Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз по комп выч.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

1.2 Сурет. Командалар терезесі Жұмыс ортасы келесі негізгі элементтерден тұрады:

  • меню;

  • тізімі, батырмалары бар саймандар тақтасы;

  • Workspace, Current Directory командалары (айнымалыларды қарау және ағымдағы каталогты орнату үшін қажет) бар терезе;

  • Командаларды енгізуге және нәтижені шығаруға арналған Command Window терезесі;

  • Бұрын енгізілген командаларды қайта орындау және қарау үшін керекті Command History терезесі;

  • Start батырмасы бар күй қатары.

Мысалға а және b сандарының қосындысын есептейік, ол 1.3 суреттегідей жазылады:

1.3 Сурет. Екі санның қосындысы

1.6 Жұмыс ортасын сақтау

Сақтау үшін File (Файл) менюінен Save Workspace As (Сохранить рабочую среду как) командасына кіріп, пайда болған диалогтық терезеге файл атын жазамыз. Бұл файл кеңейтілуі .mat болады. Жұмыс ортасында барлық сеанс бойынша қолданылған айнымалылардың мәндері сақталады. Келесі сеанста айнымалылар мәндерін қайта қалпына келтіру үшін сақталған файлды ашамыз да, File (Файл) менюінен Load Workspace (Открыть рабочую область) пунктін ашамыз.

Әдебиет: 1 нег.[19-24 ], 2 нег.[ 5-10], интернет.

Бақылау сұрақтары:

1. MatLab қандай тіл?

2. MatLab сөзі қандай мағына береді?

3. MatLab ортасына қалай кіреміз?

4. MatLab қандай бөліктерден тұрады?

5. MatLab ортасында қалай сақтаймыз?

2 Дәріс. MatLab тілінде элементарлық функцияларды қолдану

Келесі өрнектің мәнін есептеу керек болсын:

Командалар терезесінде былай жазамыз:

>> exp(-2.5)*log(11.3)0.3-sqrt(sin(2.45*pi)+cos(3.78*pi))/tan(3.3)

Жауабы келесі түрде шығады:

ans=

-8.1934

Бұл жерде өрнектерді енгізу үшін MatLab-тың экспонентті, натуралды логарифмді, квадраттық түбірді және тригонометриялық функцияны есептеу сияқты кірістірілген функциялары қолданылған. Көріп тұрғанымыздай әр функция аргументі функция атынан кейін дөңгелек жақшаға алынып жазылады, ал функция аты кіші әріптермен жазылады. π санын енгізу үшін pi деп жазса жеткілікті, компьютер өзі оны 3.141592 деп қабылдайды.

Егер өрнекте = белгісі болмаса, яғни ешқандай айнымалыға меншіктелмесе, онда нәтиже аns айнымалысына теңестіріледі.

Ал, егер осы өрнекті қандай да бір айнымалыға меншіктесек, онда нәтиже де сол айнымалының мәні ретінде есептеледі. Мысалы:

>>у=exp(-2.5)*log(11.3)0.3-sqrt(sin(2.45*pi)+cos(3.78*pi))/tan(3.3)

Жауабы келесі түрде шығады:

у=

-8.1934

Арифметикалық операциялар MatLab-та басқа да программалау тіліндегідей ретпен орындалады:

  • дәрежелеу - ^;

  • көбейту және бөлу - *; /;

  • қосу және азайту - +; -.

Ал, осы ретті өзгерту үшін дөңгелек жақша қолданылады.

Егер жоғарыда жазылған өрнекке өзгерту енгізгіміз келсе, мысалы келесі түрде:

онда алдыңғы өрнекті қайта жазып қажеті жоқ, , «↓» таңбаларын бассақ, жеткілікті. Сол кезде жазған өрнектер рет-ретімен шығады.

Біздің есебімізде таңбасын «↑» бассақ сол өрнек командалар қатарына жазылады, тек бізге азайтуды қосуға, түбірді квадратқа ауыстырсақ болды. Ол келесі түрде жазылады:

>> у=exp(-2.5)*log(11.3)0.3+(sin(2.45*pi)+cos(3.78*pi)/tan(3.3))^2

Жауабы келесі түрде шығады:

у=

121.1972

MatLab ортасында 2.1 суреттегідей болады: