Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты ОМ 2 курс каз проверенные.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆

137. Иық белдеуінің сүйектері:

а) І-қабырға

+б) бұғана

в) тоқпан жілік

г) қабырға

д) төс

138. Жауырынның буындық ойысы орналасқан жер:

а) акромион

б) жауырынның жоғарғы бұрышы

в) құстұмсықтәрізді өсінді

+г) жауырынның латералді бұрышы

д) қылқанды өсіндісі

139. Бұғанадағы конустәрізді төмпешік пен трапециялық сызықтың орналасқан беті:

а) жоғарғы беті

б) алдыңғы беті

+в) төменгі беті

г) артқы беті

д) бұғананың төстік шеті

140. Тоқпан жіліктің дисталді шетіндегі анатомиялық құрылым:

+а) тәжді шұңқыр

б) кіші төмпешік

в)үлкен төмпешік

г) төмпешік аралық жүлге

д) бізтәрізді өсінді

141. Кәрі жіліктің дисталді шетінде орналасқан анатомиялық құрылым:

а) шынтақ жілік

б) басы

в) мойыны

+г) бізтәрізді өсінді

д) кәрі жілік бұдырмағы

142. Білезіктің проксималді қатарында орналасқан сүйек:

а) бас сүйек

б) асық сүйек

в) ілмектәрізді сүйек

г) текше сүйек

д)+ үшқырлы сүйек

143. Бізтәрізді өсіндісі бар сүйек:

а) тоқпан жілік

+б) шынтақ жілік

в) ортан жілік

г) табан сүйек

д) жауырын

144. Жамбас белдеуінің сүйегі:

а) сегізкөз

б) шынтақ сүйек

в) ортан жілік

г) +жамбас сүйек

д) құйымшақ

145. Ұршық ойысын құрайтын сүйек:

+а) мықын сүйек

б) асықты жіліктің шыбығы

в) асықты жілік

г) сегізкөз

д) ортан жілік

146. Құлақ тәрізді буындық беті бар сүйек:

+а) сегізкөз

б) шонданай сүйек

в) қасаға сүйек

г) ортан жілік

д) самай сүйек

147. Үлкен жамбас пен кіші жамбас аралығындағы шекараға өтеді:

а)+ доға тәрізді сызық бойынша

б) қасаға сүйектің төменгі тармағы

в) қасаға сүйек симфизінің төменгі жиегі бойынша

г) шонданай төмпесі

д) жамбас сүйектердің қырлары бойынша

148. Ортан жіліктің проксималдық шетінде орналасқан анатомиялық құрылым:

а) латералді айдаршықүсті

+б) басы

в) медиалді айдаршықүсті

г) айдаршықаралық шұңқыр

д) анатомиялық мойны

149. Тілерсектің дисталды қатарындағы сүйек:

а) ілмектәрізді сүйек

б) трапеция сүйек

+в) латералді сынатәрізді сүйек

г) жартыай тәрізді сүйек

д) өкше сүйек

150. Мисауыттың сүйегі:

+а) маңдай сүйек

б) көзжас сүйек

в) таңдай сүйек

г) кеңсірік

д) мұрын сүйек

151. Бассүйек күмбезін құрайтын анатомиялық құрылымдар:

+а) самай сүйек қабыршағы

б) көзжас сүйек

в) таңдай сүйек

г) кеңсірік

д) бетсүйек

152. Маңдай сүйектің бөліктері:

+а) қабыршағы

б) денесі

в) көзжастық бөлігі

г) латералдық бөлігі

д) самайлық бөлігі

153. Маңдай сүйек қабыршағының сыртқы бетінде орналасқан анатомиялық құрылым:

а) +самайлық сызық

б) маңдайлық қыр

в) торлық тілік

г) көзұяастылық тесік

д) әтеш айдары

154. Сынатәрізді сүйек денесінің беті:

а) мұрындық беті

б) көзұялық беті

в) самайлық беті

г) таңдайлық беті

д)+ жоғарғы беті

155. Шүйде сүйектің бөліктері:

