- •2.Механиканың негізгі ұғымдары:радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
- •3.Механиканың негізгі ұғымдары: жылдамдық, орташа жəне лездік жылдамдық.
- •4. Материалық нүктенің қозғалыс теңдеуі: бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс.Жылдамдықтарды қосудың классикалық заңы.
- •6. Үдеу.Үдеудің нормал жəне тангенциал құраушылары. Толық үдеу.
- •7. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық жəне үдеу.
- •8. Айналмалы қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық жəне бұрыштық үдеу.
- •9. Механикадағы күштер: ауырлық күші жəне дененің салмағы.
- •13.Ньютонның заңдары.
- •15. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер формуласы.
- •17.Механикалық жұмыс және қуат
- •20.Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі.
- •22.Механикалық тербелістер. Математикалық маятник.
- •23.Серіппелі маятник.Физикалық маятник.
- •25. Еріксіз тербелістер, амплитудасы жəне тербеліс фазасы. Механиканикалық
- •26. Толқындар. Толқынның түрлері. Толқындардың негізгі сипаттамалары. Допплер эффектісі
- •32.Iшкi энергия. Термодинамикалық жұмыс және Жылу мөлшерi
- •33.Термодинамиканың бірінші бастамасы
- •34.Изопроцесстер және олардың графиктері
- •35. Идеал газдың жылусыйымдылығы.
- •36. .Пайдалы әсер коеффициенті.Термодинамиканың екінші бастамасы.
- •37. Тасымал құбылыстары.Жылу өткізгіштік.
- •38.Нақты(реал) газдар.Ван-дер-Валльс теңдеуі.
- •40.Электр заряды.Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы.Электр өрісі.
- •45. Джоуль-Ленц заңы. Тоқтың жұмысы мен қуаты
- •46. Металдардағы электр тоғы.
- •47. . Электролиттердегі электр тогы. Фарадейдің электролиз заңы.
- •48. Газдардағы жəне плазмадағы электр тоғы. Плазма туралы түсінік.
- •49. Тізбектің тармақталуы Кирхгоф заңы.
- •52.Электромагниттік индукция. Өздік индукция құбылысы. Индуктивтік. Өзара индукция.
- •63.Абсолют қара дененің сəуле шығару заңдары.
- •64.Фотоэлектрлік эффект. Комптон эффектісі
- •66. Резерфорд тәжірибесі
- •67. Ядролық Күштер
- •68. Табиғи және жасанды радиоактивтік. Радиоактивтік ыдырау заңы
- •70. Ядролық реакциялар
64.Фотоэлектрлік эффект. Комптон эффектісі
Жарықтың затқа еткен әсері білінетін кұбылыстардың бірі - фотозлектрлік эффект (кыскаша фотоэффект) болады. Фотоэффект деп түскен жарық ықпалынан заттан электрондар бөініп шығу құбылысы айтылады. Бұл қүбылысты алғаш неміс физигі Герц (1887 ж.) байқаған. Ол электромагниттік толқындар алу үшін тәжірибелер жасағанда электр ұшкындары пайда болатын вибратор саңылауына ультракүлгін сәулелері мол жарық түсірілгенде электр ұшқындары молайып, электр разряды күшейетіндігін байқаған. Одан соң ағылшын физигі Гальвакс (1888 ж.) теріс зарядталған цинк пластннкаға үльтракүлгін сәулелер түсірілгенде оның заряды кемитіндігін тағайындады.Фотоэлектр құбылысын сол кезде (1888 ж.) белгілі орыс физигі А. Г. Столетовтың толық зерттеген. А. Г. Столетовтың тәжірибесін айта кетейік: ол жер де мыс сетка мен цинк пластинкадан құрастырылған конденсатор батареямен жалғастырулы. Қалыпты жағдайда бұл тізбекпен ток жүрмейтіндігі мәлім. А. Г. Столетов цинк пластинкаға S электр доғадан жарык түсіргенде тізбекпен ток жүретінін байқаған. Зерттей келгенде жарық әсерінен цинк пластинкадан теріс зарядтар бөлініп шығатындығы тағайындалды. Бұл кұбылысты А.Г. Столетов актини - электр құбылысы деп атаған. Қазір бұл құбылыс сыртқы фотоэффект деп аталады.
А.Г. Столетов тәжірибе жасап жарық әсерінен бөлініп шыққан зарядтардың мөлшері пластинканың жарықталынуына, яғни түскен жарық ағынына тура пропорционал екендігін, металл пластинкаға күлгін және ультракүлгін сәулелер түсірілгенде бұл кұбылыс күшейе түсетіндігін тағайындады.
