардың (Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин облыстарының) геологиялық даму тарихының басты-басты сатыларын қысқаша сипаттаңыз.
- •57. Ресейдің Қиыр Шығысындағы Моңғол-Охот, Сихотэ-Алин және Сахалин қатпарлы облыстарының негізгі пайдалы қазбалары жайлы айтып беріңіз.
- •58. Курил және Командор аралдары жайлы қысқаша мағлұмат беріңіз.
- •59. Тынықмұхиттық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
- •60. Арктикалық белдеудің шеткі теңіздерін атаңыз және қысқаша сипаттаңыз.
2. «Литосфералық тақталар тектоникасы» геотектоникалық тұжырымдамасының негізгі қағидалары қандай?
«Литосфералық тақталар тектоникасы (ЛТТ)»* тұжырымдамасының негізінде өзге де маңызды қағидалар баршылық. Оқырман геология ғылымының бүгінгі басты парадигмасының* жай-жапсарын толығырақ ұғына түсуі үшін осы тұжырымдаманың басты қағидаларын қысқаша ғана сипаттап өтелік.
Жердің беткі қатты қабығы литосферадан (жер қыртысы+литосфералық мантия) және астеносферадан тұрады (астеносфера – жоғарғы мантияның ішінара балқыған заттардан тұратын төменгі қабаты). Литосфера – Жердің әр түрлі құрамды таужыныстардан тұратын сыртқы қатты қабаты. Оның қалыңдығы 50-200 км шамасында. Литосфераның беткі бөлігі майыспалы және омырылмалы деформацияға, ал төменгі бөлігі тек қана майыспалы деформацияға ұшырауға бейім. Төменірек орналасқан астеносфера түгелімен майыспалы (аққыш) заттардан тұрады, сондықтан литосфера астеносфера бетімен жылжуға қабілетті деп есептеледі.
Бүгінгі литосфера жеті ірі-ірі «литосфералық тақталарға» дараланған, бұлар көлбеу бағытта жылжуға бейім. Әрбір мұндай тақта тұтастай континенттік, тұтастай мұхиттық, немесе аралас құрамды (жартысы континент, қалған жартысы мұхит) болуы мүмкін. Бұлардан өзге онға жуық шағын-шағын литосфералық тақталар бөлінген.
Тақталар көлбеу (горизонталь) бағытта жылжып отырады. Мұндай жылжулар тақталардың шекаралары өңіріндегі деформациялар есебінен жүзеге асады. Тақталардың орташа жылжу жылдамдығы жылына бірнеше см-ден 10-14 см-ге дейін жетеді, мұның өзі тақталардың бірнеше геологиялық дәуір барысында мыңдаған км-ге жылжуын қамтамасыз етеді.
Тақталардың бір-бірінен ажырау шекараларында жыртылыс құрылымы болып табылатын рифтілер* қалыптасды. Континенттегі рифтілердің мысалы ретінде Шығыс-Африка рифтілер жүйесін атауға болады, бұл жүйе Қызыл теңіз сияқты «жыртықтарға» ұласады; мұхиттық рифтілер Орталық-мұхиттық жоталарды* нақ ортасынан тілгілей созылады. Мұхиттық рифтілер, яғни мұхиттық литосферадағы «жыртықтар» астеносфера заттарының балқу және осы магмалық балқымалардың жоғары көтерілу аймағы болып табылады; аталған балқымалардың суынуы нәтижесінде «жаңа» мұхиттық литосфера қалыптасды, бұл литосфера ультрамафит-габбро интрузияларынан және олардың бетін көмкерген базальттар мен тереңсулық шөгінділерден құралады. Таужыныстардың аталған топтамасы офиолитті формация* деп аталады. Офиолитті формация* шет-пұшпақтары (фрагменттері) континенттік құрылымдарда да жиі ұшырасады, сондықтан бұл аймақ «көне мұхиттардың іздері» ретінде қаралады.