+а) негіздік (базилярлы бөлік)

б) денесі

в) жоғарғы бөлік

г) қанаттәрізді бөлік

д) төменгі бөлік

156. Самай сүйек пирамидасының алдыңғы бетіндегі анатомиялық құрылым:

а) бұлшықет-түтіктік өзек

б) мойындырық шұңқыры

в) тасты шұңқырша

+г) доғатәрізді томпақ

д) ішкі есту тесігі

157. Самай сүйек пирамидасының артқы бетіндегі анатомиялық құрылым:

а) үшкіл батыңқысы

б) көлденең қойнау жүлгесі

+в) ішкі есту тесігі

г) дабыл қуысының төбесі

д) доғатәрізді томпақ

158. Самай сүйек пирамидасының төменгі бетіндегі анатомиялық құрылым:

а) доғаасты шұңқыры

б) есту түтігінің тесігі

+в) ұйқы өзегінің сыртқы тесігі

г) сопақша тесік

д) үшкіл нерв батыңқысы

159. Самай сүйегінің өсінділері:

+а) бізтәрізді өсінді

б) қылқанды өсінді

в) маңдайлық өсінді

г) көлденең өсінді

д) тәждік өсінді

160. Бет өзегінің шығатын тесігі:

а) үлкен тастық нерв жүлгесі

б) доғаасты шұңқыры

в) ішкі есту өтісінің қабырғасы

+г) біз-емізіктәрізді тесік

д) сыртқы есту өтісі

161. Торлы сүйектің бөлігі:

а) денесі

б) таңдайлық табақша

в) жарғақты лабиринт

г) сыртқы табақша

д)+ перпендикулярлы табақша

162. Торлы сүйектің өсіндісі:

а) желбезек

+б) жоғарғы мұрын қалқаны

в) таңдайлық қалқан

г) төменгі мұрын қалқаны

д) медиалді мұрын қалқаны

163. Жоғарғы жақсүйек өсіндісі:

а) қанаттәрізді өсінді

б) самайлық өсінді

в) бізтәрізді өсінді

г) тәждік өсінді

д)+ таңдайлық өсінді

164. Жоғарғы жақсүйек қойнауының саңылауы ашылады:

а) жоғарғы мұрын жолына

б) қанат-таңдай шұңқырына

в) төменгі мұрын жолына

+г) ортаңғы мұрын жолына

д) хоаналарға

165. Төменгі жақсүйектің тармағындағы анатомиялық құрылым:

а) иек қылқаны

+б) тәждік өсінді

в)бізтәрізді өсінді

г) бұдырлы сызық

д) қосқарыншалы шұңқыр

166. Алдыңғы бассүйек шұңқырын құруға қатысатын сүйектер:

а) көзжас сүйегі

+б) маңдай сүйек

в) шеке сүйектері

г) кеңсерік

д) шүйде сүйек

167. Ортаңғы бассүйек шұңқырын құруға қатысатын сүйектер:

а) маңдай сүйек

б) шүйде сүйек

+в) сынатәрізді сүйек

г) тор сүйек

д) шеке сүйек

168. Артқы бассүйек шұңқырын құруға қатысатын сүйектер:

а) жоғарғы жақсүйек

б) бетсүйек

в) сынатәрізді сүйек

+г) шүйде сүйек

д) мұрын сүйек

169. Мойындырық тесігін шектеуге қатысатын сүйек:

а) сынатәрізді сүйек

б) тор сүйек

в) +самай сүйек

г) шеке сүйек

д) маңдай сүйек

170. Ортаңғы бассүйек шұңқырына ашылатын тесік:

а) төменгі көзұя саңылауы

б) мойындырық тесігі

+в) сопақ тесік

г) бет өзегі

д) үлкен тесік

171. Қанат-таңдай шұңқырын құрауға қатысатын сүйек:

+а) таңдай сүйек

б) маңдай сүйек

в) бетсүйек

г) шеке сүйегі

д) төменгі жақсүйек

172. Қанат-таңдай шұңқыры дөңгелек тесік арқылы байланысады:

а) мұрын қуысымен

+б) ортаңғы бассүйек шұңқырымен

в) қос қарыншалы шұңқырмен

г) көзұямен

д) алдыңғы бассүйек шұңқырымен

173. Маңдай қойнауы ашылатын анатомиялық құрылым:

+а) ортаңғы мұрын жолы

б) жоғарғы мұрын жолы

в) алдыңғы бассүйек шұңқыры

г) көзұя

д) төменгі мұрын жолы

174. Қанат-таңдай шұңқырын көзұямен байланыстыратын тесік:

+а) төменгі көзұя саңылауы

б) жоғарғы көзұя саңылауы

в) қанат-жоғарғы жақсүйек саңылауы

г) қанат-таңдай тесігі

д) дөңгелек тесік

175. Қанат-таңдай шұңқырын мұрын қуысымен байланыстыратын тесік:

а) сопақ тесік

+б) сына-таңдай тесігі

в) қанаттәрізді өзек

г) қанат-жоғарғы жақсүйек саңылауы

д) төменгі көзұя саңылауы

176. Көзұяның медиалді қабырғасын түзуге қатысатын сүйек:

а) бетсүйек

+б) торлы сүйек

в) төменгі жақсүйек

г) жоғарғы жақсүйек

д) таңдай сүйек

177. Мұрынның сүйекті қалқасын түзуге қатысатын сүйек:

а) мұрын сүйек

б) маңдай

в) көзжас сүйек

+г) торлы сүйектің перпендикулярлы табақшасы

д) жоғарғы жақсүйек

178. Ортаңғы мұрын жолына ашылатын тесіктер:

а) мойындырық тесігі

+б) торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары

в) мұрын-көзжас өзегі

г) дөңгелек тесік

д) сынатәрізді қойнаудың тесігі

179. Омыртқада бар:

а) құстұмсықтәрізді өсінді

+б) қылқанды өсінді

в) тәждік өсінді

г) бет сүйектік өсінді

д) ұяшықтық өсінділер

180. Сегізкөздің құлақтәрізді буындық беті орналасқан:

а) дорсалді бетінде

+б) латералді бөлігінде

в) сегізкөздің негізінде

г) сегізкөздің ұшында

д) жамбастық бетінде

181. Қабырғада бар:

+а) денесі

б) құйрығы

в) аяқшасы

г) доғасы

д)өсіндісі

182. Жауырынға жатады:

а) қылқанды өсінді

б) тәждік өсінді

в) бетсүйектік өсінді

г) ұяшықтық өсінді

д)+ құстұмсықтәрізді өсінді

183. Шынтақ жіліктің проксималдық шетіндегі құрылым:

а) басы

+б) шынтақтық өсінді

в) шығыршық өсіндісі

г) сынатәрізді өсіндісі

д) басы

184. Ортан жіліктің проксималдық шетіндегі құрылым:

а) латералді айдаршықүсті

+б) басы

в) медиалді айдаршықүсті

г) айдаршықаралық шұңқыр

д) сынатәрізді өсінді

185. Бассүйектің милық бөлігін (мисауытты) түзетін сүйек:

а) мұрын сүйек

+б) сынатәрізді сүйек

в) таңдай сүйек

г) көзжас сүйек

д) буынүстілік төмпешік

186. Самай сүйектің пирамидасы арқылы өтетін өзек:

а) көру өзегі

+б) бет өзегі

в) айдаршық өзегі

г) тіластылық өзек

д) қанаттәрізді өзек

187. Ортаңғы мұрын жолына ашылатын анатомиялық құрылымдар

+а) жоғарғы жақсүйек қойнауы

б) тор сүйектің артқы ұяшықтары

в) мұрын-көзжас өзегі

г) сынатәрізді қойнау

д) қанат-таңдай өзегі