Фотоэлектр құбылысын пайдалану
Фотоэлектр құбылысының ғылыми маңызы зор. Сонымен қатар бұл құбылыстың практикалық маңызы да үлкен. Фотоэффект ашылған соң ғана фотоэлемент деп аталатын қазір ғылым мен техникада қолданылып жүрген арнаулы құрал жасалды.
Фотоэлемент ішінен ауасы шығарылған кішкене шыны баллоннан жасалған; оның ішкі бір бүйіріне жарық сезгіш зат (К) жалатылған, ол фотокатод деп аталады. Фотокатод күмістен, цезийден, калийден, сурьма-цезий қоспасынан т. т. жасалады. Фотоэлементтің спектрдің қандай бөлігіне тән жарық сәулелерін жақсы сезуі оның катодының қандай заттан жасалғанына байланысты. Вакуумдық фотоэлементтің аноды (А) сақина пішінді етіліп жасалады. Фотоэлемент электродтары В батареясы полюстарымен жалғастырылғанда электродтар аралығында электр өрісі қозады, фотокатодқа жарық түсірілсе, тізбекте ток пайда болады. Вакуумдық фотоэлемент сезгіштігі болады. Вакуумдық фотоэлемент қанығу тоғы (іs) әсер еткен монохромат жарық интенсивтігіне тура проиорционал болады.
Көбінесе фотоэлемент баллоны ішіне азын-аулақ бір инертті газ (мысалы, аргон) ендіріледі. Жарық әсерінен босанған фотоэлектрондар сол газдың атомдарымен соғылысады, олар иондалады, жаңа электрондар қосылады. Осының нәтижесінде фотоэлементтен өтетін ток күшейеді. Осындай газ толтырылған фотоэлементтердің сезгіштігі ге жетеді.
Фотоэлемент жасау үшін вентильдік фотоэффект делінетін құбылыс та пайдаланылады. Фотоэффектің бұл түрі кейбір шала өткізгіштерге жарық түскенде байқалады. Мұнда да сыртқы фотоэффектегідей жарықтың әсерінен заттың бетінен электрондар бөлінеді, бірақ ондай фотоэлектрондар сыртқа (вакуумға немесе газ бар кеңістікке) ұшып шықпайды; олар тек бөгеуіш қабат делінетін өте жұқа қабаттан бір беткей ғана өтеді де сол қабаттың үстіне орнатылған металл пластинканы зарядтайды; фотоэлектрондар бөгеуіш қабаттан кері, қарай өте алмайды. Сөйтіп жарық түскенде шала өткізгіш пен металл пластинка (электрод) аралығында потенциалдар айырмасы пайда болады. Осы кұбылыс вентильдік фотоэффект деп аталады. Фотоэффтің осы түріне негізделіп жасалған фотоэлементтер вентильдік фотоэлементтер немесе бөгеуіш қабатты фотоэлементтер делінеді й жарық ықпалынан металдың бетінен бөлініп шығатын теріс зарядтар электрондар екендігі тәжірибеде (1898 ж.) анықталды. Сөйтіп жарық түскен дененің бетінен электрондар бөлініп шығады; мұндай электрондар фотоэлектрондар деп аталады да, олардың ағыны фото электр тогы (қысқаша фототок) делінеді.
Классикалық теория бойынша шашыраған сәулелер мен түскен сәулелердің тербеліс жиіліктері бірдей болуы тиіс. Бірақ шашыраған рентген сәулелерінің спертірін зерттеуден бұл пікірдің кейбір жағдайларда орындалмайтындығы байқалады. Мысалы, атомдардың массалары аздау элемент сол сияқты жеңіл элементтерден құралған заттардан шашыраған қатаңдау рентген сәулелерінің құрамында толқынның ұзындығы бастапқы түскен сәулелердікіндей және толқын ұзындықтары одан гөрі ұзынырақ сәулелердің болатындығы анықталды. Рентген сәулесі шашыраған кезде олардың толқындар ұзындығының өзгеруі Комптон құбылысы немесе Комптон эффектісі деп аталады. Жарықтың корпускулалық қасиетінің айқын болуын бірінші рет 1924ж американ физигі Комптон зерттеді. Шашыраған рентген сәулелерінің спектрінде толқын ұзындығыʎ-ға тең бастапқы сәулемен қатар толқын ұзындығы ʎ´ болатынбасқа сәуленің бар екендігі байқалды. Бұл толқын ұзындықтарының айырмасы Δʎ=ʎ´-ʎ шашыратқыш затқа және бастапқы түскен сәуленің толқынының ұзындығына тәуелді болмай тек сәулелердің шашырау бағытына байланысты болады. Комптон эффектісін классикалық электромагниттік теория арқылы түсіндіру мүмкін емес, оны тек кванттық теория бойынша түсіндіреді. Кванттық теория тұрғысынан рентген сәулелері дегеніміз фотондардың ағыны болып табылады. Комптон өзінің тәжірибесінде пайдаланған фотондар энергиясы 17,5 кэ В рентген сәулелері болды.