Литосфералық тақталардың бір-бірімен соқтығысу аймақтары, керісінше, сығымдалу құбылысымен сипатталады, мұндай аймақтарда мұхиттық литосфераның континент астына «жұтылу құбылысы», яғни субдукция* процесі жүзеге асады. Мұның нәтижесінде Аралдық доғалар* қалыптасады. Мұхиттық литосфераның «жұтылу орнында» Тереңсулы науалар* деп аталатын мұхиттың ең терең шұңғымалары созыла сағаланады. Тереңсулы науалардың континент жағындағы жиегі мұхиттық таужыныс «кесектерінің» жинақталу орны болып табылады, бұлар литосфераның континент астына қарай сұғынуы барысында континент жиегімен «жонылуы» нәтижесінде туындайды. Мұндай процесті «обдукция»* деп атайды. Мұхиттық литосфера континент астына қарай шамамен 60° бұрыш жасап сұғынады, сұғыну тереңдігі 700 км тереңдікке дейін кетеді. Осы сұғыну аймағы терең фокусты жерсілкіністермен сипатталады. Жерсілкініс ошақтарының жер бетіне түсірілген проекциясы ауқымында магмалық әрекет (жанартаулар әрекеті) кеңінен етек алады (Аралдық доғалар), бұл жанартаулардан төгілген лавалар негізіне андезитті және әкті-сілтілі құраммен сипатталады. Аталған магматизм сумен қаныққан сұғынып бара жатқан литосфераның балқымалары есебінен қалыптасады деп есептелінеді.
Субдукция* процесінің нәтижесінде мұхиттық литосфера түгелімен континент астына «жұтылып» мұхиттық қарама-қарсы континенттік жағалаулары бір-бірімен соқтығысады. Бұл процесс коллизия* деп аталады. Коллизия* тектоникалық жамылғылардың қалыптасуына, қатпарлық процесінің кеңінен етек алуына, сөйтіп орогендердің (таулардың) қалыптасуына жағдай жасайды.
22. Оңтүстік Тянь-Шаннің пайдалы қазбаларына қысқаша сипаттама беріңіз. Оңтүстік Тянь-Шанда жоғарғы палеозой жаралымдарымен байланысты полиметалл кенорындары белгілі. Ферғана аңғарындағы эоцен және бор түзілімдерінің қимасында күкірт кенорындары белгілі. Нақ осы аңғар ауқымындағы мезозой-кайнозой түзілімдерінің біршама қалың қатқабаты қимасында мұнай жатындары анықталған (Чемпион, Яр-Кутан, Палванташ т.б. кенорындар). Жас әлпілік жарылымдар бойына сынаппен рудалану (киноварь минералы) белгілері байқалады; бұл белгілер көбіне-көп тектоникалық брекчияларға шоғырланған. Оңтүстік Тянь-Шань қатпарлы облысы ауқымында Түркістан-Алай сынапты-сүрмелі (сурьмалы) белдеу дараланады. Оңтүстік Тянь-Шаннің ойыстарында көмір кенорындары игерілуде, мұндай кенорын өкілдері – Фан-Ягноб, Шураб т.б.
42. Батыс Сібір тақтасының платформалық (шөгінді) тыс қабатын жан-жақты сипаттаңыз. БАТЫСЫ Сібір тақтасының платформалық тысы. Тақтаның шөгінді (платформалық) тысы юра, бор және кайнозой түзілімдерінен құралған. Оның қимасында түзілімдену процесінің атап айтарлықтай үзілістері байқалмайды (кейбір терең жарылымдар белдемін емептемегенде) Батыс Сібір тақтасына тиесілі шөгінді тыс қатқабатының өзіне тән ерекшелігі – оны құрайтын таужыныстардың тек қана терригендік шөгінділерден тұратындығы. Шөгінді тыс қатқабатының қалыңдығы оның шеткі өңірлерінде ондаған м-мен өлшенсе, орталық бөлігінде 7500 м-ге дейін жетеді. Тысты құрайтын шөгінділердің жалпы көлемі 8 млн км2-ды құрайды (!). Тақтаның солтүстік және батыс аймақтарында шөгінді тыс негізінен теңіздік түзілімдерден тұрады. Оңтүстік бағытта, әсіресе оңтүстік-шығыс бағытта бұл түзілімдер әуелі жағалаулық, бірте-бірте таза континенттік шөгінділермен алмасады. Шөгінді тыс қимасында төрт түрлі цикл жағдайында түзілген алевритті-құмды қатқабаттар дараланады, және де бұл цикл түзілімдерінің әрбіреуі флюидтердің (мұнайдың, газдың, жерасты суларының) өтімділігін қамтамасыз ете алатын түзілімдер. Қиманың жоғарғы бөлігінде бесінші цикл түзілімдері де байқалады, алайда ол толық емес.
3-билет
