- •1. Микробиологиялық зерттеулерге зерттеу материалын алу әдістері.
- •2.Зерттелетін материалдан жағынды дайындау.
- •3. Актериялардың таза дақылынан жағынды дайындау.
- •Шыныны дайындау. Шыныны майсыздандыру – кір сабын жағып, салфеткамен тазалау. Шыны көпіршеге қою.
- •4.Микроскоптың иммерсиялық жүйесінің көмегімен жағындыны микроскопиялау.
- •5.Жағындыда бактерияларды морфологиясы бойынша ажырату.
- •6. Жағындыда бактерияларды тинкториялды қасиеті бойынша ажырату:
- •9. Ілінген тамшы мен жаңшылған тамшы препараттарын дайындау.
- •7. Жағындыны Грамм бойынша бояу:
- •8. Жағындыны қарапайым әдіспен бояу.
- •10. Сұйық қорек ортасына себу жасау.
- •12. Зерттелетін материалдан вирустарды бөлу үшін тауық эмбрионын жұқтыру ережелері мен әдістері.
- •13. Шыны бетіндегі агглютинация реакциясы
- •14. Пробиркада агглютинация реакциясы.
- •15. Кольцепреципитация реакциясы
- •16. Сахаролитикалыөқ белсенділікті анықтау
- •17.Протеолитикалық ферменттерді анықтау.
- •18. Пептолитикалық ферменттерді анықтау Нәтижелерін интерпретациялау.
- •19. Ауадан микробтың тазалығын анықтау үшін себінді алу.
4.Микроскоптың иммерсиялық жүйесінің көмегімен жағындыны микроскопиялау.
Иммерсиялық объективпен препаратты микроскопиялағанда мына ережелерді сақтау керек:
Дайындалған және боялған жағындыға аздап иммерсялық май тамшысын тамызып, препаратты заттық үстелге қою, жарық сәулесінің түсуін реттеу.
Револьверді бұрау және иммерсиялық объективті 90-ға қою, тубусты объективтің фронтальді линзасының майға батуына дейін төмен түсіру.
Макровинттің көмегімен бағдарлаушы фокусты қою, микровинтпен препаратты соңғы фокусқа келтіріп қою.
Жұмыс аяқталған соң микроскопты белгілі бір тәртіпке келтіру. Объективтелген майды құрғақ шүберекпен сүрту, револьвелді кіші, құрғақ 8 объективіне қояды
5.Жағындыда бактерияларды морфологиясы бойынша ажырату.
Бактериялардың морфологиясын зерттеу үшін олардан нативті (тірі) және бекітілген жағындылар жасап, анилинді бояулармен бояйды. Бояудың негізінде күрделі химиялық және физико-химиялық реакциялар жатыр. Оларды бояу үшін негізгі бояуларды қолданады: метилен көгі, кристалды фиолет түсі т.б. Бактерия жасушасындағы әртүрлі құрылымдық элементтерді анықтау үшін нейтралды және қышқыл бояулар қолданылады. Бактерияларды қарапайым әдіспен бояғанда, оларды морфологиясы бойынша ажыратуға болады. Қарапайым бояу әдісінде бактериялардың диплококк, стафилококк немесе иректелген, таяқша т.б бактерияларға жататынын анықтаймыз. Сонымен қатар талшықтарды, жасуша қабырғасын, нуклеоидты және әртүрлі цитоплазмалық қосындыларды анықтауда қолданылатын арнайы бояу әдістері бар. Мысалы, Гинс-Бурри әдісімен капсуланы анықтау, Нейссер әдісімен валютин дәндерін анықтау, Циль-Нельсен және Ожешка әдісімен спораны анықтау, Лефлер әдісімен талшықтарды анықтау т.б.
6. Жағындыда бактерияларды тинкториялды қасиеті бойынша ажырату:
Тинкториальды қасиеті – бояуларды сіңіру және ұстап тұру қабілеті, ол бактерия клеткасының құрылым ерекшеліктеріне және химиялық құрамына байланысты. Күрделі бояу әдістері осы көрсеткіштер бойынша бактерияларды салыстыруға мүмкіндік береді және диагностикалық маңызы бар. Мысалы:
Жағындыны Грамм бойынша бояу:
Бекітілген жағындыға сүзгі қағаз арқылы генциан фиолеттің карбол – спирттік ертіндісін тамызамыз. 1-2 мин кейін оны алып тастап, бояуды төгеміз.
1-2 мин-қа Люголь ерітіндісін тамызамыз;
Этиль спиртімен 30-60 с бояудың күлгін түсі кеткенге дейін түссіздендіреміз.
Сумен шаямыз
1-2 мин фуксиннің сулы ертіндісімен бояп,сумен шаямыз, кептіріп, микроскоптаймыз.
Грам оң бактериялар қою-күлгін түске, грам теріс бактериялар – қызыл түске боялады. Бұл әдістің негізінде таңдамалы түссіздендіру жатыр – генциан фиолеттің йодпен кешенін спирт әсерінен жою. Грам әдісі бойынша бояу нәтижесінде бактерияның клетка қабырғасының химиялық құрамы мен құрылыс ерекшеліктері анықталады және бояу процесі нәтижесінде түзілген генциан фиолеттің йодпен кешенін ұстап қалу қабілетіне байланысты.
Фирмикутты бактериялар грам оң боялады, себебі тейхой қышқылымен байланысты көп қабатты пептидогликаны бар. Ол бояудың тығыз бекуіне және спиртпен түссіздендіруге резистентті болуға негіздейді.
Грациликутты бактериялар грам теріс боялады.
