Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксіби аза тілінен билет сратары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
48 Кб
Скачать
☆

69. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.

Қоғамның саяси ұйымдастырылуы ішкі және сыртқы саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, әлеуметтік таптардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды.

Қоғамның саяси ұйымдастырылуының маңызды субъектілері ретінде мемлекет және саяси партиялар, қоғамдық одақтар, діни бірлестіктер және саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық бірлестіктер қарастырылады.

Мемлекет қоғамның саяси ұйымдастырылуында шешуші, басқарушы орын алады. Оған келесі себептер дәлел:

  • мемлекет халықтың бірден-бір өкілі болып саналады;

  • мемлекет мемлекеттік егемендікті алып жүруші болып табылады;

  • мемлекеттік аппаратқа иелік етеді;

  • құқық шығаруға монополиясы бар;

  • өндіріске, жерге және тағы басқаларға негізгі иегер болып табылады.

Мемлекет қоғамдағы тыныштықтың кепілі және әр түрлі партиялардың, топтардың, кластардың және басқалардың бәсекелестігіндегі арбитр болып табылады. Мемлекетте саяси кеңістіктің нақты шекаралары бар. Оның географиялық шектері болып билігі жүретін аймақ және мемлекеттің барлық мүшелерін қамтитын заңдық ореол табылады.

70. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.

71. Берілген сөздердің антонимдерін жазыңыз. Сөйлем құраңыз: үлкен, биік, ұзын, кәрі, күн, кең, суық.

72. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар көп. Соның бірі – күштеу теориясы. Күштеу теориясы мемлекеттің пайда болуын сыртқы (басқыншылық соғыстар) және ішкі (біреуді екіншінің экономикалық-саяси билеуі) күштеудің әсерінен деп көрсетеді. Мемлекет құл болған халықты өзіне бағындырып, оларды билеу үшін қалыптасады. Күштеу теориясын жақтаушылар – Ежелгі Қытай мемлекеттің мемлекет қайраткері Шан Ян («Книга правителя области Шан»), неміс философы Евгений Дюринг («Ценность жизни»), австралиялық социолог Людвиг Гумплович («Общее учение о государстве»), Герман социал-демократы Карл Каутский («Развитие форм государства»).

Мемлекеттің пайда болуы туралы тағы бір теория – теологиялық теория. Теологиялық теория – құдайдың еркі арқылы мемлекет пен мемлекеттік билік мәңгілік болған деп қарастырады. Бұл теория бойынша барлық әлемді, соның ішінде мемлекетті жаратушы – Құдай. Осы құдай халыққа лайық билеуші жібереді. Мемлекеттік билік құдай сәулесін алады және осы билікке қарсы бағатталған іс-әрекет құдай еркіне қарсылық деп саналады. Теологиялық (діни) теорияны христиандық діншілдер Аврелий Августин («О граде божием») және Фома Аквинский («О правлении государей»), Жак Маритен ұстаған.

73. Ұлттық ақша.

74. Берілген сөздерді тәуелдеңіз. Сөйлем құраңыз: республика, университет, мамандық, адвокат, оқытушы.

75. Мәтіннің қысқаша мазмұнын баяндап беріңіз.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі функциялары келесілер: қоғам дамуының саяси мақсаттарын анықтау, қоғамдық саяси қызмет тәртібін реттеу, саяси тәртіпті заңды деп тану және т.б.

Қоғамның саяси жүйесінің құрамына келесі негізгі компоненттер енеді: қоғамның саяси ұйымы, саяси нормалар, саяси идеология, саяси қарым-қатынастар, саяси қызмет.

Саяси қызмет – бұл қоғамдағы саяси биліктің іске асуын, өзгеруін және қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс-әрекеті.

Саяси нормалар – бұл қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін тәртіп ережелері.

Саяси сана-сезім – бұл қоғам мүшелерінің қызметін және қатынастарын реттеуге қолданылатын саяси құндылықтар, ойлар, сенімдер.

Саяси қарым-қатынастар – бұл қоғамның саяси өмірінде пайда болған қарым-қатынастар.

76. Біздің Республика.

77. Берілген сөздерді барыс септігіне қойыңыз. Сөйлем құраңыз: бөлме, жатақхана, кітап алу, Өскемен, өлең айту.