- •1. Аллаһтың бар және бір екендігіне сену
- •Аллаһ Тағаланың сипаттары
- •1) Уужуд (бар болу)
- •2) Қидәм (әуелі, бастауы жоқ)
- •4) Уахданият (жалғыз, бір болу)
- •5) Мухаләфәтун лил-хауадис (кейіннен жаратылған нәрсеге ұқсамау)
- •6) Қиям бинәфсихи (өздігінен бар болу, мұқтаж болмау)
- •Субути сипаттар (тұрақты сипаттар)
- •1) Хаят (тірі болу)
- •3) Сәмиғ (естуші)
- •4) Басир (көруші)
- •5) Ирада (қалаушы)
- •6) Құдірет (құдіреті күшті Жаратушы)
- •7) Кәләм (сөйлеуші)
- •8) Тәкуин (жаратушы)
- •6. Аллаһтың о дүниеде мумин пенделеріне көрінуі
Аллаһ Тағаланың сипаттары
Мұсылман кісі Аллаһқа иман еткен кезде Оның затына тән кәміл сипаттарына сеніп және де нұқсан сипаттардан пәк екендігін де білуі тиіс. Аллаһ Тағаланың бүкіл сипаттарының басы мен соңы жоқ және өзге жандылардың ешбірінің сипатына ұқсамайды. Аллаһтың сипаттары айтылған кезде, бізге ол сипаттарға ұқсастық бар секілді көрінгенімен, ақиқатында ол сипаттарға ешбір ұқсастық жоқ. Себебі, Аллаһ өзін құлдарына танытқанда біздің түсіне алатын қабілетімізге сай түсіндіреді. Мысалы, Аллаһтың көру, есту, білу сипаттары туралы сөз болғанда, ол сипаттардың ұғымы біздің түсінігімізге аса қиындық тудырмайды. Адам санасында бұл сөздердің ұғымы әу бастан қалыптасқандықтан дереу Аллаһтың өзі секілді көре алатындығын, ести алатындығын түсінеді. Бірақ адам жарық дүниені екі көзімен көрсе, Аллаһты көру мына дүниеде біз үшін құпия. Асылында бұл жайында ойланудың өзі қажетсіз іс ескендігі белгілі. Өйткені біз Аллаһты заты тұрғысынан емес, тек есімдері мен сипаттары тұрғысынан ғана танимыз және солай иман етеміз. Біздің шектеулі ақылымыз шексіз құдіреті күшті Аллаһты толық меңгере алмай тек сипаттарымен ғана танығандықтан, иман етумен шектелеміз.
Аллаһ Тағаланың затына тән сипаттарды екіге бөліп қарастыруға болады: зати сипаттар және субути сипаттар. Енді осы сипаттарын ашып, талдап түсіндірейік:
а) Зати сипаттар (Аллаһқа тән сипаттар)
Зати сипаттар дегеніміз - Аллаһтың затымен бірге болып, одан бөле-жарып қаралмайтын сипаттарды айтамыз. Зати сипаттар – Аллаһтың ұлылығын, кәмілдігін, бүкіл нұқсан сипаттардан пәк екендігін білдіреді. Зати сипаттардың төмендегідей алты түрі бар:
1) Уужуд (бар болу)
Уужуд сөзі – бар болу деген мағынаны білдіреді. Яғни, Аллаһ Тағала бар және сол бар болуы да өздігінен, әрі Ол бар болуында ешбір нәрсеге мұқтаж емес. Бар болмау ұғымы Аллаһ Тағала үшін мүмкін емес түсінік. Уужуд (бар болу) Аллаһтың бүкіл сипаттарының негізі болып табылады. Жоғарыдағы Аллаһтың бар екендігіне қатысты дәлелдер мен мысалдарды осы уужуд сипатына жатқызуға әбден болады. Сөзімізді мына аятпен тұжырымдасақ: «Ол Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Ол тірі, әр нәрсені толық басқарып тұр. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктер мен жерлердің барлығы Соныкі...» (2.Бақара-255).
2) Қидәм (әуелі, бастауы жоқ)
Қидәм дегеніміз - бастауы жоқ дегенді білдіреді. Яғни, Жаратушы белгілі бір уақытта пайда болмаған, Ол әу бастан бар. Егер Ол әуелде болмай кейіннен пайда болған болса, онда хадис (кейіннен жаратылған) деген сипатқа ие болған болар еді. Кейіннен пайда болған әрбір нәрсенің бір жаратушысы болады. Ал Жаратушыға тән сипат Оның әуел бастан бар болуы. Аятта бұл жайында былай дейді: «Ол Аллаһ әуелгі әрі соңғы, Ол ашық (дәлелдермен білінеді), әрі ақыл жетпес құпия» (57.Хадид-3).
3) Бәқа (мәңгілік)
Бәқа дегеніміз - соңы жоқ, яғни мәңгілік деген ұғымды білдіреді. Аллаһ Тағала мәңгілік иесі. Әуелгі бастауы болмағанның әлбетте соңы да болмауы заңды. Аллаһтың сипаты үшін ақырғы деген түсінік жоқ. Өзге бүкіл мақлұқаттардың бәрі пәни, қайқайсысының болса да ақыры мен соңы бар. Тек Аллаһ қана әрі әуелден бар және мәңгілік болады. Бұл жайында аяттарда былай деп келтіреді: «Ол Аллаһ әуелгі, әрі соңғы» (57.Хадид-3).
«Аллаһ пен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады» (28.Қасас-88).
«Бүкіл жер бетіндегілер бітеді. Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббың өзі ғана қалады» (55.Рахман, 26-27).