65. Атомдық спектрлердегі заңдылықтар. Атом құрылысы..Бор қағидалары
Заттың көптеген физикалық қасиеттері оның дискретті құрылымы жжөніндегі көрініс
негізінде
түсіндіріледі. Осы көріністерге сəйкес
берілген химиялық элементтің ең кіші
бөлшектері – атомдар – бірінен бірі
ешқандай айырмашылығы жоқ жəне бірдей
қасиеттерге ие. Сызықтық спектірдің
əрбір сызығы нақты толқын ұзындық
мəніне ие монохромат жарықтан пайда
болады.Демек, сиретілген газ жарық көзі
ретінде жарық шығарғанда ол барлық
мүмкін болатын жиіліктегі емес, тек
бірнеше
нақты жиіліктегі электромагниттік
толқындарды шығарады. Заттың буы арқылы
ақ жарықты өткізгенде тұтас спектр
бетінде қара сызықтар пайда болады.
Осы қара сызықтар берілген химиялық
элементтің шығару спектрінің пайда
болуы берілген заттың шығару спекрінде
қандай жиіліктер болса, заттың газ
түріндегі күйі тек сондай жиіліктерді
жұтуға қабілетті екендігін көрсетеді.
Сызықтық спектр беретін сəулені төменгі
қысым жағдайындағы атомдық газ, яғни
атомдар бірімен – бірі əлсіз əсерлесетін
жағдайда шығарады. Осындай жағдайларда
электромагниттік сəуле кванттарының
шығарылуы жеке атомдарының ішінде
өтетін рпоцестерінің нəтижесі деп
болжауға болады. Электрон ашылғаннан
кейін атомдардың сəуле шығару жəне
жұту құбылыстары атомдарда электрондардың
болуымен байланыстырылады. Шынында
арық электромагнитті толқындар. Ал
электромагниттік толқындар электр
зарядтарының үдемелі қозғалысы кезінде
шығарылады. Атомдар соқтығысқанда атом
ішіндегі электрон артық энергияны
қабылдап еріксіз гармоникалық тербелістер
жасауға, электромагниттік толқындар
шығаруға болады. Шығарылатын жарықтың
əр түрлі жиіліктеріне сəйкес келеді.
Атом құрылысының теориясы кез – келген
химиялық элемент спетріндегі толқын
ұзындықтарының есептеу жолын беуге
тиіс болады. Атомдардың күрделігінің
тағы бір дəлелі радиоактивтіліктің
ашылуы болады. Радиоактивті заттар
физикалық табиғаты əр түрлі үш сəуле
түрін
шығаратындығын анықталды. Осы сəулелерα −,β −,γ − сəулелер деп аталады. α -сəулелер гелий иондарының ағыны, β − сəулеле - элекрондар ағыны, γ сəулелер – толқын ұзындығы шамамен 10−11 - 10 −13 м болатын электромагниттік толқындар кванттарының ағыны болып шықты.
Аталған ғылыми жаңалықтар зат атомдарының күрделі құрылысын,
құрамдарында оң жəне теріс заряталған бөлшектер дар екендігін дəлелдеді. Осы эксперимент деректері атом құрылысы жөніндегі көріністі – атом модельдерін жасауға негіз болады.
Бор постулаттары. Атом ішіндегі процестерді түсіндіру үшін классикалық электродинамика заңдары жарамсыз болады. Резерфорд моделін бұл қиыншылықтардан алып шығуға көмектескен дат физигі Нильс Бор болды. Ол мынандай үш постулат ұсынды:
1. электрон ядроны айнала қозғалғанда, ол кез келген орбитаның бойымен қозғалмай, тек белгілі бірорбита бойымен қозғалады. Оны стационар орбита деп атайды. Əрбір стационар орбитаға тəн энергияның мəндерін (Е,Е...) болады. Стационар орбитамен қозғалып жүрген электрон жарық шығармайды жəне де
жарық жұтпайды. Бұл стационар күйлердің постулаты деп аталады.
2. электрон бір стационар орбитадан екінші стационар орбитаға өткенде квант энергия шығарады немесе жұтады. Бұл постулат жиіліктер ережесі деп аталады.
-
3.
Мына шарт
орындалғанда электрондардың дөңгелек
траекториялары стационар орбиталарға
сəйкес келеді, мұндағы жəне m,v
- электронның массасы мен жылдамдығы,
h
- Планк тұрақтысы. Бұл посулат орбиталарды
кванттау
ережесі деп
аталады. Сөйтіп, Бор бірінші болып атом
теориясында кванттар идеясын ұсынды.
Яғни атом энергияны үздіксіз шығара
бермейді. Атом энергияны үздік-үздік
(квант түрінде) шығарады немесе жұтады.
